400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ашық сабақ Тізбек бөлігі үшін Ом заңы 8-сынып ф7физика

Материал туралы қысқаша түсінік
физика пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні

Қаусов Таңат Талғатұлы

Күні:

27.01.21

Сынып: 8

Қатысушылар саны:10

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.4.2.6 – тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану;

Сабақтың мақсаты

А)Кедергі, кернеужәне ток күшінің байланысын біледі.

В)Тізбек бөлігі үшін Ом заңын графиктік және сандық есептерде қолданады.

С) Ом заңын, Ток күшінің , кедергінің формуласын есеп шығаруда қолданады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1) Оқушылардың шапшаңдығын және теориялық материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін ауызша сұрақтар беріледі.

Тапсырма "Иә" немесе "жоқ"

  1. Аттас заряттар бір-бірімен тартылама ма? (жоқ)

  2. Ток күшінің өлшем бірлігі омметр. (жоқ)

  3. Электр кернеуін өлшейтін құрал амперметр (жоқ)

  4. Ток күшін өлшейтін құрал амперметр (иә)

  5. Электр тогының магниттік әсері болама ма? (иә)

  6. Әр аттас заряттар бірін-бірі тебеме? (жоқ)

  7. Электр кернеуінің өлшем бірлігі Ом (жоқ)

  8. Электр кернеуінің өлшем бірлігі вольт (иә)

  9. Кедергіні R-әрпімен белгілей ме? (иә)

  10. Кедергінің өлшем бірлігі секунд (жоқ)

  11. Кедергіні өлшейтін құрал реостат (иә)

  12. Электр тогының химиялық әсері болама ма? (иә)

Жауаптарын мұғалім айтады, оқушылар өзара бағалау жүргізеді.Оқушылардың жауаптарына мұғалім кері байланыс жасайды.

2) Ой қозғау. Ток күші кернеуден қалай тәуелді? Ток күші басқа қандай шамаға тәуелді болады?

Оқушылар өткен сабақтағы зертханалық жұмыс нәтижесін қолданып, Ом заңын тұжырымдайды.

Мұғаліммен амандасу, кезекшілер жоқ оқушыларды түгендейді.


Оқушылар қойылған сұрақтардың жауаптарын айтады.



Оқулық, презентация, жұмыс дәптері,

Сабақтың ортасы

Оқушыларға алдымен тәжірибелермен бейнежазбалар көсетіліп толық тізбек бөлігі үшін Ом заңы баяндалады.

3) Қолдану дағдысын дамыту үшін, оқушылар Ом заңын қолданып есептер шығарады

Тапсырмалар:

1. Кернеу 220 В, ток күші 10 А болғанда, өткізгіш кедергісі қанша?(2)
2. Электр үтігі 220 В желіге қосылған. Үтіктің қыздыру элементінің кедергісі 50 Ом болса, ондағы ток күші қандай?(2)
3. 30 Ом өткізігіштің ток күші 0,6 А, ұштарындағы кернеуін анықтаңыздар.(2)

4.Суретте үш өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигі берілген. Әрқайсының кедергісін анықтаңдар

(3)

5. Тізбектің бір нүктесінен екінші нүктесіне 120 Кл зарядт тасымалдау үшін 8 мин ішінде 600 Дж жұмыс атқарылды.Тізбектегі ток күші мен кернеуді анықтаңдар.(3)

6. Өткізігіштің ұштарындағы кернеу 15В. Егер 20с ішінде 150 Дж жұмыс атқарылса, өкізігіштегі ток күші қандай?(3)

Бағалау критерийлері

  • Ом заңын біледі және қолданады

  • Кедергілерді салыстырады

  • Ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін пайдалана алады.

  • Ток күшін және электр кернеуін біледі және қолданады


Оқушылар алдымен жеке тақырыпты оқып сонан соң тақырыпқа байланысты Ом заңына есептер шығарады.

Презнтациямен жұмыстанады. Қажетті формулаларды жазады.

Оқушылардың шығарған есептері тексеріліп 10 балдық жүйемен т бағаланады.

Тапсырмалар орындауға арналған парақтар.

Сабақтың соңы


Үйге тапсырма


Оқушыларға сабақ соңында үй тапсырмасына тақырып соңындағы жаттығу есептері беріледі.

Есептердің шығарылу жолы түсіндіріледі.

Оқушылар тапсырмаларды орындайды






Оқушылар үйге тапсырма алады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
707
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі