жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Тоқырау жылдарындағы Қазақстан
Пән: Қазақстан тарихы Бекітемін: __________
Уақыты : __________ ___ж Оқу ісі жөніндегі орынбасары
Топ: 22 С.М.Адырова
Сабақтың тақырыбы: “Тоқырау жылдарындағы Қазақстан”
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділігі: оқушыларға Қазақ КСР-нің 1960 -1985 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы туралы нақты мәліметтер арқылы түсіндіру. Республика бойынша құрылған ауыр және жеңіл өнеркәсіп орындары салынуы туралы білу және КОКП -нің ұлт саясатында ұстанған саясатын түсіндіру.
Ә)Тәрбиелігі: оқушыларды Отанын сүюге, құрметтеуге, еңбексүйгіштікке және өз елінің табиғатын қорғауға, елжандылыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Б)Дамытушылық: Білім алушылардың білімге деген ынтасын, белсенділігін арттырып, топпен жұмыс арқылы олардың бойында ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Ізденіс, аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, ой қозғау, интерактивті әдіс, СТО технологиясының элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар, видеофильмдер
Әдісі: Баяндау, топпен жұмыс, ой қозғау, талдау, жинақтау, бағалау
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.
Дереккөздер: Оқулық, сайт, ресурстар.
Пән аралық байланыс: География, экономика, дүниежүзі тарихы
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
А)Амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ә)Әр түрлі әдіспен жаңа материалды түсіндіру.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
Тақырыбы: Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру
Тест тапсырмасын орындау
Тест сұрақтары:
1.Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қай жылы қабылданды?
А) 1953 жылы жазда В) 1954 жылы көктемде С) 1960 жылы қыста.
2. 1954-1954 жылдары тың игеруге бөлінген қаржы
А) 20 млрд В) 30 млрд С) 42 млрд
3. Тың игерушілердің алғашқы баспанасы қандай болды?
А) Тас және ағаш үйлер В) Палатка, вагондар С) Жатақхана, жалдамалы баспана.
4. Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі топырақ жамылғысының түрі қандай?
А) Қара қоңыр топырақты зона В) Сұр топырақты зона С) Қара топырақты зона.
5. 1940-1950 жылдардың ішінде Қазақстанда қанша жаңа қала бой көтерді?
А) 15 В) 86 С) 1200.
6. Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі негізгі шаруашылық түрі:
А) Астық шаруашылығы В) Мал шаруашылығы С) Биязы жүнді қой шаруашылығы.
7. Тың игеру барысында 1960 жылдардың басына дейін Қазақстанға қанша адам қоныс аударды?
А) 132 мың В) 640 мың С) 2 млн-ғажуық.
8. Қазақстанның солтүстік бөлігінде ең көп және тығыз орналасқан халық:
А) Орыстар В) Қазақтар С) Поляктар.
9. Республикада жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 млн 787 мыңды құраған санақ қай жылы жүргізілді?
А) 1958 жылы В) 1959 жылы С) 1960 жылы
10. Төмендегі облыстардың қатарында%-бен септегендегі халық ең тығыз орналасқан облысты белгіле:
А) Ақмола В) Қостанай С) СолтүстікҚазақстан.
Тест жауаптары:
1.В 2. А 3. В 4.С 5. А 6. А 7. С 8. А 9. В 10. С
Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары:
-
Әлеуметтік-экономикалық дамудағы теріс құбылыстар.
2. Ұлттарды қосу саясаты
-
Неміс автономиясы. 1979 жылғы Целиноград оқиғалары
Видео ролик. Тоқырау жылдарындағы Қазақстан
Әлеуметтік-экономикалық
дамудағы теріс
құбылыстар.
Шартты түрде тоқырау жылдары
деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980
жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде
социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші рөл аткарып
келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда солғындады. Жыл
өткен сайын КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп,
дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне
бастады. ХХ ғ. 70-жылдарының басында
60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның
қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы
идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып,
тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын. “Тоқырау” кезеңі
дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы
бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен
дамыды.
1980 жылға дейін 250-ге жуық
кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа
салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық
шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы
қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы
одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар
республиканың шикізат ресурстарын өздеріне тасып алып, аса зор
пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды
дамытуға қаржы жұмсамады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы
жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық
бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проценттен аз қаржы
аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептерге байланысты
өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекелеген
экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар
орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа
өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Еңбек тәртібін бұзушылыққа
жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті
дәрежеде тез енгізілмеді.
Тоқырау кезеңін қамтыған үш
бесжылдық аралығында ауыл шаруашылығын 1965 жылдан басталған
реформалау әрі жалғастырылды. Аграрлық салаға қаржыны көптеп бөлу,
селоның әлеуметтік проблемаларын шешу, шаруашылық есепті енгізу,
ауыл шаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары
белгіленді. Осы бағытта тек 1971-1978 жж. ауыл шаруашылық саласына
58,2 млрд. сом бөлінді. Мұның нәтижесінде 1985 жылға дейін негізгі
егін шаруашылығы жұмыстары – жер жырту, тұқым себу, дәнді
дақылдарды жинау, мал шаруашылығы саласындағы жұмыстар 75-90%
техникаландырылды. Алайда, ауыл шаруашылығы проблемаларын тек
күрделі қаржыны көбейту арқылы шешу жолы тиісті нәтиже бермеді.
Аграрлық секторда аса маңызды орын алатын жердің құнарлылығын
арттыру, электрлендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын және
өңдейтін кәсіпорындар жеткілікті дәрежеде салынбады. Сондай-ақ село
еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық проблемалары шешілмей
қалды, сөйтіп бұл салада күткен бетбұрыс болмады, нәтижесінде ауыл
шаруашылық өнімдерін өндіру тұрақсыз болды. Егістіктің шығымдылығы
азайды, мал шаруашылық өнімдерін өндіру
төмендеді.
Әлеуметтік саладағы ең өткір
проблеманың бірі тұрғын үй проблемасы болды. Халық санының өсуіне
байланысты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі аяғына дейін
шешілмеді, оған үй салуға бөлінген қаржының азаюы себеп болды,
тұрғын үй құрылысының жоспары орындалмады. Тек, 11-ші бесжылдықта
ғана республикада 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға
берілмеді, мектеп, аурухана, балалар бақшасын салу жоспары
орындалмады. Сөйтіп, тоқырау кезіндегі келеңсіз процесстер
әлеуметтік саланы мықтап шарпыды. Әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға
қаржы бөлудің “қалдықтық принциптері” қалыптасты, яғни ол салаға
таза өндірістік мақсаттардан артылған қаржы ғана бөлінді. Қорыта
келгенде, 70-80-жылдары республика экономикасында тұтастай Одақтың
халық шаруашылығына тән үйлесімсіздіктердің бәрі көріне
бастады. Бұл ең алдымен басқарудың әміршіл-әкімшілдік әдістерінің
әбден орнығуы еді. Экономикалық ынталандыруды жоққа шығара отырып,
қалыптасқан жүйе экономиканы экстенсивтік даму жолында ұзақ ұстап
қалды. Мемлекеттік меншіктің іс жүзінде ведомстволық меншікке
айналдырылуы өндіріс қызметкерлерін құрал-жабдықтарынан алыстатуға
алып келді. Еңбекақы төлеу жүйесі еңбектің нәтижесімен
байланыстырылмады. Кәсіпорындардың ешқандай дербестігі болған жоқ.
Халық шаруашылығы иесіздіктен, жаңа техника мен технологияны нашар
енгізуден үлкен зиян шегіп жатты. Экономикалық ведомстволар
түріндегі орталықтың әміріне бағыну республикадағы жағдайды одан
әрі қиындата түсті. 80-ші жылдардың ортасында республика
экономикасы дағдарыс жағдайына
ұшырады.
Тірек сызба:
Ұлттарды қосу саясатының идеологиялық негізделуі
Тоқырау жылдарының идеологиясы және КОКП-ның ұлттық саясаты
Ұлт Олжас
зиялыларының Сүлейменовтың
наразалығы «Аз и Я» кітабы
Целиноград оқиғалары
Ұлттарды қосу саясаты. 1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды. 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл Конституциясында да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу т.с. қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді
Тоқырау кезеңінің идеологиясында орыстандыру саясаты басты бағыттардың бірі болып қалыптасты. Хрущевтік-брежневтік әкімшілік әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан жерде тарихи жаңа қауымдастық – кеңес халқын жасау ниетін көздеді. Коммунистік әкімшіліктің “халықтардың мызғымас достығы”, “ұлттар мен ұлыстардың жақындасуы жəне бірігуі” туралы тезистері жүзеге асырылып жатты. Патша өкіметі сауаттылықтың өлшемі орыс тілінде оқу және жазу деген көзқарасты орыстандыру саясатының тірегіне айналдырды. Кеңестік дәуірде де орыстандыру саясаты өз жалғасын тапты. Бұған Кеңестер Одағындағы түркі-мұсылман халықтары қолданған араб әліпбиінің кириллицаға көшірілуі айқын дәлел. Ұлттық мектептер тек ауылды жерлерде сақталып, жоғары оқу орындарындағы оқу процесі орыс тілінде жүргізілуі патша өкіметі ұстанған ұлт саясатының заңды жалғасы іспеттес болды. Әкімшіл-әміршіл кеңестік жүйе жағдайында И.Сталиннің ұлттарды ұлттық тегі мен рухани қазыналарынан айырып, оларды «біртұтас кеңес халқына» айналдыру саясаты өмірге келді. Соның кесірінен Кеңес Одағында 98 тіл біржола жойылды, қазақ тілі де жойылудың аз-ақ алдында қалды. Тың игеру жылдары республикада қазақ мектептерінің саны күрт кеміді. Әсіресе Солтүстік облыстарында қазақтар балаларын ана тілінде оқыта алмай, амалсыздан орыс мектептеріне берді. Халық арасында қазақ тілінде оқыған бала болашақта күн көре алмайды деген теріс ұғым калыптаса бастады. 1989 жылы республикадағы мектептердің 33%-ы ғана қазақ мектептері болып қалды.
1960 жылдардың ішінде Мəскеуде қазақ студенттерінің тұңғыш ұлттық-демократиялық бейресми ұйымы – “Жас тұлпар” құрылды. Басты ұйымдастырушысы – Мұрат Əуезов. Көмекшілері А.Қадыржанов, Б.Тайжанов болды. Мақсаты: бұқараның ұлттық санасын ояту, жоғарғы органдарға ұлт қатынастарына қатысты нақты ұсыныс айту. “Жас тұлпар” ұйымы алғашқыда 800 студентті біріктірді, кейін Алматы, Ақмола, Шымкент, Ленинград, Киев, Одесса, Павлодар, Ригада құрылды. Қарағандыда “Жас қазақ”, Семейде “Тайшұбар” деп аталды. 1970 жылдары ұйымның ықпалымен “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Айгүл” ансамбльдері құрылды.1975 жылы Олжас Сүлейменовтің “АЗиЯ” атты тарихи-лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді. “Игорь жасағы туралы жырды” талдай келіп, бұл жыр славяндық жəне түркілік этностық əлем шекарасында дүниеге келген және жырда екі көрші мəдениеттің шындықтары көрініс тапқан деген тұжырым жасады. Алайда ұлыдержавалық шовинизм идеологтарына бұл ұнамады. Бас идеолог М.Сусловтың басшылығымен тойтарыс беріліп, кітап тауар айналымынан алынып тасталды, жаңа басылымына тыйым салынды.
Неміс автономиясы. 1979 жылғы Целиноград оқиғалары. 1979 жылғы 16 — 19 маусымда Целиноград қаласында болған әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы наразылық қимылдары.
Еділ бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшірілді. КОКП 20-съезінен кейін 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында таратылған көптеген автономиялы республикалар қалпына келтірілгенімен Еділ бойынан көшірілген немістер жөніндегі шешім қайта қаралмай қалды. Осыған байланысты жер аударылған немістер арасында тарихи отандары — ГФР-ға көшу мәселесі жиі көтеріле бастады. Бұл процесті тоқтату үшін кеңес өкіметі немістердің тарихи отанына оралуына шек қойды және Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылданды. Ол шешім 1979 жылғы көктемде КОКП ОК Саяси Бюросының мәжілісінде республика үкіметі мен Жоғарғы Кеңестің келісімінсіз қабылданды. Бұл шешімнің конституцияға сәйкес келмейтініне қарамастан, Қазақ КСР-і үкіметі мен Қазақстан Коммунистік партиясы ОК елеулі қарсылық көрсете алған жоқ. Бұл автономиялық облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының біраз аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы болып белгіленді.
Автономиялы облыс құру туралы мәлімет республикаға тез тарап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. 16 маусым күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ және орыс тілдерінде “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясына жол жоқ!” және басқа да ұрандар жазылған тақтайшалар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. Облыс басшыларының митингіні тез арада таратуға тырысқан әрекеті іске аспады. Митингіге қатысушылар шеп түзеп, қала көшелерімен ұрандатып өтті. Облыстың және қаланың партия басшылығы тоталитарлық жүйенің дәстүріне сай әрекет жасай отырып, халықтың Саяси бюроның ойланбай алған шешіміне қарсы жасалған шеруі мен ашу-ызасын идеологиялық жұмыс дәрежесінің төмендігіне әкеліп саяды. Студенттер жатақханаларына “түсінік жұмысын жүргізу үшін” насихатшылар тобы жіберілді. Автономия құру туралы шешім болған жоқ деп мәлімдеп, облыс басшылығы КОКП ОК Саяси Бюросының автономиялы облыс құру жөніндегі жобасынан іс жүзінде бас тартты.
Келесі шеру 19 маусымда болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 2-4 мыңдай адам қатысты. Шеруге қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды. Целиноградтан кейін шағын митингілер мен шерулер Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда өтті.
Бұл бой көрсетулерден соң жазалау науқаны шектеліп, тіпті әкімшілік істері бойынша да сот процесі жүрген жоқ. Алайда республика басшылығы және Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бұл шерулер туралы ақпарат таралмауы үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Баспасөзде, партия активтері мен пленумдарда бұл оқиғалар туралы ештеңе айтылмады.
YI. Жаңа сабақты бекіту.
Сәйкестендіру тесті
|
1960 жылдардың ішінде құрылған, айнласына алғашқыда 800 студентті біріктірген ұйым |
А.Қадыржанов, Б.Тайжанов |
|
1970 жж. әлемнің көптеген елдеріне танымал болған, «Жас тұлпардың» ықпалымен құрылған ансамбльдер |
О.Сүлейменов |
|
«Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымының идеялық дем берушісі және басты ұйымдастырушысы |
«Тайшұбар» |
|
1960 жж. құрылған «Жас тұлпар» ұйымының ұйымдастырушылары |
1975 ж. |
|
1960 жылдары қазақ жастары Қарағандыда құрған ұйым |
Целиноград |
|
1960 жылдары қазақ жастары Семейде құрған ұйым |
«Жас тұлпар» |
|
1975 жж. кітабы тауар айналымынан алынып тасталған әйгілі қазақ ақыны |
М.Әуезов |
|
Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» тарихи-лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді |
Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Ақмола |
|
Халық жазушысы О.Сүлейменовтың дүние жүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған еңбегі: |
А.Коркин |
|
1979 ж. «Неміс автономиясының» құрамына іргелес аудандағы енгізілмек болған облыстар: |
Сүлейменовтың «Аз и Я» |
|
1979 жылы «Неміс автономиясын» құруға қарсы жастар қозғалысы болған қала |
1960 ж. ішінде |
|
Неміс автономиясын құру жөніндегі комитеттің шешімі бойынша автономияның әкімшілік орталығы: |
«Гүлдер», «Дос-Мұқасан», «Айгүл» |
|
Неміс автономиясын құру жөніндегі комитетке басшылық етті |
«Жас қазақ» |
Бекіту сұрақтары.
1. «Ұлттарды қосу» дегенді қалай түсінесін?
2. М.Әуезов құрған ұйымда алғашқыда қанша студент болды?
3. «Жас тұлпар» ұйымының ықпаламен құрылған ансамбльдер?
4. «Жас тұлпар» ұлттық-демократиялық бейресми ұйымының негізгі мақсаты қандай?
5. КОКП –ның ішкі саясатының басты бағыты қандай?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген