400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Топырақтың қандай қасиеті бар? 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестермен тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3 «в»

Заттар және олардың қасиеттері .

Табиғат ресурстары

Мектеп: №49 мектеп-гимназия

Мұғалім: Омарова А.

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні: 04.02.2021ж



Тақырыбы:


Топырақтың қандай қасиеттері бар?

Оқу мақсаты:

3.3.4.3 топырақтың негізгі қасиетін анықтау;

3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылар:

Топырақтың қасиеттерімен танысады;

Эксперимент жасай отырып, топырақтың басты қасиеттері жайлы ақпарат алады;

Бағалау критерийі

Эксперимент сұрағы және болжамы, болжамының сәйкестігіне қарай бағалау

Барлық топ мүшелерінің ұйымдаса жұмыс жасауын бағалау.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Топырақ және оның құрамына қатысты сөздермен сөздік қорлары  артады;

Эксперимент қорытындысын шығарады және зерттеушінің күнделігіне жазады;

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

 Борпылдақ, ұсақ тамырлар, құнарлылық

Құндылықтар

Топырақты қорғау

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

АКТ қолдану

дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Топырақтың құрамын біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы



Ұйымдастыру.

  1. «Артық сөзді тап!»

  • Қарашірік, су, құм, қант, саз, ауа.

  • Қалған сөздерге не ортақ?

2. Біліміңді тексер! Өткен тақырып бойынша тест сұрақтары

1. Топырақтың құрамына нелер кіреді?

a) ауа, су, қарашірік, құм, саз

b) құм, саз, ағаш, жапырақ

c) жәндіктер мен өсімдік қалдықтары

  2.Топырақ деген ...:

a) құм мен тас

b) саз балшық

c) жердің өсімдік өсетін беткі қабаты

3. Қарашірік дегеніміз....:

a) топырақ бетіндегі заттар

b) жердің беткі борпылдақ қабаты

c) шіріген өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары

4.Топырақ құрамын қалпына келтіру үшін не істеу керек?

a) қарашірік пен тыңайтқыш қосу керек

b) минералды тұз араластыру керек

c) қара топырақты қопсыту керек

5.Топырақтың  құрамы өзгере ме?

a) иә  b) жоқ


Жаңа сабақ




































Сабақтың ортасы






1.Топырақтың түсі.

Топырақтардың түсі неге әртүрлі екенін, құрамында қандай заттың көбірек екенін топта талқылау және ойларын ортаға салуға қолайлы жағдай туғызу.


Рисунок 1


 2. Топырақтың борпылдақтығы. Стақандардағы топырақпен эксперимент жүргізу.

1. Қаратопырақтан бір уыс топырақ алып, екі алақанға қысу. Алақанды ашу. Не өзгерді?

- Қай жерде ауа көбірек екен?

- Топырақтың ішінде ауа қай жерде болады?

- Құрамында ауа көп топырақты қалай атайды?

- Топырақтағы ауа не үшін керек?

  Рисунок 2


Назарларыңды экранға бұрыңдар видеороликті тамашалайық

3.Топырақтың басты қасиеті. Тақтаға «Құнарлылық» сөзін жазу.

Жазылған сөздің түбірін анықтау.

- Құнарлы топырақ дегенді естулерің бар ма?

- Құнарлы топырақ деген нені білдіреді?

- Қандай топырақ ең құнарлы деп ойлайсыңдар?

- Неге?

Рисунок 3

4. Зертте. Біреуінде топырақ, біреуінде тас салынған стаканға су құямыз. Не өзгеріс байқадыңыздар.

5. Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен танысқан соң, жұпта борпылдақ және құнарлы, сазды және құмды топырақты салыстырып сипаттау.

(Сәйкестендіру)

құрғақ - ылғалды

борпылдақ - тығыз

құнарлы - құнарсыз

6. Жеке жұмыс.

Топырақтың қасиетін анықтап, сызбаға жаз.

Овал 1

Топырақ


Прямая соединительная линия 2 Прямая соединительная линия 4


Прямая соединительная линия 1 Прямая соединительная линия 3



7. Ойлан. Жерден басқа қандай ғаламшарлар бар екенін сұрап, қосымша білімдерін тексеру. Жердің басқа ғаламшардан қандай айырмашылықтары бар екенін сұрау. Басқа ғаламшарларда топырақ  бар ма немесе жоқ па деген сұрақ қою.

8. Сен білесің бе? Оқушылардан бақшада көгөністен басқа не өсетінін сұрау. Арамшөптің сұрпы бойынша топыраққа ненің жетіспейтінін, оның құрамын қалай өзгерту керектігін анықтауға болатынын айту.

Қазір балалар бастапқыда көрсеткен үш суретке қайта оралайық. Қазір видео көріп, қорытынды айтасыңдар.

Пластикалық стақанға салынған әртүрлі топырақтар


Қажетті ресурстар: су құйылған стақандар, жұмсақ топырақ, ұсақ тастар.







 видеоролик




















































видеоролик




Сабақтың соңы


Рефлексия

  • Топырақтың қандай қасиеттерімен таныстық?

  • Топырақтағы су қандай бағытта қозғалады екен?

  • Топырақ түсі нені білдіреді?




Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Тақырып бойынша сұрақ құрастыру.

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Жеке жұмыстар беру.

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Тәжірибе кезінде сумен абайлап жұмыс істеу.

Сабақ бойынша

рефлексия: Смайликтер арқылы жүргізілді.





Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) ?

1: Тәжірибе жүргізу.

2: Топтастыру әдісі.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу.

Келесі сабақтарда тәжірибені үйден өздеріне орындатып, талдама жүргіздіру.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
839
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі