Сабақтың
тақырыбы: «Тоқыма туралы түсінік»
Білімділік
мақсаты:
оқушыларға тоқыма тоқу өнері жайлы
түсінік беру,оқушылардың білімдерін
тереңдету.
Дамытушылық
мақсаты:
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
дамыту,ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік
мақсаты:
оқушыларды әсемдікке үйрету,эстетикалық
тәрбие беру.
Сабақтың
түрі:
аралас
Сабақтың
әдісі:
түсіндіру,сұрақ-жауап
Пәнаралық
байланыс:
тарих,сурет,сызу,математика
Керекті
құрал-жабдықтар:
тоқыма жіптер,ілмек біз,тоқыма сымдар
Сабақ
барысы:
I.Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылармен
амандасу,сабаққа дайындығын
тексеру,оқушыларды түгендеу
II.Өткен
сабақты қайталау
«Тігін
бұйымдарын модельдеу» тақырыбы бойынша
оқушыларға сұрақтар беру
1.Тігін
бұйымдарын модельдеу дегеніміз
не?
2.Тігін машинасымен жұмыс кезіндегі
Т.Қ.Е.
3.Тігін бұйымдарына қандай
бұйымдар жатады.
III.Жаңа
сабақ
Тоқыма өнері қазақ халқының қолөнердің
бір саласы.Тоқуды ерте кездегі
әже-апаларымыз жақсы білген.Халық
шеберлері бізбен,сыммен тоқу арқылы
балаларға, үй- ішіне керекті көптеген
заттарды өздері жасайды.Тоқыма тоқу
үшін тоқыма жіптер және тоқыма сымдар
қажет.Екі басы сым темірден жасалған
ортасына түтікше пластмасса бар ілмек
сым жемпір,шұлық,шарф және т.б. бұйымдарды
тоқуға арналған.Тоқыма тоқу үшін таза
жүннен, матадан,вискоздан, синтетикадан
иірілген жіптер пайдаланады.Түтілген
үлпілдек жүнді бір шетінен суыра шүйкелей
отырып домалаққа төгеді.Домалақтың
ортасында әдейі ызған баудан немесе
кез келген матадан екі қабаттап істелген
бүлдіргісі сыртқа шығып тұрады.Жіп
иіруге кіріскенде бүлдіргені солақай
қолдың ортан саусағына іліп қояды.Бұл
ілмек шүйкені қыл-қоқыстан сақтап,оны
биік жерге іліп қою үшін өте қажет.
Иіріп
келе жатқан жіп үзіліп кетсе, оны шүйкенің
үлпілдек ұшымен жалғастырады.Тоқыма
жіптер жуан сапасы жақсы болу
керек.Жіптердің түсі әр түрлі болуы
керек,себебі түстер қызыл,сары,көк,жасыл
бір- бірімен үйлесім табуы қажет.
Қолмен
тоқуда да неше түрлі өрнек,әсем әшекей
жасалады.Өрнек түрлері әр түсті жіптерді
кездестіріп қолданумен қатар, жіптің
шалымын, ілмегін санай отырып, әр алуан
өрнек жасап тоқу арқылы орындалады.
3,
4, 5 топтардағы тоқудың әдісі көбінесе
өткермелеу, орай бұрап өткермелеу,кенереге,аралық
шыбықтарға,қадаларға бекіте тоқу арқылы,
кейде өрімшілік әдістерін пайдалана
тоқу арқылы орындалады.
Тоқу өнерінің
ең көп тараған түрі қармақты бізбен
ілмелеп тоқу.Бізбен ілмелеп тоқудың да
түрлері бар.Мысалы: бірыңғай
ілмелеу,созылмалы етіп әр жерінен белдеу
тастап тоқу,сирек тор жасап тоқу және
т.б.Шұлық, шарф, қолғап,шәлі сияқты жағдай
заттарды 5 сыммен тоқиды.Тоқудың барлық
түрінде де 5 сымның төртеуі ілмектерді
жинап өздеріне тізіп тұрады да,біреуі
үнемі ілмектерді теріп,санай отырып
әлгі 4сымға тізеді.Бес сыммен ілмектерді
санап тізу арқылы тоқымаларға әр түрлі
ою-өрнектері жасалады.
Жалпы тоқыма
тоқи отырып оқушылар сабырлықты,төзімділікті
үйренеді.
IV.Сарамандық
жұмыс
Әр
оқушы өз бетінше жұмыс жасайды.Тоқу
үшін керекті құралдар:
1. Біз
немесе сым
2. Тоқыма жіптер және
қайшы
Сарамандық жұмыста бірінші
оқушыларға шалулардың түрлерін
үйретеміз.Негізгі шалулар:
Тізбек (
цепочка)- бірнеше үлпілдек шалудан
жасалған тізбектер алғашқы қатар
тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы
негізі болып табылады.Ілмектің ұшына
бір шалу жасайды да, жіпті ілмекке орап,
алғашқы шалудың ортасынан өткізіп
алады.
Жай шалу- ілмекті 3 шалудың
алдынан кері қарай өткізеді. Ілмекке
жіпті орап,шалып алады, сонан соң жіпті
тағы орап оны ілмектегі екі шалудан
өткізіп алады.
Қысқаша шалу- ілмекті
тізбектегі 3 шалудың алдынан артына
қарай өткізеді.Содан соң ілмекке жіпті
орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп
алады.
V.Сергіту
сәті
VI.
Жұмбақ шешу
1.Атқа
арта салдым,ішіне толтырып ас салдым
(қоржын)
2.Қос ілгекті орындық
Атқа
мініп алады
Адам оны орнығып
Мініп
еркін шабады. (
Ер-тоқым)
3.Жарқылдаған қос қылыш,
Қолға
тисе жоқ тыныш (қайшы)
4.Жүрген сайын
жүйрігім,
Қысқартады құйрығын (
ине-жіп)
5.Адамға сонша пайдалы,басында
сансыз көзі бар (оймақ)
VII.
Үйге тапсырма
Тізбек
шалу әдісін пайдаланып, оң шалу әдісімен
тоқуды бастап келу
VIII.
Қорытынды
Тақырыпты
қайталап, қорытындылау