400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Тіл ұстарту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл ұстарту тақырыбы арқылы оқушылар көркем сөйлеуді үйреніп, жазу сауаттылығын арттыра алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән аты: Қазақ тілі мен әдебиеті

Оқытушы: Сейдахметова А.

Дәрістің түрі: аралас

Дәрістің тақырыбы: Тіл ұстарту

Дәрістің мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға тіл ұстарту туралы лингвистикалық білім беру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушыларды көркем сөйлеуге үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, таратпа материал
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі


І Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру:
НО-3, 151-бет

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Тілімізде мыңдаған сөздерден ойға лайықты сөз таңдап, оны басқа сөздермен тіркестіріп дұрыс сөйлем құрау оп-оңай іс емес. Оған ұқыптылық, сауаттылық қажет және үнемі жаттығу керек. Түрлі ғылым салаларына байланысты ғылыми әдебиеттерді, көркем әдебиеттерді, тарихи және педагогикалық әдебиеттерді көп оқыған кісі ойын дәл жеткізуге икемді болады. Тартымды сөйлеуге, жазуға жаттығу үшін, әсіресе көркем әдебиетті көп оқу қажет. Көркем әдебиеттің басқа әдебиеттерден айырмашылығы – оның көркем стилінде. Көркем әдебиет тілінің бір ерекшелігі – онда жансызға жан бітіріп айтады; жай, қарапайым нәрсені әсірелеп, ұлғайтып айтады; суреттеліп отырған нәрсені не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін көрікті, сұлу сөздерді қосып айтады.
Мысалы, А. Тоқмағамбетовтың:

Төнгенде қатерлі күн, қара тұман,

Аяққа шырмалғанда шұбар жылан.

Ту ұстап, тұлпар мініп ел қорғауға,

Азамат азамат па аттанбаған?!-

деген өлең шумағындағы қатерлі күн, қара тұман, шұбар жылан, ту ұстап, тұлпар мініп дегендердің бәрі – көркем сөздер.

Асау терек долданып, буырқанып,

Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.

Арыстанның жалындай бұйра толқын

Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып,

-деген Абай аудармасы – түгелімен көркем сөз.

Терек - өзеннің аты. Ол – тау өзені, Кавказ тауында Әдетте асау деген анықтауыш «үйретілмеген» деген мағынада малға байланысты айтылады. Бұл жерде Абай «жүген, құрық тимеген» деген мағынаны таудан құлай аққан өзенге балап, ол мәнді күшейте түсіп, долданып, буырқанып деп, оның үстіне тауды бұзып жол салған, тасты жарып деп, тау өзенінің құдіретті үнін, ешбір тосқауылға тоқтамай, оны бұзып өтетін дүлей күштің иесі екенін әсірелей суреттейді. Көз алдыңа осындай сурет елестейді. Енді сырт қарағанда таудан құлай аққан өзен мың бұралған айдаһарға ұқсап, оның бүктетіле аққан толқыны арыстанның жалындай бұйраланып кетеді. Қандай әдемі көрініс, қандай әсем сурет!

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма. Жиренше шешен. 152-бет. (ауызша). Төмендегі аңыз әңгімені оқып шығып, шешендердің сөз қолданысына назар аударыңыздар.

2-тапсырма. (жазбаша)

Мәтіннен сын есімдерді тауып, олардың жасалу жолы мен мағыналық ерекшелігін түсіндіріңіздер. Сын есімдерді қандай мақсатпен қолданғандығын дәлелдеңіздер.
3-тапсырма. (ауызша)


Деңгейлік тапсырма

І нұсқа

І деңгей

1. Зат есім туралы не білесің? Мысал келтір.

2. Төмендегі сөздерді септе.

Отан, ел, төре, батыр.

3. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қой және қай жалғау екенін айт.
Сандыбай қарға... тұзын екі қолы... ұстап, айна... қарағандай жымиып отыр. Бойында әдет пен әдепке сыя бермейтін мінез... болғандықтан, жынды Бижан атанған адам. (Ғ.Мүсірепов)

ІІ деңгей

1.Қазақ тілінде неше жалғау бар? Жалғау түрлеріне мысалдаржаз.
2.Жіктік жалғауының тәуелдік жалғауынан қандай айырмашылығы бар?
«Оқушы, инженер» деген сөздерді жікте.

3.Төмендегі сөйлемнен зат есімді тауып, сөйлем мүшелеріне қарай талда.
Өткен жазда болған болыс сайлауында сол ауылдың біреуі болыстыққа таласқан Тоқсанбайдың Сыздығы деген байға қарсы шыққан. (С.Мұқанов)

ІІІ деңгей

1.Сөйлемдерден жалпы есімді бөлек, жалқы есімді бөлек теріп жаз.
Жандос, Ермекбайлар бір жақ, Ерасыл, Аман, Күлпаштар бір жақ болып, армансыз сайысқан көрінеді. (Ғ.Мұстафин)
Сондай бейбітшіліктің бірінде мүлік артқан, керуен тартқан саудагерлер найман еліне келіп, дастарқан басында әңгіме-дүкен құрып, өздерінің Сарыөзектен кедергісіз өткенін айтады. (Ш.Айтматов)
2. Төмендегі сөздерге көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын жалғап жаз және бірінші қай жалғау жалғанатынын айт.

Алма, шие, қазақ, орман.

3.«Түркістан-тарихи қала» деген тақырыпқа шағын шығарма жаз және зат есімдерді тап.
ІІ нұсқа

І деңгей

1. Тілімізде қанша сөз таптары бар?

2.Мәтіндегі зат есімнің астын сыз.

«Жығылғанға жұдырық» дегендей, кедейлікке кәрілік қосылады. Кәрілік тұсау, кедейлік бұғау болыпты. Қарт шешен қанатсыз қыранша отырып қалыпты. Алайда ағайындарының емен-жарқын көмегіне сүйенген ол аштан өліп, көштен қалмапты. («Шешендік сөздер» кітабынан)
3.Төмендегі сөздерге көптік, жіктік жалғауларын жалға және қай жалғау бірінші жалғанатынын көрсет.

Ұшқыш, жүргізуші, талапкер, оқушы.


ІІ деңгей

1. Мәтіннен жалғаулардың астын сыз және қандай екенін түсіндір.
Шеткі үйлерден қымызға жүгіретін Тезекбай, Терлікбайлар үйлерінің қасында солбырайып тұр. Сабаның даусы шықпайды. Көрінгенмен құрдас болып, арсалаңдап жүретін. Дүрмағанбеттің де иығы түсіп кетіпті. Қолында жүгені, жылқы жаққа бара жатыр. (Ж.Аймауытов)
2. Тәуелдік жалғауы дегеніміз не? Төмендегі сөздерді ортақ, оңаша тәуелдеп, айырмашылығын түсіндір.

Кілем, тарақ, көйлек, көзілдірік.


3. Су, теңіз, көл, мұхит туралы тұрақты теңеулерді жазып, зат есімнің астын сыз.
Үлгі: Судай шайқап, су сепкендей басылды, теңіздей терең, көлдей тасып, мұхиттай толқып.

ІІІ деңгей

1. Сөйлемдерге морфологиялық талдау жаса.

Шығыс іргесінде Тарбағатай төсінен, құлап түсетін мол сулы Қараүңгір өзені ағып жатыр. Оның сыртында қаланы бірнеше жерден көлемін беріден, қалың шилі, саздауыт даладан алатын, терең арналы, көк иірім қарасулар жарып өтеді. (Қ.Жұмаділов)
2. Зат есімнің сөйлемдегі атқаратын қызметінің барлық түрлерін мысалмен түсіндіріп шық.
3. Қазақстанның өзен-көлдеріне шағын суреттеме жазып, жалқы есімдердің астын сыз.

V. Қорытынды

  1. Көркем әдебиет стилі дегеніміз не?

  2. Шешендік сөздердің қандай ерекшелігі бар?


VІ. Бағалау

«5» ____ «4» ___ «3» ____ «2» ____


VII. Үй тапсырмасы: Шешендік сөздерді оқып, мәтінге морфологяиылқ талдау жаса.


Пайдаланылатын әдебиет:

Г.Қосымова. Қазақ тілі. Шешендік сөздер. Алматы, «Мектеп», 2011.



Оқытушы: А.Сейдахметова












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
872
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі