400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Термодинамикалық параметрлер. Температура және оны өлшеу тәсілдері 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға макроскопиялық денелер, температура, температуралық шамалар туралы түсінік беру. Температура және оны өлшеу тәсілдерін молекулалардың қозғалысының температураға тәуелділігін анықтай білуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ

Мұғалімнің есімі:

Күні:


Сынып:

10 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны



Сабақ тақырыбы:

Термодинамикалық параметрлер. Температура және оны өлшеу тәсілдері

Сабақ негізделген оқу

мақсаты(мақсаттары)

Оқушыларға макроскопиялық денелер, температура, температуралық шамалар туралы түсінік беру. Температура және оны өлшеу тәсілдерін молекулалардың қозғалысының температураға тәуелділігін анықтай білуге үйрету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Термодинамикалық параметрлер, температураны өлшеу тәсілдерін түсінеді, формулаларды есептер шығаруда қолдана біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындайды, белсенділік танытады

Кейбір оқушылар: күрделі тапсырмаларды орындайды

Тілдік мақсат:


Негізгі сөздер мен тіркестер: Масса,мольдік масса, температура, көлем, қысым және олардың өлшем бірліктері,

Күтілетін нәтиже

Термодинамикалық параметрлер қысым, көлем, температура туралы мағлұмат алады.

-Термодинамикалық шамалардың физикалық мағынасын ажырата біледі;

-Температура және оны өлшеу тәсілдерін, молекула қозғалысының температураға тәуелділігін түсінеді;

-Пікірін айта алады, ойы толығады

Әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, «Кезбе тілші» әдісі, .«Сен маған, мен саған» әдісі, Сәйкестендіру тесті, тест жұмысы

Ресурстар

Флипчарт, слайд

Құндылықтарды дамыту

Өз бетімен ғылыми ой қорытынды жасай білуге дағдыландыру. Оқушының білімге құштарлығын, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өзара бағалау бойынша өзгенің көзқарасына құрметпен қарау құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, химия, математика

Алдыңғы оқу

Молекулалардың өзара әрекеттесу күші




ЖОСПАР

Жоспарланған

кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті . Жоспарланған жаттығулар.

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту

І.Ұйымдастыру сәлемдесу,түгендеу

Психологиялық ахуал орнату

Топқа бөлу. Түрлі түсті қағаз қиындылары арқылы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Екі топ бір біріне сұрақ қою арқылы)

1.«Сен маған, мен саған» әдісі арқылы

-Диффузия құбылысы дегеніміз не?

-Броундық қозғалыстың анықтамасы қандай?

-Молекулалар арасында қандай күштер әрекет етеді және олардың сипаты қандай?

-Заттың газ күйінің МКТ негізіндегі сипаттамасын беріңдер?

-Заттың сұйық күйіндегі МКТ негізіндегі сипаттамасын беріңдер?

-Заттың қатты күйіндегі фазасына сипаттама беріңдер?

Осы сұрақтар арқылы өтілген тақырыптар бойынша білімдерін еске түсіреді.

2.Есеп шығару

І-топ.Мольдік массасы 4,4*10-2кг/моль, мөлшері 500 моль көмірқышқыл газының массасы неге тең?

ІІ-топ. Массасы 6кг мыс кесекте қанша зат мөлшері бар? Мыстың мольдік массасы 64г/моль.

(Тақтада тұрады)

Бағалау критерийі:

-Есеп шартының дұрыс жазылуы 1

-Өлшем бірліктерінің ескерілуі 1

-Формуланы дұрыс пайдалана алуы 1

-Есеп шешімінің дұрыстығы 1

3.Жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Сәйкестендіру тесті» толтыру


р/с

Физикалық шамалар

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

1

Зат мөлшері

ν

1моль

2

Заттың мольдік массасы

M

кг/моль

3

Молекула саны

N

-

4

Молекулалар концентрациясы

n

-

5

Молекулалар массасы

m

кг

6

Көлем

V

м3


5-6 дұрыс болса -5ұпай

4 дұрыс болса 4 ұпай

3 дұрыс болса 3ұпай

1-2 дұрыс болса 2ұпай

Оқушылар топқа бөлініп топ басшысын сайлайды, бағалау парақшалары арқылы мүшелерін бағалап отырады. Үй тапсырмасына жауап береді







Екі топтағы оқушылар топтасып есептерді шығарып, бағалау критерийіне сәйкес есептерін алмастырып тексереді




Үлестірмелерге белгілейді





3минут



3минут












6минут











5минут




















Мағынаны ашу

5минут













12минут

Бозқараған, көрдіңбе бозқараған,

Сирен исі аңқиды боз даладан

Бозқараған далада жаппай өскен,

Соның аты біздіңше «Бозқараған»

Осы өлең шумақтарынан біздің тақырыбымызға қатысты қандай физикалық құбылысты байқаймыз? Осы диффузия сөзін үш тілде айта аламызба?

Диффузия-diffusion (ди,фюжән)

Мұғалім кіріспе сөзі

Термодинамикалық параметрлер қысым, көлем және температураны үш тілде айта аламызба?

Қысым-давление-pressure (прешә)

Көлем-обьем-volume (волюм)

Температура-temperature (темпричә)


2топқа жаңа тақырыпқа байланысты тапсырмалар беріледі.

Ітоп. Температура. Термометрлер және температуралық шкалалар

ІІ топ. Абсолют температуралар шкаласы. Температура және молекулалардың қозғалысы.

(Постер қорғау)

Топ басшысы жоғарғы ұпай 5балдық жүйе бойынша бағалайды









Сабақты өз бетінше оқуға, талдауға мүмкіндік алады.



Оқулықтағы жаңа мәтінмен танысады, берілген тапсырмаға байланысты өз ойларын ашық жеткізу үшін жұмыс атқарады. Постер жасайды, қорғайды

Ой толғаныс

3минут

Жаңа сабақты тест сұрақтары арқылы бекіту

1.Дене мен температураны өлшейтін аспапты қалай атайды?

А.Термометр Ә. Вольтметр Б. Динамометр

2. Жылулық тепе-теңдікте болатын кез-келген екі физикалық дененің қандай физикалық параметрі бірдей болады?

А.Көлем Ә.Температура Б.Қысым

3.Термометрлердің негізгі неше түрлері бар?

А.2 Ә.3 Б.4

4.Абсолют температура шкаласын тұңғыш жасаған физик?

А.Томсон Уилям Ә. Реомюр Б.Фаренгейт

5. Абсолют температура шкаласын қай жылы енгізген?

А.1742ж Ә.1848ж Б.1730ж

6.Термодинамикалық процесс дегеніміз не?

А. Қандай да бір термопараметрдің өзгеру құбылысы немесе жүйенің бір күйден екінші күйге өтуі

Ә. Денелердің температурасымен өлшеуге пайдаланатын заттардағы термометрлік денелер

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 қараша
950
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі