400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Төрт түлік мал"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Төрт түлік мал" тақырыбында сөйлеуді дамыту оқу қызметіне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

(ересектер тобы)

Күні: 18.04.2018.

Тәрбиеші: Казахбаева Р.Б.

Білі беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Төрт түлік мал

Мақсаты: балалардың тілін дамыта отырып, төрт түлік мал туралы толық мағлұмат беру.

Міндеттері:

Білімділік: Төрт түлік малдың пірлері мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.

Дамытушулық: ойлау қабілеттерін, қиялын, тілін дамыту

Тәрбиелік: төрт түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, ойын.

Көрнекі-құралдар: төрт түлік малдың және төлдерінің суреттері.

Билингивалды компонент: Қой – овца – sheep, жылқы – лошадь – horse, түйе - верблюд - сamel, сиыр – корова - cows, ешкі - козы – goats.

Қызмет кезендері

Тәрбиешінің қызметі

Мотивациялық- қозғаушылық

Алақанды ашайық,

Күннің көзін жасайық

Таза ауаға қол сермеп

Жүрек жылуын жасайық

Мейрімділік шоғын біз

Қонақтарға шашайық (хормен)

- Балалар менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар? (бұл сурет)

- Ненің суреті берілген? (бұл суретте көңіл күй нышаны берілген)

- Бұл суреттегі көңіл күй нышандарын қайталап көрейікші?!

- Мұңайып тұрған көңіл күй нышаны (мұңаяды)

- Күліп тұрған көңіл күй нышаны (жымияды)

- Көңіл күйі өте керемет көңіл күй нышаны (күлімдеп тұрады)

- Ал қанеки, осындай керемет көңіл күймен орнымызға отырайық.

Ұйымдастыру-іздестіру

- Балалар, мен жұмбақ жасырайын. Сендер тауып көріңдер.

1)Батырға көлік болған
Сүті-қымыз
Жегенге тамақ болған
Тағамен-жүріс.

– Бұл қай жануар? (жылқы)

Т:- Жылқының пайдасын айта қойындар, ол қандай жануар?

- Жылқы адамның жан серігі. Мінсе - көлік. Жылқының қымызы бізге пайдалы, ауруға ем, еті өте тәтті. 
Т:- Балалар, жылқының орысшасы қалай аталады? Ал ағылшыншасы ше?

(жылқы – лошадь – horse)

- Жарайсыңдар. Келесі жұмбағымды жасырайын!

2)Ащыдан басқа жемейтін,
Ыстық шөлде отаны.
Шөлдесе су демейтін,
Шешуі бұл қай жануар?
(түйе)
Т: -Түйенің пайдасын айта қойындар.
- Түйенің сүтін шұбат дейді. Емдік қасиеті бар. Терісінің де пайдасы адамға көп. Мінсе - көлік. Түйе жүнінен жасалған кеудеше жылы болады.

Т:- Балалар, түйенің орысшасы қалай аталады? Ал ағылшыншасы ше?

(түйе - верблюд – сamel)

- Жарайсыңдар. Келесі жұмбағымды жасырайын!
3)Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар
Бұл қай жануар?
(ешкі)

Т:- Ешкінің пайдасын айта қойындар, ол қандай жануар?
- Ешкінің пайдасы ең бірінші жүні. Оның жүнінен биялай, күртеше, орамал тоқылады. Сүті өте пайдалы, кішкентай балаларға береді.
Т:- Балалар, ешкінің орысшасы қалай аталады? Ал ағылшыншасы ше?

(ешкі - коза – goat)

Т:- Жарайсыңдар. Келесі жұмбағымды жасырайын!
4) Аласа бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Бұл қай жануар?
(қой)

Т:- Қойдың пайдасын айта қойындар, ол қандай жануар?
- Қойдың еті тәтті, қойдың жүнінен көрпе, қолғап тоқиды, киіз басады.

Т:- Балалар, қойдың орысшасы қалай аталады? Ал ағылшыншасы ше?

(Қой – овец – sheep)
- Жарайсыңдар. Келесі жұмбағымды жасырайын!
Екі айнасы бар,
Төрт тармағы бар.
Бір шыбыртқысы бар,
Қай жануар?
(сиыр)

Т:- Сиырдың пайдасын айта қойындар, ол қандай жануар?
- Сиырдың ерекшелігі сүтті өте көп береді. Сүтінен тәтті айран, құрт, ірімшік, май жасайды. Еті өте дәмді болып келеді. Жайлауда жайылғанды ұнатады.

Т:- Балалар, сиырдың орысшасы қалай аталады? Ал ағылшыншасы ше?

(сиыр – корова – cow)
- Жарайсыңдар, балалар. Бұл жануарлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз? (төрт түлік мал)

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұрынғы ата бабаларымыз ежелден мал шаруашылығымен айналысқан. Қой, жылқы, түйе, сиыр төрт түлік малға жатқызған. Төрт түлік бізге кисек-киім, ішсек – тамақ, мінсек – көлік болған. Әр малдың өзінің киесі болған.

Қойдың пірі – Шопан ата.
Жылқының пірі – Қамбар ата.
Түйенің пірі – Ойсыл қара.
Сиырдың пірі – Зеңгі баба.
Ешкінің пірі – Сексек ата
( суреттерге мұқият қарап, бірге қайталайды)

Енді төрт түліктің төлдерін қалай атайтынын көрейік.

Түйенің төлі - бота
Сиыр төлі – бұзау
Жылқы төлі – құлын
Ешкі төлі - лақ

Қой төлі – қозы (жеке – жеке сұрау)

Сергіту сәті

Атқа жақсы қараймын,

Жал құйрығын тараймын.

Мініп алып сол атқа,

Барып жүрмін қонаққа.

«Жануарлар дыбысы» ойыны.

- Жарайсыңдар, балалар. Маған айтып беріңдерші, үйлеріңде сендерді аналарың-әкелерің қалай еркелетеді?

- Енді маған өткен оқу қызметінде жаттаған «Мал төлін қалай сүйеді?» өлеңін кім айтып береді екен?
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
Ештеңені білмейтін «момыным» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
Қараңғыға баспаған «қоқағым» деп.
Түйе сүйеді баласын «тайлағым» деп.
Жабу жапса жарасқан «жайнағым» деп.

- Жарайсыңдар, балалар. «Төрт түлігім ырысым» дидактикалық ойынын дайындап алып келдім. Бұл ойында сендерге 1 жануардың суретін беремін. Ал мына жерде көптеген суреттер бар. Бірақ сендер мына берілген суреттерден осы жануарға тікелей байланысты суреттер жинағын таңдап алыңдар.

Рефлексивті-түзетушілік

- Ал, енді балалар бүгінгі оқу қызметінде не үйрендік қайталап шығайықшы.

- Жарайсыңдар! (қорытындылау, мадақтау)




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
23 мамыр
4490
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі