400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Тірі және өлі табиғат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат туралы, өлі және тірі табиғат түсініктерін меңгерту. Жыл мезгілдері және олардың ерекшеліктері туралы білімдерін тиянақтау. Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№40 «Болашақ» бөбекжайы

Тәрбиеші:Ізбасарова Інкар Байзаққызы


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары.

Тобы: «Жазира»

Күні: 17.04.2019ж
Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: «Экология негіздері»

Тақырыбы: «Тірі және өлі табиғат»

Мақсаты:Табиғат туралы, өлі және тірі табиғат түсініктерін меңгерту. Жыл мезгілдері және олардың ерекшеліктері туралы білімдерін тиянақтау. Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: АКТ. Дидактикалық ойындар.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Тірі және өлі табиғат туралы туралы әңгіме

Үштілдік компонент: көктем-весна - spring

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Біз әдепті баламыз,

Жайнай берсін даламыз

Табиғат пен дос болып

Қамқорлықпен қараймыз .

Шеңберге тұрып бірге айтады.

Іздену

ұйымдастырушы

-Балалалар қазір жылдың қай мезгілі ?


-Көктем мезгілінде неше ай бар?


-Көктем айларын атаңдаршы.

-Табиғат дегеніміз не?


-Табиғат нешеге бөлінеді?



-Тірі табиғат деп нені атаймыз?


-Өлі табиғат деп нені атаймыз?

– Балалар бүгін біздер тірі табиғат және өлі табиғат жайында білетін боламыз.

Слайд көрсету.

Табиғат тірі және өлі табиғат болып екіге бөлінеді.

Тірі табиғат -олар өседі, қоректенеді, тыныс алады, тұқым шашады. Тірі табиғатқа адамдар, жануарлар, құстар, өсімдіктер т.б жатқызуға болады.

Өлі табиғат-қоректенбейді, өспейді. Оларға су, тас, тау ай, күнді жатқызуға болады.

Тіршілік атаулы оларсыз өмір сүре алмайды.Сондықтан олар бір-бірімен тығыз байланысты.

Табиғат ананың жер су, ағаш деген үш ұлы болыпты.Олар өте ақылды мейірімді екен. Табиғат ана бір күні ұлдарын шақырып алыпты.Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый таратамын деп уәде беріпті. Сонда ұлдары анасының айтқанына келісіп, жақсылық жасауға жолға шығыпты.

Білім ханшайымы сіздердің білімдеріңізді тексергісі келіп тұр.

Жұмбақ жасыру.

-Жылт жылт етеді,

Жылғалардан өтеді.

-Адамдардың бәрі қызығады,

Ұстай берсең сәні бұзылады.

Жақсы балалар сендер жұмбақтың жауабын тауып шеше біледі екенсіңдер. Кім осы су гүл туралы тақпақ біледі.


















Үштілдік компонент: көктем-весна - spring

Сергіту сәті:

Дидактикалық ойын: «Табиғатты аялайық»

Әр бала табиғатқа байланысты суреттер беріледі. Суреттер бойынша сөйлем құрап толық айтамыз.

Гүлді жұлуға болмайды- гүлді аялау керек.

Ағашты кесуге болмайды-ол бізге таза ауа береді.

Суды ластауға болмайды- сусыз өмір жоқ.

Көбелекті өлтіруге болмайды –ол әдемілік белгісі.

Күнімізді бұлт баспасын, күніміз ашық болсын.

Құмырсқаны өлтіруге болмайды-құмырсқа еңбеккор жәндік.

Аққуды атуға болмайды-аққу киелі құс.

Тәжірибелік жұмыс:

Ағашқа тәжірибе жасау.

Луппа арқылы ағаштың бұтақтарын қарау.Қазір жылдың көктем мезгілі.Табиғат ана оянып ағаштардан да бүршік атады. Бүршіктің түсі қандай?

-Жасыл

Ағаштар әр түрлі болғандықтан бүршіктерде әр түрлі болады.

Міне балалар біздер осыдан байқауымызға болады.

-Қазір жылдың көктем мезгілі

-Көктем мезгілінде үш ай бар.

- наурыз, мамыр, сәуір.


Табиғат дегеніміз бізді қоршаған орта.

- табиғат екіге бөлінеді.

-Тірі табиғат өлі табиғат.

-Өсіп өніп көбейетіндерді тірі табиғат деп атаймыз.

-олар өспейді көбеймейді.

-қызығушылық танытады.















-су





-гүл.



Гүлім гүлім өсе бер,

Әдемі боп асыл боп

Күндей жайнап кете бер,

Қызыл сары жасыл боп.

****

Су деген өмір көзі,

Тіршіліктің нәрі бұл

Су болмаса оянбайды

Табиғаттың барлығы.

******

Болмас еді шөп шалаң

Болмас еді тірі жан

Сол себепті балалар,

Суды ысырап қылмаңдар.



ойын ойнайды.









Балалалар гүлзармен бірге тәжірибе жасайды.

Рефлексивті

түзетуші

-Дәстүрден тыс әдісімен жұмыс.

1- әдіс.

Ермексазды пайдалану арқылы ағашқа бүршік жасап бейнелеп жұмыстану.

Біздер бүгін неге тәжірибе жасадық ?

Дұрыс айтасыңдар балалар.

-Ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысқан балалаларды мадақтап сыйлық беру.



-Қызығушылық танытады.


-ағашқа тәжірибе жасадық


Ия ұнады.


-

-Балалар риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қоршаған орта, табиғат туралы біледі.

Игерді: табиғат ерекшеліктері, тірі және өлі табиғат ерекшеліктерін

Жасай алады: табиғатты қорғап, аялай біледі.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
8 маусым
5003
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі