«Тілашар»
мерекесі
Мақсаты:
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған
бүлдіршіндерді білім алуға,оқуға шақыру.
Ұлттық
дәстүр «Тілашар» тойы арқылы оқуға
ынтасын арттыру,мектепке деген
сүйіспеншілігін
ояту. Қоршаған дүниені танып білуге
жетелеу.
Сахна
мәдениетіне тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
шарлар, нақыл сөздер, тақырып жазылған
плакат, слайд, фото-шоу
Барысы:
Мұғалім:
Армысыздар қымбатты балалар, ардақты
ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне,
бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына
алғаш рет қадам басқан, бүгінгі мектепалды
даярлық
оқушыларының мерекесіне жиналып,
«Тілашар» тойының куәгері болып
отырсыздар Ендеше, бүлдіршіндеріміздің
білім жолына аттаған қадамдарына
сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі
мереке иелерін ортаға шақырайық.
Қарсы
алыңыздар:
Ұшқыр
ойлы — Мағауия
мен
білімге құштар — Мархаба
Ерке
мінезді Мадина
мен
ұтқыр да тапқыр – Ерасыл
Жаны
жомарт — Ерканат
пен
жаны
жайсаң
— Раян
Байсалды
жан Алихан мен белсенді ұлдарыңыз
Нұрбақытты қарсы алыңыздар!
Мархаба:
Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын
шашып тұр әлем,
Тілашарға
келген қуанып,
Бәрі
бірге:
Қонақтарға мың сәлем!
Мұғалім:
Айналайын балалар,
Алдыңда Мектеп-Ана
бар!
Өздеріңнен өседі,
Өнерлілер,даналар.
Өтті
қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Құтты
болсын қадамың
Құтты болсын
талабың
Мағжан атам айтқандай
Білім
отын жаға біл.
Мұғалім:
Шашу, шашу шашайық,
Ақ
сандықты ашайық,
Бұл
мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын
жасайық.
(Ортаға әже шығып, шашу шашады, батасын
береді).
Мұғалім:
Шашу шашты әжелер,
Сылдырлатып
теңгелер.
Тойымыздың
шашуын,
Сәт
сапарға теңгерер.
Мағауия:
Еркеңіздің мойнына,
Ақ
жағасы жарасар.
Кел,
келіңіз тойыма,
Тойымның
аты – тілашар.
Мархаба:
Таудай биік талабым,
Оттай лаулап
жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала
менен қаланың,
Мен мектепке барамын.
Ерасыл:
Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп
табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз
етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.
Раян:
Мен оқушы баламын –
Оқып,
білім аламын.
Мектеп-ұям,
өзіңе
Арналады
бал әнім.
Нұрбақыт:
Мен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз,
қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан,
Кілең
«бестік» аламын.
Мадина:
Оқуды көп ойлаймыз,
Қызығына
тоймаймыз.
Әріптерді
үйреніп,
Өлең
айтып, би билеп
Өнерден
де қалмаймыз.
Ерқанат:
Еркесімін атамның,
Еркесімін
анамның.
Толып
биыл алтыға
Мен
оқушы атандым.
Ән:
«Мұғалім»
Мұғалім:
Балалар
бізге қонақ келген сияқты. Ертегілер
елінен келіпті.
Сәлеметсізбе!
Бестік:
Сәлеметсіздерме ата-аналар, балалар!
Қалдарың қалай? Дөңгілағаш негізгі
мектебінде «Тілашар» деген той болып
жатыр деп естігендіктен жолға шығып,
сендермен қауышуға асықтым. Ал сендер
жазу, сурет салып, есеп шығарып
үйрендіңдерме?
-иә
Бестік:
Жарайсыңдар. Олай болса ертегілер елінен
келген тапсырмаларды орындауға
дайынсыңдарма?
-иә,
дайынбыз!
Бестік:
Дайын болсаңдар 1-тапсырмам сауат ашу
пәнінен болса,2-тапсырмам математика
пәнінен болмақ.
(Оқушылар
бестіктің тапсырмаларын орындайды.)
Мұғалім:
Оқушылар тапсырмаларды өте жақсы орындап
шықты. Бестік алыс сапардан келген
сияқтысыз, балалардың сізге дайындаған
өлең,ертегілерін көруге қалай қарайсыз?
Бестік:
Әрине.
Мұғалім:
Әдеміде, келбеті және де мың бұрала
билейтін қыздарымыздың орындауында
«Қуыршақтар» биі.
«Қуыршақтар»
биі
Мұғалім:
Кел, көрейік ертегі,
Естіген
жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық
сырын шертеді.
Оқушылардың
орындауында «Шалқан» ертегісін қабыл
алыңыздар.
«Шалқан»
ертегісінің рөлдерінде
Автор
– Ұзақбай Мағауия
Ата-
Тұрсын Алихан
Апа-
Амрен Раян
Қыз-
Амрен Мархаба
Ит-
Дүйсенбай Нұрбақыт
Мысық
– Ескендирова Мадина
Тышқан
– Оразбай Ерқанат
Мұғалім:Мектеп
– қомқор анамыз
Оқып,
білім аламыз
Үлгілі
болып өсетін
Біз-оқушы
боламыз! – дей отыра оқушылардың мектепке
деген ыстық лебіздерін өлең-шумақтармен
жеткізбек.
Мағауия:
Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол
думанды.
Жақсы көрем бәрінен,
Әдемілеп
жазғанды.
Мадина:Жеті
жасқа жеткенім,
Еркеліктен
кеткенім.
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме
жеткенім.
Алихан:
Әжептеуір бойым да,
Сабақ
қана ойымда.
Оны
ұқпас інім тек
Шақырады
ойынға.
Раян:
Ойыншық қалды жайында,
Әріптер
бөлді көңілді.
Тәбетім
жоқ ойынға,
Сезінем
үлкен өзімді.
Ерқанат:
Кіп-кішкентай баламын,
Алтыдан асып
барамын.
Сөмке
алып мойныма
Мектепке мен барамын.
Мархаба:Қуыршақты
тастадым,
Уақыт
жоқ қой ойынға.
Әріпті
құрай бастадым,
Сөздерді
тізіп қоюға.
Ерасыл:Озат
оқушы боламын,
Жақсы баға
аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан
жақсы сабағым
Нұрбақыт:
Жақсы оқып келемін
Сабақтан
да қалмаймын
Осы
өлең жолдарын
Мектебіме
арнаймын.
Мұғалім:
Мектеп — үлкен бағдаршам.
Ұстаз —
шырақ ұстаушы.
Екеуі
де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
Ұрпақпен
ұласады мұрат арман,
Бәйтерек
бой көтерер құба талдан.
Тойлаңдар,қуаныңдар,
ағайындар,
Шалқып
қайт, шаттық тойы —
Тілашардан!
Ұлдарымыздың
орындауында би.
«Ұлдар
биі»
Мұғалім :
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар
білім шыңына.
Ұқыптылық
пен зеректік,
Жеткізер
сендердей өренді
Білімнің
нәрлі сырына.
Оқитын
әрі жазатын,
Білімге
қол созатын.
Құтты
болсын балдырған,
Оқушы деген
жаңа атың.
Құрметті
оқушылар! «Оқушы» деген атқа лайық
болып, ата-аналарыңды , ұстаздарыңды,
құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын әдепті,
алғыр, зерек, тәртіпті болады деп сенім
білдіремін.
Мектебіміздің
директоры
Касаинова Балапан Мұхамедкәрімқызына
сөз
кезегі беріледі.
Мадақтау.
Келесі
сөз кезегі болашақ ұстазы 1-сыныпқа
қабылдап алушы ұлағатты ұстазымыз
Жакупова
Сауле Тоқпайқызына
береміз.
Мұғалім:Мектебің
алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың-
бұлақ көзі сарқыраған,
Шыңдалып
шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта,
жас қыраным, ақ жол саған.
Ертеңгілігімізді
оқушыларымыздың осы кезге дейінгі
мектепте түскен фотоларынан жасалған
фото-шоумен аяқтағым келіп отыр.
/фото-шоу/
Қатысқандарыңызға
рахмет! Сау болыңыздар!