400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Топырақтың экологиялық проблемалары" 7- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"топырақтың экологиялық проблемалары" тақырыбынан география пәнінің мұғалімдері бірнеше әдістерді өз сабақтарында пайдалануға болады.Мысалы "Рөлдік ойын,Маршрут картасы,Күннің көзін ашайық," және тәжірибе жасаудың үлгісі көрсетілген.Картаны пайдалану еркшелігін,оқушылардың бағалауы әр тапсырмадан кейін жүргізіп отырғанын пайдалана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар.

Күні:25.01.2018

Сынып: 7

Мектеп: №118

Мұғалімнің аты-жөні: Билерова Ж

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Топырақтың экологиялық проблемалары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сәйкес)

7.3.4.5. Топырақтың экологиялық проблемаларын жіктеп шешу жолдарын ұсынады.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Топырақ эрозиясының себептерін біледі.

Басым бөлігі: Топырақтың ластану жолдарын анықтайды, ластану аймақтарын картадан көрсетеді

Кейбірі: Топырақтың экологиялық проблемаларын шешу жолдарын ұсынады.

Бағалау критерийі

1.Топырақтың адам өміріндегі маңызын айтады.

2. Эрозиға ұшырау себептерін түсіндіреді, түрлерін жіктеді.

3.Топырақтың ластану жолдарын талдайды.

4. Ластану аймақтарын картадан көрсетеді

5. Топырақты сақтап қорғаудағы тиімді жолдарды ұсынады, өз ойларымен бөліседі.


Тілдік мақсаттар

Оқылым-айтылым: Мәтінді түсініп оқып топ ішінде талқылайды, пікірлерімен бөліседі.

Тыңдалым-жазылым. Зерттеулер мен тәжірибе жұмыстарын жасап, термин сөздерді жазып алады.

Пән бойынша сөздер мен терминдер: Эрозия, рекультивация, қалдықтар қоймасы.


Құндылықтарға баулу

Ұлттық қауіпсіздік: Өз елінің, туған топырағын аялауға, қорғауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Химия. Химиялық тыңайтқыштар, топырақтың химиялық құрамын біледі. Қала және оның маңындағы аудандардың топырағы әр түрлі химиялық элементтермен қорғасын, мырыш, мыш, мышьяк, ванадий сияқты ауыр металдармен ластанғанын біледі.

Алдыңғы білім

Топырақ ұғымын біледі.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпта жағымды атмосфераны қалыптастыру үшін “Көршіңе сыйла жылулық” әдісі арқылы сабақты бастаймын.

“Суреттер” әдісімен топтастырамын

1 «Жер»

2 «Су»

3 «Жел»

Үй тапсырмасын “Күннің көзін ашайық” әдісімен сұраймын.


Сабақтың ортасы


25 минут












































1-тапсырма. Тақырыпты ашу мақсатында BilimLanд-тан бейнефильм көрсету.

Оқушыларға алдын-ала сұрақтар беріледі.

а) құнарлы жерлердің жарамсыз болуының себебі неде?

б) Топырақ эрозиясы дегеніміз не?

в) Топырақтың эрозияға ұшырау себептері неде?

г) Топырақтың ластану дегенді қалай түсіндіресіз?

Оқушылар бейнефильмді көру арқылы берілген сұрақтарға жауап береді.

2-тапсырма.

«“Ойлан жұптас бөліс” әдісі бойынша оқушылар шығармашылық қабілетін, ойлау деңгейін арттырады. Қызығушылықтары оянады. Тақырып бойынша өз түсінгендерін кластер жасайды

Дескриптор

1. Топырақтың экологиялық проблемаларын жіктейді.

2.Қазақстандағы топырақ эрозиясы басым аймақтарды картадан көрсетеді

3. Адам әрекетінен өзгеріске ұшыраған топырақты мелиорациялау жұмыстарына ұсыныстар жазып, ойларын бөліседі.

4.Топырақтың құнарлылығын сақтау

шараларын қарастырады.

3 Тәжірибе жасау арқылы топырақ эрозиясының түрлерін оқушылар өздері анықтау.

Ескертпе: Оқушылар тәжірибе жұмысы кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаулары керек;

(Химия пәні мұғалімдерінен арнайы көзілдіріктер, ақ халат, қолдарына резенке қолғап.

Токпен жұмыс жасау барысында мұғалімнің нұсқаулығымен жұмыс жасау. Ток көздеріне су қолдарымен жақындамау.)

1-топ.су эрозиясы: Бұл тәжірибенің мақсаты:оқушылар су, жел эрозиясының қалай жүретіндігін түсінулері керек. Өз қорытындыларын ұсынулары керек.

  • үлкен ақ қағаз;

  • тамызғыш(пипетка)

  • 1-2 ас қасық топырақ

Оқушылар ак қағаздың ортасына 1-2 ас қасық топыраққа жоғарыдан тұрып тамызғышпен су жібереді;


2-топ.Жел эрозиясы.

  • 5-10 кесе топырақ керек, төбешік жасау үшін;

  • Шаш кептіретін фен;

  • Топырақтың екі жағына қатты кардон қағаз керек;(топырақты үрлегенде айналасына шашырамау үшін)

3-топ.Су немесе өзен эрозиясы.

  • Су толтырылған контейнер

  • Үлкен тақтай(ол тақтайдың беті сырғыма болу керек, бір жағы биіктеу болу керек.)

  • Су жинайтын контейнер;( Тақтайдың үстіне селофанмен қаптап екі жағын қабырға етіп көтеру керек, одан соң үсіне 5-6 кеседей топпырақ себеміз, жоғарыдан үстімен су жібереміз)

Топтар тәжірибе барысында төмендегі жоспар бойынша талдау жүргізеді:

А) тәжірибе барысында қандай өзгерістер болды;

Б) Ол өзгерістердің салдары қандай? (шаруашылыққа әсері)

В)Мәселені шешу жолдарын ұсыну;

Қалыптастырушы бағалау.

Дескриптор

Топырақ эрозиясының үш түрін тәжірибеден өткізу;

Топырақ эрозиясының осы түрлерінің себеп-салдарын анықтау;

Топырақ эрозиясы түрлерінің топта талқылау арқылы шешеу жолдарын ұсыну;




4“Маршрут картасы” әдісі.

1.Экологиялық проблемалары бар аймақтарды атап, көрсету.

2.Қазақстанның қай аумақтарында желдің үрлеу әрекеті қатты байқалады, жел зрозиясына ұшыраған аймақтарды көрсету.

3.Қазақстанның жағалық эрозияға ұшыраған жерлерін анықтау, су эрозиясына ұшыраған аймақтарды қалпына келтіру жолдарын ұсыну.

Дескриптор

Топырақ экологиясы туралы біледі.

Топырақтың жел эрозиясына ұшырау себептерін түсінеді.

Қазақстанда су эрозиясына ұшыраған аймақтарды қайта қалпына келтіру жолдарын ұсынады.

5.тапсырма.

5 «Рөлдік ойын»

Эколог

Жер реурстарын басқару агенттігі

Топырақты мелорациялау бөлімінің бас маманы на оқушылар сұрақтар қояды.


Picture 3 Picture 2

Picture 4 Picture 6 Picture 49




















































































Picture 1


























































Үлкен ак қағаз, топырақ, су, шаш кептіретін фен, селофан,2 шелек, қатты тақтай, тамызғыш(пипетка













































Picture 9



























Сабақтың соңы


5 минут





Кері байланыс:


Саралау- сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз

оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану

“Маршрут картасы” әдісінде оқушылар сұрақтармен , түрлі тапсырмаларды картамен орындайды. Тәжірибе жасау барысында шығармашылық,танымдық қабілеттері артады. Мұғалімнің көмегін аса қажет етпейтін және мұғалімнің көмегіне жүгінетін оқушылардың ынта-ықыластарын сабаққа аудару үшін үнемі тапсырмалар мен түрлі ойындар ұйымдастырып отырамын.

Бағалау оқушылар өзін-өзі бағалау ,бағдаршам,смайликтер арқылы бағаланады.

Бағалау критерилері мен дескрипторларды пайдалана отырып, шынайы және әділ бағалау қолданылады.






Сыныпта жағымды атмосфераны қалыптастыру. Әр оқушының ойын құнды деп санау, ойларын жеткізулеріне ықпал ету. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды қадағалау. АҚТ мен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін ескертіп отыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді болады ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізеді ме ?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
4443
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі