400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Тіл тірегім,соғып тұрған жүрегім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Тіл тірегім,соғып тұрған жүрегім"Балабақшаларға арналған орта тобы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО, Үржар ауылы ,Үржар ауданының КМҚК-ның

«Ер Төстік»балабақшасының «Қарлығаш» ортанғы тобының

2 санатты тәрбиешісі Бекбосова Айгуль Жасыбаевна







Тақырыбы:

«Тіл тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз!»









22.09.2017ж.







сағат 10.00

Тақырыбы: «Тіл тірегіміз,

соғып тұрған жүрегіміз!»

Мақсаты:Балаларды ана тілінің қасиетің сезінуге,

мәртебесін көтеруге баулап,

танымдылық қабілетін арттыру.

Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:плакаттар,слайдтар.

Пәнаралық байланыс:тіл дамыту,көркем әдебиет

әң –күй.

Әдіс тәсілдер:аралас,түсіндіру,сұрақ – жауап.

Биллингвалды компонент:язык,родина,праздник

Тәрбиеші:

-Балалар,бүгін ерекше күн екен.Бізге қонақтар келіп отыр.

Қонақтармен амандасып алайық.

-Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң ,балалар!

Қайырлы таң,апайлар!

-Балалар,біз бәріміз бір үйдің баласындай тату – тәтті доспыз.Қане ,бір – бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.

Балалар:Күніміз жарық болсын!Аспанымыз ашық болсын!

Деніміз сау болсын!Еліміз тыныш болсын!Досымыз көп болсын!Балабақшамыз жайнап турсын!Нанымыз көп болсын!

Тәрбиеші:Осындай жақсы көңіл – күйімізбен орындарымызға отырайық.

«Тіл тірегіміз – соғып тұрған жүрегіміз!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

-Ана тілім – ерлігім,

Ана тілім – елдігім,.

-Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігім-деп Қадыр Мырза Әли жырлағандай

тіл мерекесіне қош келдіңіздер

Тәрбиеші:

-Балалар, «Кім жүйрік?» ойын ойнайық

-Біз қай мемлекетте тұрамыз?(Қазақстан)

- Мемлекетіміздің бас қаласы қай қала?(Астана)

- Қазақстан Республикасының елбасы кім?(Н.Ә Назарбаев)

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

Жарайсындар ,балалар.

Ал енді Ана тілі туралы тақпақ мәнерлеп оқып берейік :

-Ана тілің біліп қой ( Бекжан)

Еркіндігін,теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің!

-Ана тілім (Талшын)

Жүрегісің анамның.

Жүрек - ана

Мен өзіңмен жаралдым.

-Өсірген ой – білімді (Мөлдір)

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің,

Мәнің терең білуді.

-Ақыл – ойын дананың (Бақдаулет)

Ана тілден аламыз.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

-Ана тілім – қазақ тілім ,туған тіл (Айзере)

Қасиетті тіліміздің бәрін біл.

Ана тілді құрметтендер адамдар,

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

-Қазақстан халқының , (Исатай)

Қазақ тілі тірегі.

Ана тілде айтылар,

Әнұраны жүрегі.

-Ана тілін- арын бұл (Айсана)

Ұятың боп тұр бақта.

Өзге тілді бәрін біл

Өз тілінді құрметте.

--Ана тілім – ерлігім, (Перизат)

Ана тілім – елдігім,.

Анамыздай сыйлап ,бағып қағамыз. Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігім

-Ана тілім – біздің туған анамыз! (Фариза)



Ана тілін бағаласақ қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Тәрбиеші:Елбасымыз Н.Ә Назарбаев:

«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде»-деп айтқандай

сендер осы ана тілдің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары,бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларына тілектеспін

«Мақал – сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал – мәтелдер айтайық.

1 Тіл тас жарады,

Тас жармасада бас жарады.(Таня)

2 Ойнап сөйлесең де

Ойлап сөйле. (Ернұр)

3 Сөз сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді.(Әділжан)

4 Өнер алды – қызыл тіл.(Исмар)

5 Жақсы сөз – жарым ырыс.(Нұрасыл)

Тәрбиеші:

Халқымыз қашанда тіл өнеріне,шешендікке зор мән берген.

Атақты билер,ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған.

Кезекті қазақ халқының атақты үш кеменгері тіл туралы сөздеріне берсек.

Көрініс: «Тіл куші»

Төле би: Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,

(Дарын) Ана тілін білмеу қандай зандылық?

Өсер бабам,байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Қазыбек би:Жетер енді, әркімге бір ермейік,

(Ерасыл) Қазақ болсан құлашты бір сермейік.

Қанға сіңген ана тілін халқым – ау,

Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.

Әйтеке би : Қазақ қазақ болғалы

(Нұрали) Тіл үшін күрес көргені.

Көргені көп тілімнің

Мүмкін емес өлмегі!

Сергіту сәті: Керегені созайық,

Шанырақты құрайық,

Уық болып иіліп

Қазақ үйдей болайық.

Жұмбақ шешу:

1 Тілден ұшып ,құлаққа қонады.(сөз)

2 Қабат – қабат қаттама,

Ақылын болса аттама.(кітап)

3 Жағалай – жағалай тас қойдым

Жирен атты бос қойдым.(Тіс,тіл)

4 Оттан да ыстық ,ол не?(Отан)

Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы.

Тіл бар жерде ұлт та,елде,жерде болмақ.

Тілден артық қазына,тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік.

Көңіл қойып тыңдағандарынызға көп ,көп рахмет!

Балалар:Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық!

Ән: «Атамекен»





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1517
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі