Пәні: Қазақ тілі | 1-бөлім: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелерТақырыбы: М.Мақатаев «Тоқта ботам! Атаң келеді артыңда...» |
Мектеп: |
|
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Садырова М.Қ. |
Сынып: 5 «А» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | 5.3.6.1 - тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру5.Т6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.ТБ1.1. Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: |
| Өлеңді оқып, мазмұнын түсінеді; Жалпы есімдерді табады; |
| Оқушылардың басым бөлігі: |
| Өлең мазмұнын түсінеді. Мәтін бойынша берілген ақпараттың дұрыс не бұрыстығын табады; |
| Кейбір оқушылар: |
| Мәтін мазмұнын әкесінің атынан баласына арнап қысқаша хат жазады; Жалқы есімдерді орынды қолданады; |
Тілдік мақсат | Пәндік лексика мен терминология: жалқы, жалпыЖаңа сөздер: жарықтық, зиялы, қалжырайды |
Бағалау критерийлері | Өлең мазмұнын түсінеді, өзіндік көзқарасын білдіреді;
Мәтіндегі зат есім түрлерін ажыратады, тәуелдеп жазады;
|
Пәнаралық байланыс |
АКТ, өзін-өзі тану, өнер, әдебиет, тіл |
Алдыңғы оқу | Табалдырықты баспа |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған тапсырмалар | Ресурстар |
Басталуы | Оқушылармен амандасу. «Атомдар мен молекулалар» әдісімен 3 топқа бөлінеді. Шарты: әуен қойылып, оқушылар оған билейді, әр тоқтатқан сайын «Атомдар мен молекулалар1» деп әр түрлі сан айтылып, топтасады, қайта жалғасады. Мұғалім «4» деген санды айтқан кезде, бөлінген құрамы ұнаса, солай бөлуді ұсынады болмаса қалауынша жалғастырып барып, топқа бөледі. Психологиялық дайындық.«Шаттық шеңбері» арқылы бір-біріне тілек айту |
|
Ортасы
| Мәтіналды жұмыс Айтылым. Суреттегі сотқар баланың іс-әрекеті жайлы сөйлеседі. Жалпы және жалқы есімдерді қолданады.Дескриптор:-жалпы және жалқы есімдерді қолданып сөйлесімге түседі.Тыңдалым. Айтылым.Өлеңді түсініп оқып, батаны кім және қашан беретіні жайлы айтады.Тыңдалым. Айтылым.Актер Сәбит Оразбаевтың орындауындағы «Тоқта, балам, Атаң келеді артыңнан» әнін тыңдату.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.1.Бұл әнді бұрын тыңдап па едіңдер?2.Ән кімге арналған?3.Бұл әннің сөзі мен әнін кім жазған? Олар туралы не білесіңдер?Дескриптор:-өлеңді мәнерлеп оқиды.-сұрақтарға жауап береді.Тыңдалым. Жазылым.Өлеңді мәнерлеп оқып, өлең мазмұны туралы өзіндік көзқарастарын айту. Өлеңдегі жалпы есімдерді көшіріп жазу.Дескриптор:-өлең туралы өзіндік көзқарасын білдіреді.-өлеңдегі жалпы есімдерді табады.АйтылымМәтін бойынша берілген мәліметтің дұрыс не бұрыстығын анықта.1.Өлең әкесі мен баласы туралы2.Өлең үлкенді құрметтеу туралы3.Әкесі баласына кеңес берді4.Атасы немересіне кеңес берді5.Үлкендерге жол берсең, олар саған бата береді6.Үлкендерге жол берсең, олар саған тәтті береді7.Қарт адам баланың әкесі мен анасын өсірген8.Олар бір отбасында тұрады.9. Атасы бұрын көп ертегі айтып беретінДескриптор:-берілген мәліметтің дұрыс не бұрыстығын анықтайды.
Жазылым
| АКТ,портрет, суреттер, тірек сызбалар |
Аяқталуы
Үйге тапсырма | Топтық жұмыс1-топ. Мәтін мазмұнын әкесінің атынан баласына арнап қысқаша хат жазады2-топ. Сурет пен мәтінді пайдаланып қысқаша қойылым сценарийін жазады.3-топ. Берілген жалпы есімдерді жекеше түрде тәуелдеп жазады.РефлексияМен сабақтан қандай әсер алдым?Маған не қиын болды, не оңай болды?Маған қандай ақпарат жаңалық болды?Маған әлі де нені жетілдіру керек?
Аталарыңды жеңіс күнімен құттықтап ашық хат жазу. |
|
Қосымша ақпарат |
РефлексияСабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге?
|
|
Қорытынды бағамдау
|