Материалдар / ашық сабақ Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал- жабдықтар 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал- жабдықтар 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған бағдарлама бойынша дайындалып, өткізілген ашық сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
922
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Бөлім 3 А: Дизайн және технология

Мектеп: ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп



Мұғалімніңаты- жөні: ДжакуповаГ.М


Күні: 19.01.18

Сынып:

Қатыспағандар саны

қатысқандар саны:






Сабақтың тақырыбы

Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал-жабдықтар



Осы сабақта қол жеткізілетін мақсаттар (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.2.1

Тігін машинасының құрылысын, жіп өткізуді сипаттау және білу, машина тігістерін орындау.

5.2.2.2

Тігін бұйымдарын ылғалды-жылумен (үтік) өңдеуге арналған жабдықтарын білу, сипаттай алу және қолдану.

5.2.6.2

Қол еңбегі құралдарымен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін, еңбек гигиенасының ережелерін білу (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру және тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу).


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: құрал- жабдықтарды ылғалды – жылумен (үтікпен) өңдеу(үтік, тігін машинасы жабдығы, қауіпсіздік шарасын сақтау

Оқушылардың көбі:құрал- жабдықтарды ылғалды – жылумен (үтікпен) өңдеу, үтік, тігін машинасы жабдығы, қауіпсіздік шарасын сақтау. Машиналы тігісті орындау.

Кейбір оқушылар:құрал- жабдықтарды ылғалды – жылумен (үтікпен) өңдеу (үтік, тігін машинасы жабдығы, қауіпсіздік шарасын сақтау. Машиналы тігістерді техникалық сауаттылығы жағынан орындау және оларды жіктеу


Жетістік критерийлері

  1. Тігін машинасы жабдықтарын және онымен жұмыс істеудің ерекшеліктерін біледі ;

  2. Тігу бұйымдарын ылғалды – жылумен (үтікпен) өңдеуді біледі;

  3. ТҚ ережелерін біледі, және қолданады;

  4. Тігін құрал- жабдығымен жұмыс жасаған кезде практикалық дағдыларды меңгеру


Тілдік мақсаттар


Оқушылар мынаны істей алады:

- тігін машинесінің құрылымы туралы және машина тігістерінің терминолгиясын аңгімелеп бере алады;

- ЫЖӨ түрлерін, ЫЖӨ ақауларының пайда болу себептерін түсіндіре алуы қажет

Сұрақтар:

Тігін машинесін не үшін қолданамыз?...................

ЫЖӨ ретілігі...............?

Үтікті қолдану ережелеріне-……..?

Машине табаны қандай қызмет атқарады ………?

Терминология: платформа, машине инесі, табан, шәрнөк, шәрнөк қақпақшасы, тісті рейка, шпулька, жоғарғы жіпті реттеуіш, таспа, түзу тігіс, жылтыр іздер, түсінің өзгеруі, мата құрамы, бастыра үтіктеу, жатқыза үтіктеу, айыра үтіктеу


Құндылықтарды дарыту

Сыныптастарының ойы мен көзқарастарын құрметтеу, өзара көмектесу.


Пән аралық байланыстар

сызу, технология, физика, тарих.


Түпнұсқалық оқыту

ылғалды – жылумен өңдірудің арнайы терминологиясын, қол және машинамен жұмыс істеудің терминологиясын, машина тігістерін орындау сызбалары және оқу бейнелерін қолданады.


АКТ қолданудағдылары

АКТ қолдану :презентациялау, веб қорлары.


Бастапқы білім


Бұрынғы сабақтардан оқушылар өзге шеберлердің жұмыстарымен танысқан. Олар өз қолдарымен әр- түрлі бұйымдар жасап үйренді. Түрлі бұйымдар жасаған да, безендіргенде алдағы уақытта қол жұмысын жасаған кезде өз білімдері мен дағдыларын, қажетті құралдарды пайдалана алады.


Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс- әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3- мин

  1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, ұйымдастырушылық іс- шарасы

  2. Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын/ міндеттерін және жетістік критерийлерін аңықтау.

Таныстырылым,оқу жоспары

Сабақтың ортасы

2 мин



7 мин





3 мин.











5 мин.

















5 мин.





















10-мин

  1. Зерттеуге кіріспе /сұхбат- пікір талқылау.

3.1Оқушылармен қазіргі замандағы өндірісте және адам өмірінде тігін машиналардың мәнін талқылау.

- Сіздің үйіңізде тігін машинасы бар ма?

- Ол қалай жұмыс жасайды? (қол жетекті, аяқ жетекті, электрлі)

- Тігін машинасын ойлап шығару біз үшін нені берді?

3.2 (Ж) (Т) (Ф) Электрлі тігін машинасының құрылымын таныстыру.

Оқушыларға тігін машинасының бөліктерімен: платформа, жеңі, жетегі, табаны, өркеш - өркеш рейкасы, машиналы ине, челнок жабдығы, шпульді қалпақша, шпулька, жоғарғы жіптің тарту реттегіші сияқты бөлекшерді аңықтау және есте сақтауды ұсыну.

(К) Қауіпсіздік іс-шараларымен танысу.

4.1 Тігін машинасымен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік іс- шаралары мен санитарлы- гигиеналық талаптар

1. Мұғалімнің рұқсатынсыз тігін машинаның алдына отыруға болмайды.

2. Шашты жинау, жеңді қайыру

3. Тігін машинасының платформасынан бөгде заттарды алыңыз.

4. Жұмыс алдыңда матадан түйреуіштер мен иенелерді алыңыздар.

5. Жіпті машина инесіне сабақтаған кезде аяқты педальға баспаңыздар.

6. Машинаның қозғалып және айналып жатқан бөліктеріне жақын еңкеймеңіздер.

7. Жарық алдыңан немесе сол жақтан түсіп тұруы тиіс.

8. Жұмыс барысында алаңдамаңыз.

9. Машина алдыңда тіке, үстелдің толық үстіңде отыру керек

10. Бұйымдар жұмыс істеп отырған адамның көзінен 30-40 см арақашықтықта болуы тиіс.

4.2 Тігін машинасында жұмыс істеудің басталуы мен аяқталу ережелері

Машинаны жұмыс істеуге дайындау.

1.Машинаны жұмысқа дайындау.

2. Инені және табанды жоғары көтеру.

3. Табан астынан мата қиындысын алу.

4. Жоғарғы және төменгі жіпті машина табанының артына қарай жіберу.

Жұмыстың басталуы.

1.Табан астына жұмыс үшін арнап дайындалған матаны салу және оны инемен тесу.

2. Жіптің соңын артқа қарай шектеу.

3. Табанды түсіру және жұмысқа кірісу.

Жұмыстың аяқталуы.

1. Инені және жіп тартушыны жоғарыға көтеру.

2. Табанды көтеру және матаны сол қолымен артқа қарай апару.

3. Машинада ұзыңдығы 10-15 см болатын соңдарын қалдыра отырып жіптерді кесу.

4. Табан астына мата үзіңдісін сала отырып, оны түсіру.

5. Бос жүріске машинаны қалдыру.

4.3 Ылғалды- жылу жұмыстарын орындаған кезде қауіпсіздік техникасының ережелері

1. Жұмыс кезіндегі қауіптер:

. шнурдың жануы;

. күйіп қалу: бумен, үтік табанынан және шнурдың жануынан;

. электрлі тоқтан зардап шегу.

2. Жұмыс басталмай тұрып не істеу керек:

Шнурдың оратылып қалмауын және үтік табанын таза болғанын тексеру;

Қызу режимін тексеру;


  1. Жұмыс барысында нені істеуіміз керек:

. үтікті құрғақ қолымен қосу және сөндіру.

. үтікті арнайы тіреуге қою;

. шнур үтіктің табанына жанаспай, қызып кетпеуін байқау ;

. матаны ылғандыру үшін пульверизатор қолдану.

4. Жұмыс аяқталған кезде не істеуіміз керек:

. үтікті сөндіру;

. оны арнайы тіреуге қою.

Оқушыларға арналған сұрақтар:

  • Тігін бұйымдарын ылғалды - жылумен өңдеу дегенді қалай түсінуге болады?

  • Ылғалды - жылумен өңдеу үтік үтіктен басқа қандау құрал-жабдығын қолданады?

  • Электрлі үтікпен жұмыс жасаған кезде қандай ережені сақтауымыз керек?

(Д)Мұғалім үлгіге практикалық әрекеттермен дәлелдеп үтікпен қауіпсіздік іс- шараларын түсіндіреді: қайып тігілген тігісті үтікпен басу, үтіктеп бастыру, үтіктендіру.

5. (И) (Ф) Практикалық жұмыс/тәжірибе өткізу.

5.1Оқушылар жоғарғы және төменгі жіптерді сабақтау ережелерімен танысады.

5.2 Тігін машинаны басқару дағдыларын әзірлеу үшін оқушылар сызбаларды пайдалана отырып, қағаз бетінде жіпсіз тігісті салу бойынша жаттығулар орындайды. (тіке, ирек, сопақ, параллельді және т.б.)

5.3 Оқушылар өздерінің үлгілерін рәсімдейді және дескрипторлар бойынша өздерінің жұмыстарын бағалайды:

1. Тігіс үлгілерін ұқыпты орындайды.

2. Жікті техникалық жағынан сауатты орындау. Кейбір оқушылар ауызша комментарийлер береді.

ҚТ ережелері





Құрал- жабдықтар және материалдар: мата үзімдері, қайшылар, жіптер, инелер және т.б.



Сызуға арналған материалдар (қарындашсызғыш, өшіргіш және т.б.)





















































«Технологиялық карта» тарату материалы

Сабақтың соңы

5 мин.


7. Сабақ шарттары бойынша өзіңдік бақылау және нәтижеге өзіңдік баға беру.

Сабақтың соңында оқушылар жасаған жұмыстарына талдау жүргізеді және қандай жұмыс жақсы атқарылды ал, қай жұмысты жақсарту керек екендігіне белгілер (рефлексия) жүргізеді.

8. Қорытынды өткізу.

Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылау:

  • Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар:

  • Тігін машина не үшін қолданылады?

  • Ылғалды – жылумен өңдеуді орындау кезінде қандай жүйелілік қолданады?

  • Электрлі үтікті қолданған кезде қандай ережені сақтаған дұрыс?

Тарату материалы


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік іс-шараларын сақтау


Өзіңді бағалай және зеттеу парағын қолдана отырып, өзара бағалау жүргізу жопарланады

Т= топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс

Ф = форматты баға беруге демеушілік көрсету

= қауіпсіздік бойынша кеңес беру

Осы сабақтың әр бір кезеңдерінде қауіпсіздік іс- шарасын қатаң сақтаумен өткізіледі.

1.Жалпы қауіпсіздік техникасы және тәптіп сақтау «Көркемөнер» кабинетінде өткізіледі

2.Электр құралдарымен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақмақсаты/ оқыту мақсаты шынайы болды?

ОМ барлық оқушылар білдіме?

Жоқболса, неге?

Сабақта дифференциациясы дұрыс өткізілдіме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталындыма?

Сабақтың мақсаты мен жоспарынан қандай алшақтықтар байқалды?

Жалпы баға

Сабақтың қандай екі мәнісі жақсы өткізілді (оқыту сияқты оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін не әсер етті (оқыту сияқты оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ бойынша мен сынып туралы немесе нақты бір оқушының қандай жетістіктері/ қиыншылықтарына көзім жетті, болашақта неге назар аударуым керек ?













Тақырып: Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал-жабдықтар

Оқу мақсаты:

5.2.2.1 Тігін машинасының құрылысын, жіп өткізуді сипаттау және білу, машина тігістерін орындау.

5.2.2.2 Тігін бұйымдарын ылғалды-жылумен (үтік) өңдеуге арналған жабдықтарын білу, сипаттай алу және қолдану.

Бағалау критериі Білім алушы: Тігін машинесі құрылысын зерттейді

Машина тігістерін орындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма:

Электр жетекті тігін машинесінде жұмыс жасау

Тігін машинесінде әр- түрлі қалыптағы тігістерді жіпсіз орындау

  1. Қағаз қйындыларын әзірлеп қою (3 дана 12 см ×17 см)

  2. Қарындашпен төрт түзу сызық жүргізу №1


Shape10 Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2












1 №2 №3





  1. Қарындашпен толқын тәрізді сызықтар жүргізу №2

  2. Қарындашпен зигзаг сызық жүргізу №3

  3. ТҚЕ сақтай отырып сызық бойымен жіпсіз тігіс жүргізу

Дескриптор Білім алушы:

Тігін машинесінің құрылымын анықтайды;

Топ ішінде құрылғылардың бөлшектерін талқылайды

Бөлшектердің атқаратын қызметттерін анықтайды

Қажетті жазбаларды жүргізеді, нобайын салады

Жіпсіз тігістер орындайды




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!