жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ «Топырақтың құрамы»
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары.
|
Мектеп: Қатысқандар саны: 22 Қатыспаған оқушылар: 0 |
Күні: 14.01.20ж |
|
Тақырыбы: |
Топырақтың құрамы |
Оқу мақсаты: |
3.3.4.2 топырақтың негізгі құрамын зерттеу (құм, саз, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, су, ауа); 3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу.
|
Сабақтың мақсаты: |
Топырақтың құрамымен танысады. |
Бағалау критерийі |
Топырақтың құрамымен танысады, оларды ажырата алады. |
Тілдік мақсат |
Топырақтың құрамына кіретін заттарды атай алады. |
Пәндік терминология мен тірек сөздер: Қарашірік, топырақ құрамы.
|
|
Құндылықтар |
Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі, математика. |
АКТ қолдану дағдылары |
Таныстырылыммен жұмыс |
Алдыңғы меңгерілген білім |
Оқушылар топырақтың маңызы туралы біледі. |
Сабақ барысы |
||||
Жоспарланған уақыт
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 2 минут
3 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін «Аялы алақан» әдісін пайдалану. Қағаздан жасалған алақанға оқушылар бір-біріне тілек жазады. Көмектес. Тапсырманы орындау барысында оқушылар топырақта кездесетін тірі ағзалармен танысады және топырақтың құрамында не болуы мүмкін екенін талқылайды. «Ойлан. Жұптас. Бөліс» стратегиясы арқылы топырақ туралы не білетіндерін жұптасып талдау. Ойларын сызбаға жазу. Әр жұпқа өткен тақырыпты қайталау үшін алдын ала дайындаған сызба беріледі. ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. |
Алақан суреті
Сызба
|
||
Сабақтың ортасы 5 минут
2минут |
Тіршілік етуге қажет жағдайлар. Мақсаты: Топырақта ауа мен су барын дәлелдеу. Ой бөлісу. Жетекші сұрақтар арқылы оқушылар тірі ағзалардың тіршілік теуіне қажет жағдайларды талқылайды. Топырақтың құрамында ауаның және судың болуын болжайды. Ойларын дәлелдейді. Топырақтың жұмсақ және қатты болуы ескеріле кетуі керек. ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Жер астындағы тіршілік. Мақсаты: Ақпарат көздерін салыстыру. Екі шыны ыдыстағы топырақты салыстыру. Топырақта тіршілік ететін жәндіктер мен құрттар туралы әңгімелеу. Топырақтың құрамымен танысу. Сұрақтар: -Топырақта қандай жәндіктер тіршілік теуі мүмкін? - Судың астындағы топырақ қандай болады? -Топырақта ауа болады ма? -Құрттар мен шұбалсындар топырақта қалай қозғалады? Олардың жүрген жолы қандай болады? -Шұбалшын топырақты не істейді? ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Топырақта. Топырақты үстінгі қабатын сурет бойынша талқылау. Жетекші сұрақтар арқылы топырақта өсімдіктер мен жәндіктердің шіріген қалдықтары болатынын түсіну. Сұрақтар: -Топырақтың беткі қабатында не бар? - Күзгі уақытта өсімдіктермен не болады? Ойыңмен бөліс. - Кепкен, қураған, шіріген жапырақтарға не болады? - Ал тіршілігін тоқтатқан жәндіктер ше? - Сонда топырақта тағы не болады екен? ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Зерттеу жұмысы. Мақсаты: Тәжірибе жоспарын құруды және оны жүргізуді, топырақ құрамын зерттеуді үйрену. Топқа біріктіру. Оқушыларды «Менің затым» ойыны арқылы бірнеше топқа біріктіру. Мұғалім әр оқушының бір затын алып, қорыпқа жинап алады. Алынған заттарды топ санына байланысты топтастырады. Оқушылар заттары бойынша бір-бірімен бірігеді. Ресурстарды таратып беру. Әр топқа су құюға арналған стақандар, энциклопедиялар, таяқшалар, ас пісіруге арналған қағаз, әртүрлі топырақтар және үлкейткіш әйнек беріледі. Зерттеудің сұрағы: Топырақтың құрамы туралы болжамды дәлелдеу үшін не істеу керек? Зерттеудің жоспары: -топырақта ауа барын дәлелдеу; - топырақта су барын анықтау. Зерттеудің барысы: Бір стақан суға топырақты салып, оның ішінде ауа барын анықтау, қорытындысын зерттеуші күнделігіне жазу; Топырақты таяқшамен араластырып, бірнеше минутқа қойып қою; Жұқалтыр (фольга) қағазға, кішкене топырақ салып, оны алақанмен қысып, топырақты сілкіп тастау. Нәтижесінде топырақта су барын анықтау; Үстелдің үстіндегі стақанға қарап, оның бетіндегі ұсақ қалдықтарды үлкейткішпен қарау. Ой қорыту жасау. Саралау: Ынтасы жоғары оқушыларға немесе топтарға топырақтағы суды тағы қалай алуға болатыны жайлы сұрауға болады. Зерттеудің қорытындысы. Зерттеуші күнделігіне оқушылар топырақтың құрамы туралы жазып, тәжірибе барысында алынған нәтижелерін талдайды, жауаптарын салыстырады. ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы. Ойлан. Оқушылар жұптасып топырақ құрамының өзгеру себептерін болжайды, жауаптарын салыстырады. Сен білесің бе? Топырақтың түзілуі туралы ақпарат беру. Cергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға арналған ұсыныстар. 3-жұмыс парағы. «Қабаттар», 5-б. Пазлдарды жина. Зерттеудің қорытындысына негізделіп, әр пазлдың орнын табу. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: Топырақтың құрамын біледі; Әр пазлды дұрыс нұсқамен сәйкестендіреді. 4-жұмыс парағы. «Топырақтың құрамы», 6-б. Топырақ. Берілген сөздерден топырақ құрамына жататындарын анықтап, бөліктердің суретін анықтайды. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: Топырақтың құрамына кіретін заттарды табады; Заттардың суретін салады; Суреттерді бағыттама арқылы топырақтың қабаттарына орналастырады. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша бағалауы. |
Оқулықпен жұмыс
Слайд №6
Су құюға арналған стақандар, энциклопедиялар, таяқшалар, ас пісіруге арналған қағаз, әртүрлі топырақтар және үлкейткіш әйнек
Слайд №7
Слайд№8
|
||
Сабақтың соңы 2минут |
Кері байланыс. «Табыс баспалдағы» арқылы өздерін бағалау.
|
|
||
|
||||
Саралау –оқушыларғақалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||
Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. |
Қалыптастырушыбағалауқұралдары: -мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту); - өзара бағалау: «зерттеу бойынша бағалау» - мұғалімнің жазбаша керібайланысы -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау; -«Табысбаспалдағы». |
Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген