400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Төрт түліктің пайдасы " (7 сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 7 сынып орыс мектептеріне арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 22.02.2019ж.

Мектебі: №4 ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Абилдина Акбаян Кадирбековна

Сынып: 7 Т2

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті

Сабақ тақырыбы:

Төрт түліктің пайдасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын сабақ мақсаты

7.3.4.1.Мәтіндердің идеясын,мақсатты аудиториясын салыстырып,талдау жасау.

7.5.1.7.Септеулік шылаулардың қызметін білу,ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы мәтіннің идеясын анықтай алады,септеуліктер туралы біледі.

Оқушылардың көпшілігі мәтінді талдайды, септеуліктерді ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолданады.

Оқушылардың кейбіреуі мәтінді талдайды,салыстырады,септеулік шылауларды орынды қолдана алады.

Тілдік мақсат

Пәндік лексика мен терминалогия: автор үні, оқырман сезімі, шығармадағы құндылық.

Оқушылар түсінеді және сипаттайды.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,... Менің ойымша,... Мен ... ойлаймын.

Мәтіндегі тірек сөздер: жусан иісі, шана теуіп ойнау, «Баяғыда бір жетім бала болыпты...», т.б.

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» идеясы: 5-құндылығы: Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық ,өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану, бейнелеу .Жаратылыс пәнінен де төрт түліктің дене мүшелері туралы мәлімет алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ойлау деңгейінің дағдылары

Талдау

Алдыңғы білім


Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

7 мин.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Оқушыларды топқа бөлу («Жазушылар», «Сарапшылар», «Ғалымдар», «Зерттеушілер», «Әдебиетшілер»).

Оқушыларға 5 түрлі жетондар беріледі. Оқушылар осы жетондар арқылы топтарға бөлінеді және әр топ өзінің қандай жұмыспен айналысатынын суретке қарап болжайды.

3. Топ басшыларына бағалау парақтарын тарату

4. Үй тапсырмасын сұрау.

«Таза тақта» әдісі. Өткен тақырып бойынша тақтаға сұрақтар немесе ережелер жазылып ілінеді, содан кейін әр сұраққа жауап беріп, өшіріп отырады. Соңында барлық сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады.

Дескриптор:

Үйден оқып келген тақырып бойынша берілген сұраққа жауап береді;

Жауап беру кезінде термин сөздерді қолданады;

Тірек сөздерді пайдаланып сөйлем құрай алады.

ҚБ. Мұғалім дескриптор бойынша не сәтті, не сәтсіз болғанына тоқталып, сындарлы кері байланыс береді.

5. Қызығушылықтарын ояту

Жусан туралы не білесіңдер?

Жусанды иіскеп көрдіңдер ме?

Жусан қайда өседі?- деген сұрақтарға жауап ала отырып, тақырыпты болжату.


Топ аттары жазылған жетондар, бағалау парақтары





Кеспе қағаздар












Жусан өсімдігі




Сабақтың ортасы

13 мин.
















































5 мин.



















8 мин.

6. Мағынаны тану

Мұғалім жазушы Сайын Мұратбеков туралы мәліметпен таныстырады. Әңгімені бөліктерге бөліп, топтарға береді.

Оқушылар «Әдебиет үйірмесі» стратегиясы арқылы топта жұмыс істейді. Ол үшін әр топтың мақсаты мен міндеті түсіндіріліп, төмендегі тапсырмалар беріледі.

1-тапсырма. Топтық жұмыс.

І топ –«Жазушылар» 

Тапсырма: Мәтінді  оқиды,«Жусан иісі» мәтіні бойынша тірек –сызба құрастырады және сол бойынша мәтіннің  мазмұнын түсіндіреді.

ІІ топ –«Сарапшылар» 

Тапсырма: «Жусан иісі» повесінің әр бөліміне сүйене отырып, шығарманың композициялық құрылысын талдаңдар және оны «оқиға кадрлары» («Уақыт тізбегі» стратегиясы) арқылы беріңдер.

ІІІ топ – «Ғалымдар»

Тапсырма: Шығарманың өн бойында автор Аянды қалай сипаттады, оның образын қалай ашты, нақты мысалдармен дәлелдеп көрсетіңдер. Повестегі оқиғалар желісіне сәйкес келетін мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер табу және оны шығармамен байланыстыра отырып дәлелдеңдер.

ІV топ – «Зерттеушілер»

Тапсырма: Мәтіндегі оқиға болған кезеңді анықтайды, өмірмен байланыстырады және жазушының мәтінді неге «Жусан иісі» деп атағанын  ашады.

V топ- «Әдебиетшілер»

Тапсырма: Жазушы қолданған көркемдік- әдеби тәсілдерді анықтайды. Шығарманың тіліне талдау жасайды.

Дескрипторлар:

Әңгіменің мазмұнын түсінеді;

Шығарманың сюжеттік-композициялық құрлымына талдау жасай алады;

Оқиғалар желісіне сәкес келетін мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер таба алады;

Кейіпкерлердің сипатын аша алады;

Эпизодтарды бүгінгі күнмен байланыстыра алады;

Шығармадағы көркемдегіш сөз айшықтарын таба алады;

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды постер бетіне түсіреді.

ҚБ. «Лайк . Репост. Пікір».

(Лайк- жауап ұнаса, Репост –құнды ақпарат алса,

Пікір- сабақ жөнінде пікірімен сұрағы болса пікірлерін айтып рефлексия жасайды).


https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/5-synyp/lesson/sajyn-muratbekov-zhusan-iisi-anggimesi


Флипчарттар, маркерлер, стикерлер



































Стикерлер

2-тапсырма. Топтық жұмыс.

«Төрт сөйлем» тәсілі

1. Пікір. «Жусан иісі» әңгімесінің мазмұны бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен білдіреді. 

2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады. 

Дескриптор: 1. Бір сөйлеммен түйінді пікір айтады;

2. Пікірлерін өмірмен байланыстырады, мысал келтіреді:

3. Пікірін дәлелдейді;

4. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
ҚБ. Өзара бағалау. Топтар дескрипторға сүйеніп, өзге топтың жұмысына «Меніңше, ... тапсырманы толық орындады, себебі ол ... жасады» деген үлгіде ауызша кері байланыс береді.


3-тапсырма. Жеке жұмыс.

https://bilimland. сайтынан алынған тест тапсырмасы:
1. Аян ертегілерінің «Бір жетім бала болыпты»деп басталуының себебі неде екендігін көрсетіңіз.

А) Аян осы тақырыптағы ертегілерді ұнатады

В) өзі жетім болғандықтан

С) әжесі үнемі ертегі айтып отырғандықтан

D) сол уақыттағы қоғамға байланысты

2. Аянның әріптерді тез үйренудегі мақсатын табыңыз.

А) бәрінен озық болғысы келді

В) мұғалім Иманжанов ұнады

С) ата-анасына хат жазуды армандады

D) соғысқа кеткен ағасына хат жазғысы келді

3. Әжесі қайтыс болғаннан кейін қамқор болған адамды көрсетіңіз.

А) Бапай қарт

В) Есіркепбай

С) жетім қалды

D) Иманжанов

4. Аянның шыдамдылығын, мықтылығын байқататын жолдарды көрсетіңіз.

А) – Жығылып қалма, құлап кетсең ұзаққа дейін жүре алмайсың.

В) – Шыда, балам, шыда.

С) – Жылау жігіттерге жараспайды. Шыда бәріне де көну керек.

D) – Жылауды әркім біледі. Мықты болсаң, нағыз еркектерше қиыншылыққа жыламай бақ.

5. Аянның ағасынан қалған затты белгілеңіз.

А) тарақ

В) шалбар

С) пальто

D) жейде

6. Аянның соңғы рет аяғын шығарған кезін көрсетіңіз.

А) өгіздің үстінен жығылып

В) балалармен сырғанақ теуіп

С) бұзауды үйретемін деп

D) тобығы үнемі тайғыш болды

7. «Соғыс жылдарында біздің ауыл отынға ... жағатын».

А) сексеуіл

В) сабан

С) шыбық

D) көң

8. Аянға қаралы қағаз келгендегі алғашқы әрекетін көрсетіңіз.

А) ұзақ қарап тұрды

В) ешкімге қарамастан теріс айналды

С) дереу ашып жылап оқыды

D) ол үнсіз қабылдады

9. Аянның тобығын салып беретін шалды табыңыз.

А) Бапай

В) Балтабай

С) Асылбек

D) Есіркепбай

10. Барақ дегеніміз –

А) тұрғызылған жатын орын

В) бөлмелі үлкен үй

С) ағаштан, қамыстан жасалған уақытша үй

D) сабаннан жасалған үйшік

Дескриптор: Тест сұрағын оқып, берілген жауаптардың дұрыс нұсқасын белгілейді;
Тестілеудің нәтижесін интербелсенді тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырады. 

ҚБ. Берілген шкала бойынша өзін-өзі бағалайды.










































































Бағалау шкаласы:

0-39%- «2»;

40-64%- «3»;

65-84%- «4»;

85-100%- «5».




Сабақтың соңы

7 мин.

Рефлексия

Үйге тапсырма: Екі тапсырманың бірін орындайды.

1.«Соғыстың зардабы» 100-120 сөз көлемінде эссе жазу;

2.«Баяғыда жетім бала болыпты…» деп басталатын Аянның ертегісін жалғастыру.

Бағалау. Бағалау парағы бойынша оқушы білімін есепке алу. Жеңген топты марапаттау. Мадақтау. Топ басшылар топтарының бағасын балмен бағалайды. Мұғалім бақылайды, түзету керек болса, не үшін екенін айтып, дәлел ұсынады.


№ 


Оқушының аты -жөні 


Үй тапсырмасы 


Шығармашы
-лық жұмыс 


Тестік жұмыс


Қоры
-тынды бағасы 

1.







Стикерлер, ОӘК материалдары





Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау –

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін саралауда тапсырманы орындауды қолдау, дереккөз, жіктеу жолдары таңдалды:

Кейбір оқушыларға шығарманың тіліне талдау жасау үшін сөздік кітаптар ұсынылады.

Топтарға көркемдік әдеби тәсілдерді табу үшін әдебиет теориясына қатысты қосымша мәліметтер беріледі. Олар интернеттен үлгілер ала алады.

Қабілетті оқушылар дербес қалаулары бойынша тапсырмаларды күрделендіріп орындай алады.

Алдыңғы білім «Таза тақта» әдісі арқылы тексеріледі. Оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмыстары оқушылардың дескрипторға сүйеніп, бір-бірлеріне берген кері байланыстары арқылы тексеріліп отырады. Топтық жұмыстарда жекелеген оқушылардың жұмысқа қатысуы қадағаланып, оларға дербес сұрақтар қойылады. Кері байланыс нәтижесінде ҚБ топтық, жұптық, жеке жұмыста өзара бағалау, ауызша бағалау, "Лайк. Репост. Пікір", өзін-өзі бағалау, "Тазалық" түрлері пайдаланылады.

Оқушылардың сабақтағы денсаулықтарын сақтау мақсатында сабақ жоспары төмендегідей белсенді оқу әдістеріне негізделді: «Таза тақта», кесте толтыру, жинақтау, қолдану дағдыларына арналаған тапсырмалар, постер жасау сияқты топтық, жұптық жұмыс формалары, «саралау» тапсырмалары балалардың жас ерекшеліктеріне сай таңдалынып алынды


Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?


Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?


Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?


Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?


Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?






















КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Жезқазған қаласының білім «Қ.И.Сәтбаев атындағы

бөлімінің басшысы: №7 мектеп-лицейі»

__________________Ж.Е.Альмаганбетов ___________К.Б.Мукашева «_____»__________ 2019 ж. «_____»__________ 2019 ж.





ОНЛАЙН- САБАҚ





Тақырыбы: Мен және қоршаған әлем











Өткізген:өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Жолдыбаева К.Р.

Әдіскер:Байдильдина М.М.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
624
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі