|
Сабақтың басы
|
«Психологиялық жағымды ахуал
қалыптастыру: «Сенім аралы»
Мақсаты: жылылық, сенімділік
деңгейін, еркіндікті дамыту.
Оқушылар шеңбер болып
отырады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстап, «Мен
саған сенемін, себебі сен ...» сөйлемді бір сөзбен аяқтайды.
Тренинг шеңбер бойымен жалғасады, соңында бір-бірлерінің қолдарын
ұстайды. Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтайды: мейірімдісің,
ақылдысың, әдептісің, ұқыптысың, тәртіптісің, әдемісің,
т.б.
Үй жұмысын
тексеру
Сабақтың тақырыбын, мазмұнын сурет пен
сұрақтар арқылы болжайды.
|
Қолпаштау
|
Слайд
|
|
Сабақтың ортасы
|
1.Сөздікпен жұмыс.
Қасиет-
Иемдену-
өмір тәжірибесі-
құбылыс-
Жаңа сөздермен
таныстырады, оқушыларға қайталатады.
2. Айтылым.Жазылым
Тілдік бағдар:
Эвфемизьдер- дөрекі сөздерді
басқа сөзбен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Қазақ тілі эвфемизмге
бай.эвфемизм қоғамдағы моральдік, этикалық норма негізінде,
сыпайыгершілік пен әдептілікке байланысты туған. Мысалы:, «туды»
деудің орнына «дүниеге келді», «жарық дүние есігін ашты» т.б.сөз
орамдары айтылады. Сондай-ақ адамның дене мүшесіндегі кем-кетікті
(саңырау-құлағының мүкісі бар) басқа сөздермен ауыстырып
қолданады.
Айтылым
1-тапсырма
Суретке қара. Суреттегі
балалардың әрекетін баяндайтын диалог құрастырыңдар.
Жазылым
3-тапсырма
Бағандағы сөздерді
сәйкестендір..
Тыңдалым. Оқылым.
4-тапсырма
Мәтінді тыңда, оқы
Тіл –
адамзат баласына ғана берілген ұлы қасиет, ерекше қабілет,
табиғаттың ғазап сыйы. Әр адамның тілді орынды қолдана алуы оның
өмірде жетістіктерге жетуінің негізі болып саналады. Өйткені тіл
ғана адамның өзі өмір сүріп отырған ортада өзгелермен тіл табыса
білуіне, бірігіп еңбек етуіне, өз орнын иемдениуіне, өзгелерді
тануына, өзін танытуға мүмкіндік береді. Абамдармен тіл табыса білу
– үлкен өнер. Тілсіз адамның биік нәтижеге жеруі, рухани дамуы
мүмкін емес. Өйткені адам тек тіл арқылы басқалармен қарым-қатынас
жасап, бірлесе өмір сүреді, биік арманға қол жеткізеді. Тілдің
көмегімен ғана дүние туралы білім алып, өз көзқарасын
қалыптастырады, адамзаттың өмір тәжірибесін үйренеді. Тек тіл
арқылы көңіл күйін, ішкі сезімін білдіреді, өзіне өмірлік дос,
жақсы жар табады. Кез-келген ортада өзін ұстай білетін, ақылды,
мінезі жайлы, сөзі түзу адамның беделі жоғары болады. Ол үшін адам
барлық нәрсеге ойлана қарап, таныс-бейтаныс адамдармен сыпайы
сөйлесе алуы, сөзді дұрыс қолдануы қажет. Сонымен, тіл – адамдардың
өзара пікір алысуының, ой бөлісуінің ғана құралы емес, тіл –
қоғамдық мәні зор, ерекше құбылыс. Әр тілдің өзіне тін ерекшелігі,
қарым-қатынас ережелері болады. Сондықтан адам қанша тіл білсе,
сонша түрлі қарым-қатынас әдебін де үйренеді.
Жазылым.
ПДМҚ формуласын қолданып мәтін мазмұны
бойынша өз пікірлерін жазыңдар
|
Тыңдалым,айтылым. Жаңа сөздерді жазады, сөз
тіркестерін, сөйлем құрастырады.
Айтылым
Жазылым
Тілдік бағдар: ережені түсініп
бірнеше мысал келтіріп айтады.
Мысалы:
Өлді деудің орнына - қайтыс
болды, дүниеден озды, бақилық болды, жүріп кетті, дүние
салды;
Өтірік айтпа: қосып айтпа;
Екіқабат әйел: жүкті, аяғы ауыр
әйел;
Мылжың: сөзуар;
Ұрысты, ренжісті: аузынан ақ ит кіріп, көк ит
шықты, тіл тигізді, сөзге келді, жүз шайысты.
Айтылым
1-тапсырма
Диалогте сыпайы балалар мен дөрекі балалардың
қарым-қатынас әдебіне байланысты сөз орамдарын
қолданады.
Жазылым
3-тапсырма
|
ұры
|
Дүниеден өтті
|
|
Өтірік айтады
|
Тіл ұзын
|
|
өлді
|
Қолы суық
|
|
ашуланды
|
Сөзінің қоспасы бар
|
|
өсекші
|
Дауыс көтерді
|
5-тапсырма
Мәтінді тыңдайды,
оқиды Мәтінге ат қояды. Мәтінге сүйеніп, төмендегі сұрақтарға жауап
береді.
1.«Тіл» деген не?
2.Адамның сәттілікке қол жеткізуінің шарты
не?
3.Тіл адамға қандай мүмкіндік
береді?
4.Тілсіз адам биік нәтижеге жете ала
ма?
5.Адам көп тіл білу арқылы өз арманына қалай қал
жеткізеді?
6.Тілдің көмегімен адам не
істейді?
7.Адамға тіл не үшін керек?
8.Тіл табыса білу-өнер ме? Көп тіл білу
ше?
Жазылым
ПДМҚ формуласын
қолданым мәтін мазмұны бойынша өз пікірлерін
жазады

|
«Бас бармақ»

Дескриптор:
- Суреттегі балалардың
әрекетін баяндайтын диалог құрастырады,
- диалогте сыпайы балалар
мен дөрекі балалардың қарым-қатынас әдебіне байланысты сөз
орамдарын қолданады.
Дескриптор:
-эвфимизмді дөрекі сөзбен мағынасына қарай
сәйкестендіреді.
Өзара бағалау: «Өте жақсы», «Жақсы»,
«Талпын»
Дескриптор
-мәтінге ат
қояды,
-мәтіннің мазмұны бойынша,
сұрақтарға жауап береді
«Бас бармақ»

Дескриптор:
-
ПДМҚ
формуласын қолданым мәтін мазмұны бойынша өз пікірлерін
жазады
Өзара бағалау
|
Оқулық 28
бет
сөздік
слайд
|