400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Төрт түлік 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сыныпқа арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін_______________


Бөлім: 4

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Педагогтің аты-жөні:

Еренова Ж.А.

Күні

14.11.2024

Класс: 5 «Г»

Қатысушылар саны: 26

Қатыспағандар саны: жоқ

Сабақтың тақырыбы

Төрт түлік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.3.1 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау

5.4.3.1 Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлығы: мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын түсінеді;

Көпшілігі: мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтай алады;

Кейбірі: омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдана алады.

Бағалау критерийлері

- тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді;

- негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;

- омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.

Құндылықтар

Әділдік және жауапкершілік

АКТ қолдану

Интерактивті тақта, онлайн платформалар

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

Уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

6 минут


Оқушылармен сәлемдесу, қатысымын тексеру.





Үй тапсырмасын тексеру.

«Біліміңді байқап көр!»

«Lumio» платформасында «Сәйкестендіру» тапсырмасын орындату.


Психологиялық дайындық.

Жарайсыңдар, балалар! Егер сіздер қазақ тілі пәнін жақсы көрсеңдер, оң қолдарыңды көтеріңдер! Егер сіздер бүгінгі сабаққа өте керемет қатысамыз десеңдер, сол қолдарыңды көтеріңіздер! Егер сендер өз елімнің патриотымын деп есептесеңдер, алақандарыңды 3 рет соғыңдар! Керемет! Дәл сендердей жүрегі елім деп соққан ұлы үш бидің бірі, көрнекті қоғам қайраткері Қаз дауысты Қазыбек бабамыз жоңғар қонтайшысына Біз, қазақ, ежелден мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз! – деген екен.

Дұрыс-ақ, біздің ата-бабамыздың, көшпенді қазақ халқымыздың негізгі кәсібі, күнкөріс көзі, бары мен байлығы не болған екен?

«Ой шақыру» әдісі бойынша бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып, сабақ мақсатымен таныстыру.

Кезекші оқушы қатысым туралы және үй тапсырмасын (синоним, антоним, омоним ережелерін жаттау) айтады.

Оқушылар тақтаға шығып, интербелсенді тақтада берілген антоним сөздерді сәйкестендіреді.


Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, сабақта жүзеге асатын оқу мақсаттарымен танысады.




Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет!

Өте жақсы!

https://suite.smarttech-prod.com/library


Сабақтың ортасы

20 минут


Экраннан төрт түлік туралы бейнебаян көрсетіледі.

- Сондай-ақ, малдың қадір-қасиетін ерекше бағалаған тәжірибелі халқымыз:

Түйені – салтанат;

Жылқыны – мақтан;

Сиырды – қанағат;

Қойды – қазына деп санаған. Бүгінгі сабақтағы топтарымыздың атауы да осыған байланысты қойылды.

Бұл тіркестер қандай мағына береді, неліктен мұндай баға берген?


Топтық жұмыс

Тыңдалым мәтіні бойынша негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.

Әр топ өз атауының мағынасын түсіндіреді.

Түйе – сән-салтанаттың, көркемдіктің нышаны.

Жылқы мақтаныш саналған.

Сиыр – сүті мол, сондықтан береке, қанағаттың белгісі.

Қой – бізге берері мол қазына.



Әр топ өз түлігіне қатысты негізгі және қосымша ақпаратты табады.















Дескриптор

- мәтіннің мазмұнын түсінеді – 2

- негізгі ақпаратты табады – 2

- қосымша ақпаратты табады - 2

Слайд-презентация, бейне баян

Сабақтың соңы

10 минут

Жеке жұмыс.

Мал – баланың шашуы.

Саулықтың жасы үлкен,
Қошқардың басы үлкен

Арық атқа қамшы ауыр.

Қойшы көп болса,
Қой арам өлер.

Жылқылы елде жау көп.

Асты сызылған сөздердің синонимдік, омонимдік қатарын және антонимдік жұбын жазады.

Дескриптор

- синонимін табады – 2

- антонимін табады – 2

- омонимін табады - 2


Кері байланыс

2 минут


1. Төрт түліктің төлдері қалай аталады?

2. Төрт түліктің пірлерін ата.

3. Төрт түлікті қалай шақырады?

4. Төрт түлік қалай дыбыс шығарады?

«Бес жолды өлең»

Әр топ оқушылары өз түлігіне қатысты жазады. Жұпта талдап, оқиды.



Бағалау

2 минут

Дескрипторлар жазылған бағалау парақтары арқылы оқушыларды бағалап, білімкласқа түсіру.

Бағалау парағына белгі қойып отырады.



Үйге тапсырма

«Малдың баласын сүюі» өлеңін жаттау





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
28 мамыр
126
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі