400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Төрт түлік" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалды жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде ұсынамын. Сабақ топтық жұмысқа негізделген. Бұл сабақта оқушылар төрт түлік мал туралы мағлұматтар алады. Сабақта оқушылар шығармашылық жұмыстармен айналысып, ой-өрістерін, сөйлеу тілін дамытады. Тілдік төрт дағдыны қалыптастырып, дамытады.Сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын ортаға салды. Сабақ соңында өз әсерлерімен бөлісті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

4-бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Мектеп : 2 ЖББМ, Алматы қаласы

Күні :

Мұғалімнің аты-жөні : Жандарбекова Р.М.

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Төрт түлік (4-бөлім)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5. Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогқа даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру.

5. Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай, рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: коммуникативтік жағдаятқа сай, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: коммуникативтік жағдаятқа сай, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысады, өз пікірін білдіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

жанрлық ерекшеліктеріне сай, рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазады.

Бағалау критерийі

1. Тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар құрастырады.

2. Сұрақтар құрастыруда одағай сөздерді қолданады.

3.Сұрақтарға жауап беру арқылы диалогке дайындықсыз қатысады.

1. Жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті ескереді.

2. Рәсімделуі мен құрылымын сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: одағайдың түрлерін ажыратады, қолдану орнын біледі.



Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

көс-көс, құрау-құрау, аухау-аухау, моһ-моһ, шөре-шөре, пұшайт-пұшайт, т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар: жанрлық ерекшеліктерін сақтап, хат, жарнама, хабарландыру жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану: жоғары деңгей дағдылары.


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» құндылығы. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, биология, информатика.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Үй жануарларын біледі. Хат, хабарландыру, жарнама жазуды ажыратады, жанрлық ерекшеліктерін біледі.








Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурс

тар


Бағалау

Сабақтың басы



1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу.

2. Психологиялық жағымды ахуал

қалыптастыру.

Ширату жаттығуы

Мейірімді жүрекпен, (жүректерін ұстайды)

Ақ пейілді тілекпен, (қолдарын көкке көтереді)

Амандасып алайық, (бір-бірінің қолдарын ұстайды)

Бір жадырап қалайық. (бір-біріне қарап күлімдейді)

Еңбек етіп ерінбей, Жақсы баға алайық! (бас бармақтарын көрсетеді)

3. Топқа бөлу. Төрт түлік пен төлдерінің суреттері бойынша топқа бөлемін.

Түйені алғандар - «Ойсылқара» ауылы

Жылқыны алғандар - «Қамбар ата» ауылы

Сиыр, қой - ешкіні алғандар - «Зеңгі баба және ұсақ малдар ауылы» болып үш топқа бөлінеді.











Төрт түліктің суреттері


Сабақтың ортасы














































































І тапсырма. Ой қозғау. Өз топ атауларына сәйкес бірнеше сөйлемдер айтамыз. Бір-бірімізді қайталамаймыз.

Жылқыны алғандар - «Қамбар ата» ауылы. Жылқы - төрт түліктің бірі. Саусаң - қымызы сусын, мінсең - көлік. Суыққа төзімді. Оның майы салқында тоңазымайды. Еті де, қымызы да ем.

Жылқының төлі  құлыншақ. Жылқы сұлы, жем жейді. Құлыншақ сүт емеді. Жылқының сүтін – қымыз деп атайды. Жылқы мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Жылқының пірі – Қамбар ата.



Түйені алғандар - «Ойсылқара» ауылы. Түйе – түлік басы. Түйе – көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды. Түйенің төлі бота. Түйе тікен жейді, су ішеді. Ботасы сүт емеді. Түйенің сүтін – шұбат деп атайды. Түйе мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Түйенің пірі -   Ойсылқара.

Сиыр, қой - ешкіні алғандар - «Зеңгі баба және ұсақ малдар ауылы» Сиырдың пайдасы. Сиыр ірі қараға жатады. Оны көбіне - көп сүті үшін ұстайды. Сиырдың сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе, ірімшік дайындайды.
Сиырдың төлі бұзау. Сиыр жем, шөп жейді, су ішеді. Бұзау сүт емеді. Сиыр сауса сүт, сойса ет, терісінен киім тігеді. Сиырдың пірі – Зеңгі баба. Ал қой сүтінен қандай тағамдар жасалады? Қой жүнінен жасалатын заттар күзгі терісінен - тон, қысқы терісінен тұлып тігеді. Жүнінен киіз басады. Жіп иіріп, қолғап, шұлық тоқиды. Қойдың сүті қою, жағымды болады.

Тыңдалым тапсырмасы: «Жануарлар әлемі» деген видеоны көрсету. Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беру.

  1. Қандай жануарлар туралы естідіңдер?

  2. Үй жануарларының біз білмейтін қандай қасиеттері бар екен?


ІІ тапсырма. ТЖ. Әр топқа тапсырма беріледі.


1-топ: Тыңдалым мәтіні бойынша бір-бірімен диалогқа түсу. Тыңдаған мәтін негізінде сұрақтар құрастырады.


2-топ: Қазақтың ұлттық ойыны «Кім қалай шақырады?» желісі бойынша тапсырма орындайды. Ойын шарты беріледі. Сұрақтар құрастыруда одағай сөздерді қолданады.


3-топ: «Малды ауылда» интервью алу.

Күтпеген сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

1. Мәтін бойынша ашық сұрақтар құрастырады.

2. Сұрақ мазмұнында одағай сөздерді қолданады.

3. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды жауап береді.


музыка ойналып тұрады


3- тапсырма. ТЖ жұмыс.

Хат, хабарландыру, жарнама жазу.

«Рафт» әдісі

Әр оқушы жеке тапсырманы орындап болған соң, өз жұмысын топта оқиды. Топтан ең үздік жұмыс анықталып, сиқырлы орындықта оқылады.


Р – «Қамбар ата»

А – оқушылар

Ф – хат

Т – еркін


Р – «Ойсылқара»

А – оқушылар

Ф – хабарландыру

Т – еркін


Р – «Зеңгі баба»

А – оқушылар

Ф – жарнама

Т – еркін


Дескриптор:

1. Жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті ескереді,

2. Рәсімделуі мен құрылымын сақтайды.































































«Сиқыр-лы орын-дық»














«Үш шапалақ»

































Жауап берген оқушыны мадақтау, құптау







Топтар бірін-бірі бағалайды





























«Екі жұл-дыз, бір тілек»

1 минут







Сабақтың соңы






Үйге тапсырма

Вербалды: төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдер мен тыйым сөздерді жазу.

Визуалды: төрт түлікке байланысты сурет салу.

«Менің төрт түлігім» атты эссе жазу.


Рефлексия, қорытындылау


«Бес саусақ» тәсілі арқылы сабақта қорыту




Бас бармақ- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

Балаң үйрек – бірлесу. Мен топта жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек –ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?неліктен?

Кішкентай бөбек- көңіл күй ахуалы.Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
591
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі