400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Тірі ағзалардың тіршілігіндегі қозғалыстың маңызы. 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3В: Қозғалыс

Мектеп: №1 ЖОББМ

Күні: 16.03.2018

Мұғалімнің аты-жөні:Масжанова А.Б.

Сынып: 7 «Ә» сынып

Қатысқандар саны:25

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Тірі ағзалардың тіршілігіндегі қозғалыстың маңызы.




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.6.4 Омыртақалылар мен омыртқасыздардың қозғалу мүшелерін салыстыру


Сабақ мақсаттары

Тірі ағзалардың тіршілігіндегі қозғалыс маңыздылығы туралы білімді қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

  • Жануарлардағы қозғалысқа қатысатын мүшелерді анықтай алады;

  • Тір ағзалар үшін қозғалыстың маңызын түсіндіреді;

  • Жануарлардың қозғалысқа қатысатын тәсілдерін біледі және мысал келтіре алады;

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: Мәтінді талдайды, сызбаны интерпретациялайды. Лексика және терминология, пәндік терминдер:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:Кірпікшелі-кебісшенің қозғалу мүшесіне ––––(кірпікшелер) жатады. Олар құрылысы талшықтарға өте ұқсас, бірақ едәуір қысқа әрі көп болады. –––––– (Жалған аяқтары) – дененің кез келген бөлігінде түзілетін жасуша цитоплазмасының томпаюы. Құрттарда алғаш рет дербес бұлшық ет жасушалары жабынмен бірігіп кететін бұлшық еттерден қабат түзіп, –––––––––– (тері-бұлшық ет қапшығы) жүйесін құрайды. Ағза өзіне суды жинап алып, содан кейін оны үлкен күшпен (қысыммен шапшып ағу) шығарса, дене қарама-қарсы бағытта қозғалатын болады. Бұл әдісті – ––––––––––– (реактивті қозғалу) деп атайды. Медузалар, сегізаяқтар, каракатицалар осылай жылжиды.

Құндылықтарды дарыту



Топтық жұмыс барысындағы тапсырмаларды орындау кезінде, төмендегідей құндылықтар қалыптасады:

  • топтық жұмыс барысында әртүрлі көзқарастарды сыйлау арқылы өз-өзіне және өзгеге құрметпен қарауды орнату;

  • бірлесе жұмыс жасау арқылы, қолайлы орта және сыни тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыту;

  • академиялық шынайылық: өзгелердің идеясы мен ойларын құрметтеу, қолданылған мәліметтерге сілтеме жасай отырып, плагиатқа жол бермеу;

  • үздіксіз білім алу: оқуға деген ынталық, шығармашылық және оқылған мәліметтерді сыни талдауға бейімдеу;


Пән аралық байланыстар

Химия – хитин

Физика - гидростатика

АКТ қолдану дағдылары

Слайд презентациясын қолдану, бейнебаян материалдары

Бастапқы білім


Өсімдіктің қозғалу себептерін түсіндіру, сипаттау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақты ұйымдастыру

Психологиялық ахуал орнату.

Қайырлы күн- табиғат Жайқалып өссін- өсімдік Жайнай берсін- орманымыз Биік болсын- тауларымыз Сәтті болсын- сабағымыз

Топқа бөлу. Әр оқушы бүктелген қағазды алады, ішінде: жылан, көлбақа,құс, жылқы суреттері бейнеленген. Ешкімге көрсетпей бейнеленген жануардың іс-қимылын, қозғалысы салу арқылы бірін-бірі табады.Топқа бөлінеді.

І топ Қосмекенділер ІІ топ Жорғалаушылар ІІІ топ Құстар ІV топ Сүтқоректілер

«Тірі организмдердің қозғалу себептері » өтілген тақырыпты еске түсіру мақсатында «Гүл жинаймыз» ойыны арқылы сұрақтар қойылады (Бөлменің әрбір жеріне ілінген гүлдерді алып артында жасырынған сұрақтарға жауап береді.) 1.“Таксистер” дегеніміз не? 2.Өсімдіктерде қандай таксистер болады? 3.”Тропизмдер” дегеніміз не? 4.Фототропизм дегеніміз не? 5.Гелиотропизм дегеніміз не? 6.”Настия” дегеніміз не? 7.Фотопериодизм дегеніміз не? 8.Ұзақ күн өсімдіктерін ата. 9.Қысқа күн өсімдіктерін ата. 10.Фототаксис дегеніміз не?



Қосымша№1

Твиг білім

«Өсімдіктердегі қозғалыс»

Сабақтың ортасы




(Г) Бейнебаян қарау арқылы жануарлардың қозғалысқа қатысатын мүшелерін анықтап, қозғалу тәсілдерін салыстырады және кластер толтырады.

«Ассоциация» әдісі арқылы жаңа сабаққа көшу

Жануарлардың қозғалу әдістері



Сабақтың тақырыбы және мақсатын анықтау

Ағзалардың қозғалу тәсілдері мен қоректену ортасы арасындағы байланысты анықтайды.

Кластерлерді презентациялау/ қорғау.

Жануарлар

Қозғалыс ерекшеліктері





Кластерлерді презентациялау/ қорғау.

(Т) Мұғалім жануарлардың қозғалысы мен оның негізгі ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама береді.

(Т) Қазақтың үй жануары жылқының жүрісін сипаттау.

жылқы

Жүріс түрі

Жүріс ерекшеліктері









1 топ – Қарапайымдылардың қозғалысы. 2 топ– Омыртқасыз жануарлардың қозғалысы. 3 топ– Омыртқалы жануарлардың қозғалысы. 4 топ- Сүтқоректілердің қозғалысы

Топтағы жұмыстарды бағалау критерийлері

  • Жануарлардағы қозғалысқа қатысатын мүшелерді анықтай алады;

  • Тір ағзалар үшін қозғалыстың маңызын түсіндіреді;

  • Жануарлардың қозғалысқа қатысатын тәсілдерін біледі және мысал келтіре алады

Ақпаратты бекіту. (ҚБ)

  • Бақаның қанша аяғы бар? Алдыңғы аяғы мен артқы аяғының айырмашылығы неде? Бақаның қозғалу тәсілдері. Құстар қандай тәсілдермен қозғалады? Құс қауырсынының түрлерін ата және олар қай жерде орналасады? Құс денесі ұшуға қалай бейімделген? Бақаның артқы аяғында қандай сүйектер бар? Шаяндардың баскөкірегінде ? Бақаның аяқтары үш бөлімнен тұрады, ата?

























Бейнебаян «Жануарлар туралы»


Сабақтың соңы

Рефлексия «СМС » Соткаға СМС жіберу арқылы көңіл-күйді білдіру. Үш түсті дөңгелектерді тарату. Қызыл – сабақ соңына дейін барлық тапсырмаларды орындауға үлгерген жоқпын. Сары – үлгердім, бірақ аяғына дейін емес. Жасыл – толық үлгердім Үйге тапсырма : Жануарлар өміріндегі қозғалыс рөлі туралы хабарлама дайындау.




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Сабақ бойынша рефлексия


.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1214
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі