жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Тік белдемшенің алдыңғы және артқы бөліктерін пішу
Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледж
|
«Келісемін» Колледжі әдіскері ______О.А.Жалғасова «___»__________ 2021ж |
|
«Бекітемін» Директордын оқу ісі жөніндегі орынбасары ___________Б.Р.Таңқыбаева «___»__________ 2021 ж |
АШЫҚ САБАҚ

Пән аты: КМ 08-2 Өндірістік оқыту
Сабақ тақырыбы: Тік белдемшенің алдыңғы және артқы бөліктерін пішу
Оқу тобы: Т-19-9/2
Өткізілген күні: 24.02.2021 ж.
«Техникалық пәндер» ЦӘК өндірістік оқыту шебері: __________ Бекетова М.М.
«Техникалық пәндер» ЦӘК қаралды.
Хаттама «_____» ______2021 ж.
ЦӘК жетекшісі____________ А.Ө.Шалқарбаев
Қызылорда, 2021 жыл
«КМ 08-2 Өндірістік оқыту» пәнінен ашық сабақ жоспары
Сабақтың өткізілетін күні: 24.02.2021 ж.
Оқу тобы: Т-19-9/2
Сабақтың тақырыбы: Тік белдемшенің алдыңғы және артқы бөліктерін пішу
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік
мақсаты: оқушыларға тік белдемшені құрастыру, пішу
барысында өндірістік дағдыларын
қалыптастыру.
б) ой-өрісін дамыту
мақсаты: оқушылардыңтеориялық білімдерін іс
жүзінде пайдалана білуге, алған білімдері арқылы өз бетінше жұмыс
істеугеүйрету, шығармашылық қабілеттерін,
логикалық ойлауын дамыту, қорытынды жасау арқылы ойын
жаттықтыру.
в) тәрбиелеу мақсаты: оқушыларға белдемшені өңдеу жолдарын көрсету арқылы эстетикалық тәрбие беру, ұжымдылыққа, ұқыптылыққа баулу, білімін, ой-өрісін, пікірін сабақ барысында жан-жақты қалыптастыру.
Сабақтың түрі: тәжірибелік
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндірмелі-иллюстративті, ой қозғау, сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі және техникалық жабдықталуы: интерактивті тақта, нұсқау карталар, слайд, үлгілер, маталар, тігін машинасы, ине-жіп, қайшы, сантиметрлік таспа.
Пәнаралық байланыс: «Тігін өндірісінің технологиясы», «Киімді құрастыру», «Тігін бұйымдарына арналған материалдар».
Сабақтың жоспары:
-
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
-
Кіріспе нұсқау. Жаңа білімді игеру (10минут)
-
Ағымдағы нұсқау. Тәжірибелік жұмыс (25 минут)
-
Қорытынды нұсқау(2 минут)
-
Үйге тапсырма беру (1 минут)
Сабақтың өткізілу барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі(2 минут)
1. Оқушылармен амандасу.
2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Кіріспе нұсқауы. Жаңа тақырыпты түсіндіру(10минут)
Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа бейімдеу:
-
Қолдану әдісіне байланысты барлық киімдер белдік және иықтық болып жіктеледі.
-
Иықтық деп иыққа бекітілетін, ал белдік деп белге бекітілетін киімдерді айтады.
-
Белдік киімдердің негізгі тобын белдемшелер құрайды.
Белдемшелер – әйелдер гардеробының негізгі бөлігі. Белдемше пішіні заманына, сән бағытына байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ үнемі сұранысқа ие. Белдемше костюмнің бөлігі және жеке бұйым болып та табылады немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Әдемілік, қарапайымдылық және қолайлылық – белдемшеге қойылатын талаптар. Белдемше формасы ғасырлар бойы өзгеріп отырды.
Тарихи анықтама
Киімдердің ең көне элементтерінің бірі белдік болатын. Белдікке тартылған терілер, жапырақтар, маталар алғашқы белдемшенің түпнұсқалары еді.Негізінен адамдар киімді әйел адамның, ер адамның киімі деп бөлуді білмеген. Ежелгі Греция мен ежелгі Римде белдемше ер адамның киімінің бірі болған. Оның ұзындығы лауазымына байланысты болып келген, яғни жастардың киіміне қарағанда елеулі азаматтардың киімі ұзынырақ екен. Белдемшенің ұзын-қысқасынан - әлеуметтік мәртебесін байқауға болады. Ал әйел адамда белдемше болмаған, олардың киімдері жамылғы, туника болып келген.
Тек ХV ғасырда готикалық белдемше кеудеше мен белдемшеге бөлінді.

ХVІ ғасырда Испанияда бай әйелдер көлемді, қабат-қабат бірнеше белдемшеден тұратын киімдерді кие бастады. Бұл белдемшенің бір кемшілігі салмағы ауыр болды, сондықтан белдіктерге бекітілген бірнеше металдардан жасалған құрсауды (обруч) ойлап тапты.
Италия мен Францияда белдемше жеңілдеу, аз қабаттан тұрды. Мықын тұстарына арнайы мақта жастықшаларын қойды.
ХІХ ғасырдың аяғында белдемше еркін, қолайлы, күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымына айналды.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары британ Мэри Куант «мини» белдемшені сәнге кіргізді. Британ империясы Мэри Куанттың қысқа белдемшесін қабылдап орден берді және экспортқа шығаруға рұқсат берді. Бұдан кейін «макси» белдемше пайда болды, бұл үлгі сәнде көп тұрақтамады.

Қ
азіргі кезде ұзындығына байланысты белдемшелер «mini»
(өте қысқа), «midi» (орташа), «maxi» (тым ұзын) деп
бөлінеді

Конструкциясы бойынша белдемшелер:
-
Тік
-
Қиықты
-
Конус тәрізді
Тік белдемшелер силуэтіне байланысты: тік, етегі тарылған және кеңейтілген.
Тік белдемшелер: екі бөлшектен тұрады: алдыңғы және артқы бойлардан. Тік белдемше фигураны тығыз қынап тұрады, ол тілікті, қатпарлы, жиырылған, иінішті, қалталы т.с.с. болуы мүмкін. Тік белдемшені моделдеу арқылы сан алуан белдемше түрлерін шығаруға болады.
Кіріспе нұсқаудың жаңа материалы бойынша білімдерін пысықтау:


ІІІ. Ағымдағы нұсқау. Тәжірибелік жұмыс.(25 минут)
Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында еңбек дағдыларын көрсету:
Тік белдемшенің сызбасын құрастырып, пішіп көрсету.
-
Тік белдемшені құрастыруға қажетті өлшемдер:
Ж
Абел – Жартылай бел
айналымы.
Т
аспа
бел сызығын айналдыра өтіп көлденең өлшенеді. Өлшемнің жартысы
жазылады.
ЖАмық – Жартылай мықын айналымы.
Мықынды айналдыра іштің шығынқы тұсын ескере отырып өлшенеді. Өлшемнің жартысы жазылады.

Ұб - Бұйым ұзындығы.
Артқы бойдың бел сызығынан төмен қарай қажетті үзындыққа дейін түсіріледі. Өлшем белдемшенің ұзындығын анықтау үшін қолданылады .
Өлшем алу ережелері:
Өлшемдер дәл алу үшін өлшеу техникасын әдістемесін нақты сақтау керек.
Өлшем алу ережелері:
-
Өлшем дененін оң жағынан алынады.
-
Өлшемді бірінші айналым алынады, сонан соң ұзындығы.
-
Өлшеніп тұрған адам тапсырыс кезінде түзу тұру керек.
-
Өлшемді жеңіл көйлектің үстінен жүргізіледі.
-
Бел сызығынан айналымдарды баумен айналдырады.
-
Өлшем алған кезде сантиметрлік таспаны тартпай бос ұстау керек.
-
Өлшемдерді дәл антропометриялық нүктесі арқылы өлшеу керек.
2. Тік белдемше құрастыру
1.Бұйым ұзындығы:↓ТН = Диз
2.Мықын сызығы: ↓ТБ = 18 ÷ 20 типтік денеге
3.Мықын сызығының ені: ББ1 = Сб
4.Бүйір қиығы: ББ2 = Сб /2
5.Бел сызығының орналасуы: ТТ3 = Т1Т4 = Ст/2 + ( бүкпенің ені 2,5 ÷3)
6. Артқы бойдағы бүкпе осінің орналасуы: ТТ6 = 8 немесе 9см , бүкпе ені осьтен симметриялы оңға және солға қалдырылады.
7. Алдыңғы бойдағы бүкпе осінің орналасуы: Т1 Т5 = 9-10см
8. Алдыңғы бойдағы бүкпе ұзындығы: ↓Т6В = 10-11см
9. Артқы бойдағы бүкпе ұзындығы: ↓Т5 В = 9-10см
10. Бел сызығы бойынша көтерілуі: Т3Т3' = Т4Т4' = 1см
11. Бел сызығы бойынша төмен түсуі: ↓ТТ' = ↓ Т1 Т1 ' =1cм
Ескерту: Бүкпенің ені
Типтік өлшем -2,5см
Жіңішке бел -3см
Айқындалмаған – 2см

3. Матаны пішуге дайындау.
Ылғалды-жылулық өңдеу (үтіктеу) кезінде, жуу процесінде кейбір маталар апшуға бейім болады. Бұған жол бермеу үшін матаны пішу алдында декатирлеу керек.
- матаның оң жағын анықтау (мата әдетте орамға екі есе бүктелген. Жүн маталары алдыңғы жағынан ішке, ал жібек маталары сыртқа бүктелген. Матаның шетінде пункциялар матаның алдыңғы жағына бағытталған. Барлық тоқу ақаулары әдетте матаның дұрыс емес жағына шығарылады
- матаның ақауларын тексеру (матаның алдыңғы бетінде: бөгде талшықтар, жіптердің қысқа қалыңдауы, бір немесе бірнеше негіз жіптерінің болмауы, әр түрлі болуы тиіс). Матаның түсінде ақаулар болмауы керек. Табылған барлық ақауларды матаның дұрыс емес жағында сабынмен немесе бормен белгілеңіз. Пішу кезінде оларға назар аударыңыз.
- суреттің бағытын анықтау (егер сурет бір бағытта бағытталған болса, онда үлгіні салып, өнімнің бөліктерін бір бағытта кесу керек.
Егер мата тегіс болса, онда бір жақты өрнек болмаса, онда үлгі бөлшектерін әртүрлі бағытта орналастыруға болады, бірақ негіз жіптерінің бағыты міндетті түрде ескеріледі.
4. Матаны пішу
1. Мата екіге бүктеліп, беткі жағы ішке, жиектерін сәйкестіріңіз. Пішу кезінде матаның жылжып кетпеуі үшін оны бөліктердің контурының ішіне түйреуіштермен қадауға болады.
2. Алдымен матаға үлкен бөлшектерді (алдыңғы бөлік, артқы бөлік), содан кейін ұсақ бөлшектерді (манжеттер, жағалар, белбеу және т.б.) жайыңыз.
3. Матаның бүктемесіне үлгіге берілген бөлшектерді жарты мөлшерде орналастырыңыз.
4. Алдымен ұзын сызықтарды, содан кейін қысқа және сопақша сызықтарды сызыңыз. Сызықтар тегіс болуы керек. Сызықтарды дәл сызу үшін сызғыштар мен арнайы лекало сызғыштарын қолдануға болады.
5. Сусымалы, тайғақ маталар (жібек, шифон және т.б.) пішу кезінде бұралуы мүмкін. Оларды түйреуіштермен кесуді ұмытпаңыз.
6. Бөлшектердің контурын жапқаннан кейін, матаның ортаңғы сызықтарының, жартылай сызықтардың, бірінші ілмектің, қалталардың, ойықтардың, қатпарлардың орналасуын белгілеңіз. Бөлшектерді жапқаннан кейін, тігістерге қосымша беріңіз.

Лекалоны матаға орналастыру
ІV.Қорытынды нұсқау.(2 минут)
Бүгінгі сабақты біз белдемшелердің шығу тарихымен танысып, тік белдемшені құрастыруды және пішуді игердік.
V. Үйге тапсырма беру.(1 минут)
Тік белдемшені құрастыру және пішу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
-
К.Кучарбаева ,Т.Амреева, Г.Чмекеева. «Киім пішу мен тігу». 2010ж. – 80б.
-
Ғалиева Н., Вовченко Л., Жұмағалиева К., Шмидт Н., Жиналеева Д. Тігіншіліерді өндірістік оқыту. 2010ж. – 104б.
-
Т.Сүлейменова . Бұйымның түйіндік өңделуі. 2009ж. -224б.
Қосымша әдебиеттер:
-
А.Т.Труханова. Технология женской и детской легкой одежды. М., 2000
-
А.Т.Труханова. Иллюстрированное пособие по технологии легкой одежды. М., 2000
-
Л.П. Шершнева Основы конструирования женской и детской одежды, М.: 1972
-
Л.П. Шершнева Основы конструирования женских платьев. М.: 1991
Өндірістік оқыту шебері: Бекетова М.М.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген