Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Төрт түлік туралы жырлар.Сиыр 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Төрт түлік туралы жырлар.Сиыр 2 сынып бастауыш сынып мұғалімдерге арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Төрт түлік жырлары. Сиыр.

Сабақ мақсаты: Төрт түлік мал жайлы білімдері тереңдейді, жүйеленеді. Бірлесіп жұмыс жасайды, оқушы өз пікірін білдіреді, ойын дәлелдейді, өзгенің ойын тыңдай біледі.

Дамытушылық: Ой – өрісін, сөздік қорын байытады, мәнерлеп, түсініп оқиды, білім-білік дағдыларын дамытады

Тәрбиелік: Қазақ халқының өмірін төрт-түлік малмен байланыстыру, оқушыларды төрт түлікті құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.


Сабақ көрнекілігі: суреттер, сызбалар, интерактивті тақта

Сабақтың түрі: Топтық жұмыс.

Әдіс – тәсілдер: Ой қозғау, топтастыру, түсіндіру, ойын, талдау- жинақтау


Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

1. Балалардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Қонақтармен сәлемдесу.

3.Психологиялық ахуал тудыру.

Қуанасың сен де,

Қуанамын мен де.

Қуанумыз бәріміз,

Арайлап атқан таңға.

II Үй тапсырмасы:

1.Эссе“Жылқы малының пайдасы”автор орындығында оқыту.

2. «Кубизм» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру.

2.Топқа бөліну. Қызығушылықты ояту:

І- топ:Қамбар ата

ІІ- топ:Шопан ата

ІІІ- топ:Ойсыл қара

Кіріспе

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын шығару үшін әр топтардың алдарындағы қиындылардан мазайка құрастыру. Қандай сурет құрастырғадарын айтады.

-Олар бір сөзбен қалай атаймыз? Төрт түлікке нелер жатады? Қандай түлік жетіспейді?

-Сиыр

3. Жаңа сабақ. Ой толғаныс.

- Сиыр дегенде қандай ой келеді? Жеке жұмыс,жұппен жұмыс,топпен жұмыс.

-Оқушылардың ойларын тыңдау.

4. Мағынаны тану.Кітаппен жұмыс. 1«Сиыр» өлеңін мәнерлеп оқу 55-56 бет

Мүйізі айдай иілген,

Мұрнын көкке шүйірген. .

Керілген желін, сала емшек,

Сауғанда жаның сүйінген,

Ірімшік пенен құрт майы

Жегенде тілді үйірген.

2.Өлеңнің мағынасын ашу.

3.А.Өздігінен іштей оқыту. Б.Әр топтан 1оқушыға мәнерлеп оқыту.

5.Сергіту сә ті: Cute Froggy Dance. Қимыл-қозғалыс биі.

6. Топтық тапсырма:

1-топ-Сиырдың сүті мен етінен әзірленетін тағамдар.

2-топ-Жырға сүйеніп, сиырды сипаттау. Суретпен жұмыс.

3-топ- Сиыр терісінен жасалатын заттар.

Әр топ жеке жұмыс жасап, флипчартқа постер қорғайды. Ойлары тыңдалады.

7. Жұмбақ шешейік:

1.Екі айнасы бар,  2. Бүкір ағашқа қар жұқпас. (Сиырдың мүйізі)
Екі найзасы бар,
Төрт жаптырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр)

8.Қосымша мәліметтермен таныстыру.


Shape1 1. Сиыр жасына байланысты

Shape5 Shape4 Shape3


жас төлі- бұзау 6 ай-торпақ 1жас- тайынша


1жас пен 2жас арасы- құнажын 2жас пен 3жас арасы -дөнежін


еркегін — бұқа, өгіз



2. Сүтті сиыр Етті сиыр

сShape8 имменталь сиыры, алатау сиырыәулиеата сиыры, қазақтың ақбас сиыры,

қырдың қызыл сиыры, әулиекөл сиыры.

латыштың қызыл-қоңыр сиыры, т.б


3.


4.Көрмемен таныстыру: сүт, айран, ірімшік, май, құрт, қаймақ, йогурт

9.Кім жылдам? ойыны:


1-топ –Суреттерді сәйкестендір.



2-топ- Сүттен жасалатын тағамдарды белгіле.


3-топ-Мақалдарды жалғастыр.

1.Сиырлының үйі - .......,

...................үйі - сырдаң.

2.Сиырдың сүті-..............

3.Малды бақсаң ........ бақ,

....... кетпейді шарадан.

(сиырсыздың, айран, тілінде сиыр, сүт )

10.Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысы.

Сырдаң - жұтаң,тапшы.

11.Малдан алынатын өнімдер


Ыстық-ыстық сүт ішсең,

Дәмі кетпес таңдайдан

Бой жадырап кенеттен

Буы шығар маңдайдан

Малды бақсаң,сиыр бақ

Сүт кетпейді шарадан.


12.Қорытындылау.«Сиыр» топтастыру.

13.Оқушылардың білетін өлең- жырларын сұрау:


Ақ бұзау

Ақ бұзауым ұнайды, Келеді өсіп күн санап,

«Мө- мө» деп сүт сұрайды. Қоямын ба тұмшалап.

Ақ бұзау жақсы фермада, Тұмсығын созып қарайды,

Апарамын көрмеге. Тілімен мұрнын жалайды.


Сиыр

Әукім, әукім, сиырым,

Мүйізінің сүйірін.

Шүйгін жерге келгелі,

Шығып қапты бүйірің.


14.Үйге тапсырма.

1.Өлеңді мәнерлеп оқу.

2.Ауылда малды қалай бағады?(Әңгіме жазу.)

3.Түйе туралы мәлімет қарастыру.


15.Бағалау.








А қмола облысы Зеренді ауданы

Қарлыкөл негізгі мектебі



Ашық сабақ


Рисунок 2 Әдебиеттік оқу

Тақырыбы:Төрт түлік туралы жырлар.Сиыр



Өткізген:Уразалина А.Д.

2 сынып





















Сабақтың тақырыбы: Табиғат құбылыстары.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:

Оқушылардың дене,зат туралы алған білімдерін тиянақтау,әрі жетілдіру.Табиғат құбылыстары жөнінде мағлұматтар беру, түсіндіру.

  1. Дамытушылық:

Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін арттыру, шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге үйрету;

  1. Тәрбиелік:

Қоршаған ортаны аялауға баулу. Сезімталдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой қозғау, венн диаграммасы,

топтастыру, баяндау,

Көрнекілігі: суреттер ( табиғат құбылыстары ), сызбалар, үлестірмелі

қағаздар,слайд, үнтаспа.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, музыка, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау.

Cыныпты түгендеу.

Шаттық шеңбері:

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын.

Бейсенбінің күні,

Сәттілікке толсын!

Бүгін алар бағамыз,

Кілең “бестік” болсын

Психологиялық дайындық.

Табиғат - біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы.

( топқа бөлу )

  • 1топ-Шуақтар

  • 2 топ- Тамшылар

  • 3 топ-Жұлдыздар

4 топ- Кемпірқосақ

Топ ережесін құру, таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

«Сиқырлы қорапша» ойыны.

1. Дене деген не?

2. Дене нешеге бөлінеді?

3. Табиғи денені атап шық.

4. Жасанды денені ата.

5. Табиғи дене нешеге бөлінеді?

6. Тірі денелерді атап шық.

7. Өлі денелерді ата.

8. Зат қасиеттерін атап шық.

9. Дене неден тұрады?

( әр сұраққа жауап ауызша алынады ).

Тақтаға « дене », « зат », сөздері ілініп, ойлары тұжырымдалады.

III. Жаңа сабақ. Ой қозғау.

а) Оқушылардан жыл мезгілдеріндегі ерекшеліктер туралы сұрау.

Көктемде қар ериді, су ағады, су тасиды.

Жазда күн ысиды, жел соғады.

Күзде күн бұлттанып, жаңбыр жауады.

Қыста қар жауады, боран болады.

Ойларын жинақтау.

Олай болса бүгін біз осы табиғаттағы өзгерістер жөнінде танысамыз.

Табиғат құбылыстары жөнінде мәліметтер беру.

ә) Денелер мен заттар үнемі өзгеріске ұшырайды. Ағаш өседі, құлайды, шіриді. Жан-жануарларда өседі, көбейеді, өледі.

Ертеңілік күн шығып, жарық болады, кешке күн батады, қараңғылық болады. Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күн күркірейді. Жел соғады, қар ериді, су тасиды.

Табиғаттағы өзгерістердің барлығы табиғат құбылыстары деп аталады.

Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы жел деп аталады.

Жер бетінен ауа жоғары көтеріліп, салқындап, мұз түйіршіктеріне айналып, олар шоғырланып бұлт құрайды.

Бұлтты құрайтын ұсақ тамшылар бірігіп жерге жаңбыр болып жауады. Қыста биіктегі су тамшылары қатып, мұз түйіршігін түзеді. Олар жабысып қарға айналады.

Жер үстіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы кезінде су тамшылары бір-біріне үйкеліп, электрленеді. Оң және теріс зарядтар бір бұлт пен екінші бұлт арасында және бұлт пен жер арасында таралады. Жер бетінде электр ағыны пайда болады. Ол бізге найзағай түрінде көрінеді.

Слаидтағы суреттерді дыбыстарын ести отырып,көрсету.

Сергіту сәті «Би қимылдары»

Шығармашылық жұмыс:

Топпен жұмыс :Табиғат құбылыстарының суреттерін сала отырып,бекіту.

Табиғаттағы табиғи апаттарды атап,таныстыру, олардан сақтанудың жолдарынталқылау.

Табиғат болжамдарын топта талқылау,бір-бірін толықтыру.

Слаидтағы болжамдармен такныстыру.

Венн диаграммасы.

1-топ жаңбыр-қар

2-топ жел-боран

3-топ күн-түн

4-топ су-мұз


IV. Дәптермен жұмыс.

Шағын эссе «Табиғатты аяла»

V. Жұмбақтар жасыру.

1. Төгіліп жерге ақ моншақ,

Ғайып болды сол шақта-ақ.

( бұршақ )

2. Көзге көрінбейді,

Қолға ілінбейді.

( жел )

3. Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті.

( найзағай )

4. Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.

( күн )

5. Арыстан ақырады,

Орман жаңғырады.

( найзағай )

VI. Сабақты қорыту.





Shape9

Жаңбыр жауып басылсын,

Көк аспаным ашылсын.

Көңіл ,қуат, жыр беретін,

Күн шуағы шашылсын! -дей келе оқушылар « Жау-жау, жаңбыр » әнін орындайды.


VIІ. Бағалау.

Әр топтағы балалар өз еңбектеріне баға береді.


VІІІ . Үйге тапсырма.

Мәтінді оқу. 34-35 бет « Табиғатты аяла » эссе жазуды аяқтау.


ІX. Сабақты аяқтау.
















Ашық сабақ


Тақырыбы: «Табиғат құбылыстары»


Дүниетану 3 сынып








Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

Уразалина А.Д.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2019
1841
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12