400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ .Төкпе күймен шертпе күйдің ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка мектебінің оқушыларымен оқытушыларына көмек болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Төкпе күймен шертпе күйдің ерекшелігі » 3 сынып Ыбырайымова Дияра

Сабақтың мақсаты: Төкпе күймен шертпе күйдің өзіне тән ерекшелігін түсіндіру.

Білімділігі: Оқушыға күй өнерін ,оның ішінде төкпе ,шертпе мектептерін жан-жақты еркін , ізденіспен , шебер ойнай білуін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушының танымдық қызығушылығын, есту, сақтау қабілетін дамыту, әр мектептің ойнау әдісін жетілдіру.

Тәрбиелік: Төкпе , шертпе күй өкілдерімен таныстыру,қазақ халқының өнері арқылы оқушының бойындағы туған еліне,жеріне деген сезімін ояту арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу,рухани жан дүниесін байыту.

Сабақтың түрі :Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Буклет, плакаттар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.

2.Қазанғап «Күй басы Ақжелең» күйін жатқа ойнау.

Мұғалімнің сөзі: Өткен сабақта Қазанғаптың «Күй басы Ақжелең» күйін ойнап шығарған болатынбыз. Халық арасында күй өнерінің саз-сарындары бойынша айырып тану үшін «төкпе күй» және «шертпе күй» деген атаулар қолданып жүр. Бүгін осы екі мектептің өкілдерімен танысып , ерекшелігін білетін боламыз.

Жаңа сабақ: Күйлер өзінің дәстүрлік орындаушылық ерекшеліктеріне байланысты орындалу мәнеріне, құрылыс тәсілдеріне, қағыс түріне, саз әуені мен екпін ырғағына қарай негізінен екі үлкен мектепке жатады. Олар төкпе күйлер, шертпе күйлер деп аталады. Оның біріншісі төкпе күйлерге музыкалық образы жағынан симфониялық сипатты бейнелейтін, көбіне тез қарқында орындалатын Қазақстанның батыс өңіріндегі күйлер жатады. Шертпе күйлерге құрылымы жағынан адамның ішкі жан сезімін тербететін әуендері күйдің атына сай ауыз екі әңгімелеп отырғандай тыңдаушысына ұғымды, екі ішекті алма кезек сұқ саусақпен шертіп орындау түрлерімен асықпай орта екпінде баяндалатын күйлер жатады.

Әрине, осы аймақшылықтарын өз ерекшеліктері, яғни бір – бірінен айырмашылығы бар.

Мысалы, Құрманғазы мектебі дауылды, оң қолының ауқымы кең және динамикалық күшінің болуы,

Дәулеткерей мектебі биязы, лирикаға әсемдікке жақын, оң қолдың қағыс шеңбері «тар» болады.

Қазанғап өзінің саздылығымен, күйдегі ұзақтықтың (размер), қағысымен ерекшеленсе,

Дина мектебінде де өзіндік ерекшелігі бар: өзгеріп кететін ырғағы, Маңғыстау мектебі сүйрете қағуы (триольді тез алуы), шалыс қағыс алынуы .

Шертпе күйлер ежелден Қазақстанның Шығысы Алтай, Тарбағатай, арқа елінің Шыңғыстау мен Баянтау, Қарқаралы мен Ұлытау өңірінен бастап Жетісу, Қаратау және Сыр бойына дейін ел арасында кеңінен тарап, орындалып келген. Ел арасында «Шертпе күй» деп те «Нақысты күй» депте аталған. Қазақтағы «Сыр шерту», «көңіл күйін шерту» деген сөздерге шертпе күйлер өзінің аты жағынан ғана емес, ішкі әуендік құрылым мазмұны жағынан да үйлесіп отырады.

Арқа мектебінің басты айырмашылығы шертіп тартылуы, сол қолдарының аппликатурасы, сондай – ақ ол дәстүр күйлерін «мәтінсіз ән» деуге болады,

Жетісу күйлерінде қағыс қағу, перне басу амалдары және саздық ерекшеліктері,эпикалық тұрғыдағы аңыз - әңгімеге лайық ежелгі күй сазын байқатады.  

Қаратау мектебі шертпе және төкпе қағыстар аралас болып келсе,

Алтай – Тарбағатай мектебі де ән тектес, ойнақы, бір сазды ән регистрде қайталау.  «Төкпе » және «шертпе» деген атаулар қобыз, сыбызғы, сазсырнай, месқобыз сияқты аспаптарда күйлердің қасиетін анықтауға келмейді. Себебі, бұл аспаптар шертіп те, соғып та тартылмайды.

Күйлердің орындаушылық ерекшеліктерін, олардың екі үлкен мектепке бөлініп: шертпе күйлер, төкпе күйлер болып дараланатының сөз еткенде, екі мектептің де басында тұрған ұлы күйшілерді атамай болмайды. Олар XІX ғасырда өмір сүріп, артына өшпес мұра қалдырып кеткен халық композиторлары Құрманғазы мен Тәттімбет. Бірі төкпе күйдің, бірі шертпе күйдің алғашқы негізін қалап, қалыптастырып кеткен тұлғалар.

Шертпе күйдің атасы саналатын Тәттімбеттің қазақтың аспаптық музыкасы мен дәстүрлі күйшілік өнердегі алатын орны ерекше. Тәттімбет Қарағанды облысы, Қу ауданындағы Мөшеке бұлағы деген жерде 1817 жылдар шамасында өмірге келіпті. Тәттімбет Қазанғапұлы — қазақ жерінің Орталық, Шығыс, Оңтүстік өңірлеріне ең тамаша талант иесі ретінде танылған күйші-композитор. Тәттімбеттің «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ» деген күйлері бар .

“Сылқылдақ” күйі. Бүл күйді композитор өзімен күй сайысына түсіп, өнер көрсеткен домбырашы қызға арнап орындаған. “Сылқылдақ” күйінің музыка тіліндегі күміс қоңырау үні, әдемі әуені тыңдаушыға ерекше әсер қалдырады. Күй бойынан жастық жалын мен өмірге құштарлықтың лебі еседі. Күй сарыны Тәттімбетке тән композициялық ерекшелік қолтаңбасын даралап, оның шертпе күйдегі нақышын танытады.

Дамыту: Күй орташа екпінде, 2\4,3\4 өлшемде ойналады, Фа диез қозғау белгісі бар.Нүктелі нота ,триоль қағысы кездеседі.

Бекіту : Рефлексия Не білдім?

Не білемін ?

Не білгім келеді?

Не білдім?






Қорытындылау : Бүгінгі сабақта төкпе күймен шертпе күйдің өзіне тән ерекшелігін біліп , күйдің әр мектеп өкілдерімен танысып, мағлұмат алдық.

Үйге тапсырма : Тәттімбет «Сылқылдақ» күйін жүргізіп ойнау.

Бағалау:Жақсы Өте жақсы.



























Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі







«Төкпе күймен ,шертпе күй ерекшелігі»

Тәттімбет «Сылқылдақ»



Өткізген : Төремұратова Н











2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
3300
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі