|
Оқушыларға суреттер
көрсету

-Балалар,мына слайдта не
бейнеленген?
-Төрт түлік
-Төрт түлікке қандай жануарлар
жатады?
-Түйе, жылқы, сиыр, қой,
ешкі
Бұл суреттерде не көріп
тұрсыздар ? Жұмбақтарды шешу әр топқа
тарату
1-топ: 1. Келеді бір жануар, үстінде
бір тауы бар. (Түйе)
2.Түйенің пірі?
(Ойсылқара)
3. Кішкентай ғана бойы
бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
Қойдың пірі? (Шопан ата
2-топ:1.
Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім. (Жылқы)
2.Жылқының пірі? (Қамбар
ата)
3.Ешкінің
пірі? (Сексек ата)
3-топ: 1.
Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
(Сиыр)
2.Сиырдың пірі? (Зеңгі
баба)
3. Басында таяғы бар, Төрт
аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар, Иегінде
сақалы бар. (Ешкі)
Жылқы төрт түліктің
патшасы
Түйе түлік
төресі
Сиыр төрт түліктің
сыйлысы
Қой мен ешкі
түлігі.
-Міне, балалар, алдарыңда төрт
түлік тұр. Олардың қасында төлдері бар. Көктем мезгілінде төрт
түлік те төлдейді. Төлдері келесі көктемге дейін өсіп, үлкен мал
болады.
Ендеше, бүгінгі жаңа
сабағымыздың тақырыбы – Асқар Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ»
өлеңі.
Неге «бес түлік емес ,төрт
түлік» төрт түлік мал жылқы ,сиыр,түйе, және ұсақ малдар .Ұсақ
малдар есебінде ешкі мен қой қосылып бір түлік болып
саналады.Сондықтан «төрт түлік »деп
аталады.
Асқар Тоқмағамбетов
(1905-1983) 19 қыркүйегінде қазіргі Қызылорда облысы, Тереңөзек
ауданында дүниеге келді. Кедей шаруа отбасында туған.Алғаш Ташкент
политехникалық техникумын кейін Мәскеу баспа институттарында білім
алған.Республикалық түрлі басылымдарда қызмет жасады. Көрнекті
лирик ақын, әрі жазушы. Оның «Батыр Әлия», «Ажалды жеңген алыптар»,
«Берлин көшесінде». т.б. өлеңдер жинағы, «Жыр күмбезі» тарихи
романы бар. А. Тоқмағамбетов – қазақ поэзиясында поэма жанрын
өрнектеуде жемісті еңбек еткен адам.Қазақ халқы көшпелі болған.
Төрт түліктің жайымен жазда жайлауға, қыста қыстауға көшкен. Малдың
еті, сүті тамақ болған. Терісінен, жүнінен әр түрлі бұйымдар
жасаған. Мал – халықтың байлығы. Қала халқын мал өнімдеріменауыл
қамтамасыз етеді. Малшы еңбегі өте ауыр. Жазда ыстықта, қыста
суықта мал соңында жүреді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Лениншіл
жас» («Жас алаш»), «Ленин жолы»(қазіргі «Сыр бойы»), «Социалистік
Қазақстан» («Егемен Қазақстан»), «Қазақ әдебиеті» газеттері мен
«Ара» журналында әр түрлі қызметтер істеген. Қазақстан Жазушылар
одағының Шымкент, Қызылорда облыстары бойынша жауапты хатшысы
болған. Алғашқы өлеңдер жинағы «Еңбек жыры» деген атпен 1928 жылы
шыққан.
a) Оқушыларға өлеңді мәнермен,
дауыстап оқыту.
ә) Рөлге бөліп
оқыту.
б) Өз сөздерімен түсінгенін
айтқызу.
в) Тізбектей
оқыту
Сөздікпен
жұмыс
Сөзуар -
сөзшен
Жобалауы -
болжауы
Даурықты - таласты \шешімін
таба алмады\
Төрт түліктің жасына қарай
аттарын дәптерге жазып алу
Жылқы: құлын, жабағы, тай,
құнан, дөнен, бесті.
Түйе: нарбота, нартайлақ, бота,
тайлақ.
Сиыр: бұзау, баспақ, тайынша, дөнежін,
құнажын.
Қой: қозы, марқа, кепе, тоқты,
саулық.
Ешкі: лақ, марқа лақ, шыбыш, туша,
серке.
Кез
келген түліктің біреуін алып
1-топ: Математикалық тілде
сөйлету
2-топ: Дүниетану тілінде
сөйлету
3-топ: Әдебиеттік оқыту
тілінде сөйлету
|