400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ашық сабақ Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тригонометриялық функциялары 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ ұстаздарға көмегі мол
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың таралуы:

8.2 A Тікбұрышты ұшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы

қатыстар (18 сағ )

Мектеп: №222 Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөн: Еңсебаева Айнұр Мұратбекқызы

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тригонометриялық

функциялары. ( 3 сағ 1 сабақ )

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.2 Бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын білу;


Сабақ мақсаттары

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының қатынастары арқылы бұрыштың синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін анықтайды.

Бағалау критерийлері

- Қабырғалар арасындағы қатынасты анықтайды.

- Тікбұрышты ұшбұрыштың белгісіз каттері мен гипотенузасын табады

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

- тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі;

- бұрышқа іргелес жатқан катет;

- бұрышқа қарсы жатқан катет;

-сүйір бұрышының тригонометриялық функциялары

Диаглогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер

-Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі, котангенсің анықтамаларын тұжырымда?

- Неліктен тікбұрышты үшбұрыштың синусының, косинусының, тангенсінің, котангенсінің мәндері үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарына тәуелді болмай, тек сүйір бұрыштың шамасына тәуелді болады?

- tga мен ctga өзара кері өрнектер деп айтуға бола ма?

Құндылықтарға баулу

Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана

Пәнаралық байланыстар

Сызу (геометриялық фигураларды салуда), физика ( көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы)

Алдыңғы білім

Тікбұрышты үшбұрыш және оның элементтерінің анықтамалары. Үшбұрыш теңдігі және үшбұрыштың қабырғалар мен бұрыштары арасындағы қатыстары




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар



Сабақтың басы



8 мин




















Ұйымдастыру кезең

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

Оқушылардың құрал - жабдығының толық болуына назар аударып, зейінін бір ортаға тоғыстыру.


Үй тапсырмасын тексеру

« Көршісімен дәптер алмасу» әдісі

Интербелсенді тақтадан «дайын - үлгі, жауап» арқылы тексереді.

«Допты лақтыру» әдісі бойынша оқушыға допты лақтырып, өткен тақырыпқа сұрақ қою арқылы қайталайды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді.

Сұрақтар:

1. Тікбұрышты үшбұрыш деп қандай геометриялық фигураны айтамыз?

2. Оның элементтері қандай?

3. Екі тікбұрышты үшбұрыштар тең болу үшін олардың каттетерінің теңдігі жеткілікті ма?

ҚБ. Ауызша (Оқушының берген жауабына сай түзету жүргізіледі. Берілген сұраққа жақсы жауап берілгені үшін мадақтау айтылады )

Оқушыларды геометриялық фигуралар бойынша 5 топқа топтастыру. І топ Төртбұрыш ІІ топ Квадрат ІІІ топ Үшбұрыш ІVтоп Тіктөртбұрыш Vтоп Параллелограмм

Оқулық «Геометрия»

8 cынып , Алматы

«Атамұра» 2018

Ә.Н. Шыныбеков, Д.Ә

Шыныбеков,

Р.Н. Жұмабаев


интербелсенді

тақта




















Сабақтың ортасы

20 мин


«Баяндау әдісі» арқылы жаңа сабақтың мақсатын түсіндіремін.

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының қатынастары арқылы бұрыштың синусына, косинусына, тангенсіне және котангенсіне электронды оқулық көмегімен бағыт - бағдар және ақпарат беремін.

Топпен жұмыс . «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша жүргізіледі. Әр топқа тақырып бойынша сараланған тапсырма беріледі. Оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөлісіп, есептерді шығарады, одан кейін бүкіл топтық талқылауға ұласады.

№1 Тапсырма

Хазрет Сұлтан мешіті — Астана қаласындағы орналасқан мешіт. Дәстүрлі ислам стилінде салынған. Мешіт жобасы қазақтың дәстүрлі ою-өр­нектері мен ұлттық нақыштағы сәндік элементтері қолданыла отырып, классикалық ислам үл­гісінде орындалған.Aзан шақыратын орынның

биіктігі AB = 80 м. Азан шақыру мұнарасынан AC = 150 м қашықтықта тұрған адам оның жоғарғы ұшындағы азан шақырып тұрған адамды көреді. Eгер BC =170 м тең болса,B бұрыштарының синусын,косинyсын,тангенcін,котангенcін ecептеңдер .



Бағалау критерийлері: тікбұрышты үшбұрыштың берілген элементі бойынша қалаған бұрыштары мен қабырғаларын табады.

Дескриптор:

- Тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін анықтайды;

- Қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатысты есептейді;

- Белгісізді табады.

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы

оқушылар бірін - бірі бағалайды.

Жұптық жұмыс


« Дауыстап ойлау» әдісі Топпен отырған оқушылардың көршілермен жұптастыру арқылы жұпқа бөлінеді, сонда әр топта жұптасып отырады. Жұптаса отырып берілген есепті біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдап отырып ой түйеді. Бір - біріне түсіндіре отырып, есепті шығарады.

Оқулықтан

№2.1, №2.2 №2.3, №2.4, № 2.5


Кері байланыс: Қай есепті орындау барысында қиналдың? Бұл неліктен деп ойлайсың?


ҚБ. «Бағдаршам» әдісі арқылы жұп - жұпты бағалайды












Электронды оқулық













Жұмыс дәптері



В. А. Смирнов

Е. А. Тұяқов

Алматы . Мектеп 2018

8 сынып










Сабақтың соңы

12 мин





















































































































































































































































Сабақтың соңы














Жеке жұмыс

Дескриптор арқылы қалыптастырушы бағалау

Сатыны суреттегідей қабырғаға сүйеп қойған.

a) Жерден сатының қабырғаға сүйеніп тұрған жеріне дейінгі арақашықтығын табу.

b) сатынын табанынан қабырғаға дейінгі қашықтығын табу.


Бағалау критерийi

Дескриптор



- Қабырғалар арасындағы қатынасты анықтайды.

- Тікбұрышты ұшбұрыштың белгісіз каттері мен гипотенузасын табады

- қарсы жатқан катеттің ұзындығын анықтау үшін, синустың анықтамасын қолданады;

- қарсы жатқан катеттің ұзындығын анықтайды;

- іргелес жатқан катеттің ұзындығын анықтау үшін, косинустың анықтамасын қолданады;

- катеттің ұзындығын табады.


ҚБ. Дескриптор арқылы бағаланады.

«Қар кесегі » әдісі бойынша бүгінгі сабаққа сұрақ қою арқылы қорытындылау

ҚБ. Айтылған жауапқа кері байланыс жасалып отырады

Үйге тапсырма

Оқулықтан

1 №2.5

2. Тригонометриялық өрнектер табиғатта кездеседі ме? Ағаштың биіктігін ағашқа

шықпастан қалай өлшеуге болады.







































































Жұптық жұмыс:







































































































































































Сабақты қорытындылауға арналған «Қар кесегі » әдісі бойынша бүгінгі сабақты талқылау.

ҚБ. Айтылған жауапқа кері байланыс жасалып отырады



Үйге тапсырма №8, №11























































































































































Дидактикалық материал, 6 сынып



































































Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?Өзін-өзі бағалау, топты бағалау, жиынтық бағалау





Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы











Оқу ортасын құру үшін қағаз қиындыларын пайдаланып, оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы 5 топқа топтастырдым..

Өткен сабақты еске түсіру мақсатында «Допты лақтыру» әдісін пайдаландым.



«Баяндау» әдісі бойынша жаңа тақырыпты меңгеру үшін электронды оқулықты пайдаландым. Оқушыларға бағыт- бағдар беру мақсатында.

Топтық жұмыс жасау үшін « Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі жүргізілді.



« Дауыстап ойлау» әдісі

Топпен отырған оқушылардың көршілермен жұптастыру арқылы жұпқа бөлінеді. Жұптаса отырып берілген есепті шығарады.







Қалыптастырушы бағалауды жеке жұмыс ретінде алдым.



Сабақты «Қар кесегі » әдісі арқылы қорытындыладым



Үй тапсырмасын

« Көршісімен дәптер» алмасу арқылы жүргізіледі.



Сабаққа белсенді қатысып, сұраққа жауап берген оқушылар бағаланады.

Кері байланыс (ауызша)


Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау және

«Екі жұлдыз, 1ұсыныс» арқылы бірін - бірі бағалайады.



Жұптық жұмыс ретінде оқулықтан есептер шығарылады.Бағдаршам әдісімен жұп -жұпты бағалайды.Себебі: бір –біріне көмек көрсету арқылы есептерді бірлесіп шығарады.

Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін жеке жұмыс дескриптор арқылы бағаланады.





Денсаулық сақтау технологиялары:

Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалаймын.

Топқа бөлінгенде топ ережелерін сақтау ескертіледі.





Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
876
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі