жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
|
Мектеп: Алматы қ, Медеу ауд, КММ №53 МГ |
||||||||||||||
Күні: 28.01.2020ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Серікбай Ұлмира |
||||||||||||||
Сынып: 8 «Б» |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Тізбек бөлігі үшін Ом заңы |
||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
8.4.2.6 – тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану |
||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: Тізбек бөлігі үшін Ом заңына кірген шамалардың таңбалануын және өлшем бірліктерін біледі; Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ток күші мен кернеудің, ток күші мен кедергінің арасындағы тәуелділік графигін тұрғыза алады; Кейбір оқушылар орындай алады: Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласын түрлендіре алады, есеп шығару барысында қолдана алады. |
||||||||||||||
Мәңгілік Елдің құндылықтар |
«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы бойынша белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы адамдармен ынтымақтасып жұмыс жасауға, күнделікті өмірде, өндірісте Ом заңын қолдана білу, өмір бойы білім алуға дайын бол және еңбекке баулу. Ұлттық қауіпсіздік - Отанымыздың электр энергиясын тиімді пайдалана отырып, оны сақтау мақсатында Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке жетелеу. |
||||||||||||||
Ойлау деңгейлері |
Білу – тізбек бөлігі үшін Ом заңы туралы ақпарат біледі; Түсіну – есеп шығару барысында Ом заңының формуласың қажеттілігін түсіндіреді; Қолдану – Ом заңының формуласын күрделі есептер шығаруда қолданады; Жинақтау - тізбек бөлігі үшін Ом заңына қатысты графиктер тұрғыза алады. |
||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
математика – математикалық амалдарды қолданып, есептер шығарады. |
||||||||||||||
Ресурстар |
Интербелсенді тақта, бейнежазба, сурет қиындылары, формулалар |
||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Тақырыпқа байланысты термин сөздер және формулалар: ток күші, кернеу, кедергі, меншікті кедергі, амперметр, вольтметр |
||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Электр тогы. Ток көздері. Кернеу. Кедергі |
||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер Ресурстар |
|||||||||||||
Сабақтың басы 1 мин.
3 мин.
5 мин. |
І.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылар назарын сабаққа аударып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. ІІ.Қызығушылықты ояту Топқа бөлу: Топқа бөлу үшін www.classdojo.com сайына кіріп, алдын ала https://teach.classdojo.com/#/classes/5e2b1af2bb3d10a79c67a10c/points терезесіне сынып оқушыларының аты жөні енгізілген, сол арқылы оқушыларды кездейсок 3 топқа бөліп аламыз. І топ: Ток күші ІІ топ: Кернеу ІІІ топ: Кедергі classdojo.com
Үй тапсырмасы: «Желідегі карталар» әдісі бойынша оқушыларға алдыңғы өткен тақырыптар бойынша www.flippity.com сайтына енгізілген сұрақтар қойылады. - оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру. Кері байланыс: «Бас бармақ » әдісі Әр оқушынының жұмысын қолдың қимылы мен ауызша мадақтау сөздері арқылы бағалау. |
Интербелсенді тақта
|
|||||||||||||
Сабақтың ортасы
6 мин.
5 мин.
7мин |
Жаңа сабақты түсіндіру. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы Сабақтың тақырыбын, оқыту мақсатын хабарлау. «Кинометафора» әдісі бойынша тақырыпқа байланысты бейне көрініс көрсеті 1 – тапсырма Жеке жұмыс. https://learningapps.org/ сайтын пайдала отырып тақырыпқа байланысты тест жұмысын орындайды.
Практикалық бөлім 2 – тапсырма Топтық жұмыс. Электр тізбегіне арқылы тәжірибе арқылы шамалар арасындағы пропорционалдықты ескере отырып, Ом заңын қорытып шығару. (№1-қосымша)
Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі арқылы топтарды бағалау. Топтар бір – бірінің жұмысын сағат тілі бағытымен алмастыра отырып бағалайды |
(Атамұра баспасы, 2018ж. – Башарұлы Р, Ш.Шүйіншина). 125-128бб)
№1- қосымша
|
|||||||||||||
Саралау 10 мин.
|
3-тапсырма: Жұптық жұмыс. «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы ток күші, кернеу, кедергінің формулаларын пайдалана отырып есептер шығару. Есептер оқушыларға А4 парағымен беріледі. 2 оқушы жұптаса отырып есептер шығарады. І-топ
ІІ-топ
ІІІ-топ
Қалыптастырушы бағалау: «Күлегештер» әдісі арқылы жұптарды бағалау. Жұптар бір – бірінің жұмысын сағат тілі бағытымен алмастыра отырып бағалайды. |
№2-қосымша
|
|||||||||||||
Рефлексия 2 мин. |
«Күлегештер » әдісі
Егер: 1.Сабақ түсінікті болса, бүгінгі сабақта бәрі түсінікті болған жағдайда жасыл күлегешті; 2.Ұсыныс болса немесе сабақта қиындық болса, көк күлегешті; 3. Егер мұғалім көмегінсіз тапсырманы орындай алмаса, қанық күлгін түстегі күлегешті таңдайды. |
|
|||||||||||||
1 мин. |
Үй тапсырмасы Параграф 24. 5.2-жаттығу. №1,2,3,4 есептер |
|
|||||||||||||
Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||||||
Сабақтың мақсатын құру барысында барлық оқушы, көбісі және кейбірі деп соған негізделген сабақ жоспарын құрдым. Сабақ барысында саралап оқыту тәсілдері қолданылды. Сабақ барысында мен ресурстарды оқушылардың қажеттілік қабілеттерін ескере отырып әзірледім; Сабағымдағы ресурстарды электронды эксперт оқулықтан және қосымша ДМ жинақтадым; Күрделігіне қарай ілгерлеп отыратын логикалық тапсырмаларды пайдаландым; |
|
Қауіпсіздік ережелерін сақтайды |
|||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткіздіме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
|
||||||||||||||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? |
|||||||||||||||
..
.
.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген