400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Төрт түліктің пайдасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
төрт түлік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің  болашақ мамандығым


         «Болашақта кім боламын?» - деген сұрақ мені күні-түні мазалауды қоймайды. Мен өте көп ойландым. Әрине, мен әлі ата-анамның кішкентай ғана қызымын. Мен мектепте әлі тәлімді оқушымын, балалық шағым әлі кеткен жоқ. Ата-бабамыз айтқандай, «Мамандық таңдау тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзінің ішкі жан дүниесіне үңілу». Әрі өмірде екі нәрседен қателеспеу керек. Оның ішінде мамандық таңдау. Мен де өзімнің өмірлік жолымда қателеспейтініме кәміл сенімдімін. Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда, мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы, адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, қабілетті, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Қабілеттілік – табиғаттың әрбір адамға сыйлайтын ғажайып сыйы. Мен келешекте кім болатынымды шешкен жоқпын. Мүмкін сіздермен бірге зерттеу жүргізіп көрерміз. Ең бірінші сүйікті пәнді, кейін өз хоббиімізді анықтап, шешім қабылдап көрерміз.

            Менің ең сүйікті пәнім – Ағылшын тілі. Ағылшындардың әрбір сөзіне үңіле қарап, шабыттанамын. Зор құлшыныспен ағылшын тілін оқимын. Ал енді хобби туралы айтайық. Менің шынайы сүйікті хоббиім – кітап оқу. Мен көбінесе ағылшын тілінен аударылған кітаптарды оқимын. Яғни, мен олардың әдебиетімен танысамын. Мен ағылшын тілі туралы еш өтірік айтқаным жоқ. Мүмкін, мен аудармашы немесе ағылшын мұғалімі болармын, сірә. Менің бар арманым – ата-анамның еңбегін зая кетірмеу ғана. Себебі мен үшін, болашағым үшін қиындық көрген мен емес, ата-анам. Менің барым да, бақытым да осылар. Менің осындай қызығушылығымды анам тудырды. Көбінесе мен ағылшын видеоларын, әліпбиін көргенді ұнатамын. Егер де сен өз жұмысыңды зор құлшыныспен, бар көңіліңмен жасасаң сен өте жақсы, өміріңде өзіндік жолы бар, әйгілі адамзат боласың. «Мамандық» - сөзінің өзі латын тілінен аударғанда «жұрт алдында сөйлеу» дегенді білдіреді екен. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын, жауапкершілік қажет ететін қызмет. Осыған өзім де ойымды қосқым келеді. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау. Сол үшін ешқашан осыдан қателеспеу керек. Сенің эмоционалдық күйің де, логика, ойлау қабілетің де түбегейлі өзгереді. Қорытынды айтсақ, мамандық - сенің жарқын болашағың. Қазіргі кезде мамандық таңдау аса оңайға түспейді. Біреуі дəрігер, біреуі кассир, біреуі сатушы, енді тағы біреуі машинист болуды армандайды. Əр адам өзіне ұнайтын мамандықты таңдау қажет, себебі ол жұмыс өзіңе ұнамаса, жұмысқа деген ешқандайда қызығушылық болмайды.Үлкен бір маман иесі атану үшін адам көп білім алып талпыну қажет. Қазіргі таңда ондай адамдар жоқтың қасы. Әрине, көпке топырақ шашпаймын. Оқып алға ұмтылатындар да аз емес. Сондай-ақ, əр адамның мамандығына деген сүйіспеншілігі болуы тиіс. Сонда ғана жұмысқа деген құштарлық, құлшыныс арта түседі. Əрбір адамға өзіне қажетті мамандығын табу оңай іс емес. Ол үшін көп оқу керек. Бұл жағдайда ата-ананың, достардың, туыстардың, мұғалімдердің көмегі демеу бола  алады. «Адам өз өміріне екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі –жар таңдау, екіншісі –мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Мынау мың салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине, таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындый болуы шарт. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. Абай атамыз: «Неге арналсаң , соны істе» - деп айтқандай, қашан да адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға  дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамдықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамадықтар қатарына жоғарғы технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамдықтары жатады. Қоғамның дамуына  біздің өңірде, қазба  байлықтарын игеретін мамандық  иелері қажет. Алғашқы кезде біздің ойымызда  «Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықты қалай таңдауға болады?» деген сұрақ болды. Бірақ, әркім өзі ұнатқан мамандығына оқуға түседі. Ал өз еркімен түспейтіндер менің ойымша өте кем. Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін жаңалыққа, дербестікке  талпыныс, үшінші біреулерге әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң түседі.

Мамандық таңдауда ең бір мән беретін қасиет – мінез-құлық. Адам баласы мамандық таңдауда сол мамандықтың мінезге де сәйкес келуі міндетті деп ойлаймын. Мінез таңдаған салаға үйлессе, жұмыс бабында да үлкен жетістіктерге жетелейтіні анық.



Ә.Бөкейханов атындағы № 1  гимназияның

5«Ә» сынып оқушысы Құдайберген Асылжан



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
723
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі