400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Төртбұрыштар мен үшбұрыштар аудандары 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
трапецияның ауданы формулаларын білу және қорытып шығару
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Конганбаева Газиза Какимовна



Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Құрманов атындағы орта мектебі математика пәнінің мұғалімі



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Аудан

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Төртбұрыштар мен үшбұрыштар аудандары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.13 трапецияның ауданы формулаларын білу және қорытып шығару

Сабақтың мақсаты

1. Трапеция ауданы формуласын біледі және қорытады;

2. Трапеция ауданының формулаларын іріктейді;

3. Практикалық тапсырма арқылы тұжырымдайды.

Бағалау критерийі

  • трапеция ауданы формуласын біледі.

  • трапеция ауданы формуласын қорытып шығарады.

Тілдік мақсаттар


Лексика мен сөз тіркестерінің мысалдарын қамтитын тілдік мақсаттар:Оқушылар трапеция ауданын формуласын ауызша тұжырымдай біледі, формуласын жаза біледі,трапеция формуласын қорытып шығарады,есептер шығаруда қолданады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: трапеция диагоналы, трапеция орта сызығы, табандарының орта сызығы

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: табандарының жарым қосындысы мен биіктгінің..., трапеция диагоналдары ...

Құндылықтарға баулу


Мәңгілік ел идеясы негізінде қоғамымыздағы ұлттық бірлік,бейбітшілік пен келісім құндылығы арқылы азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сызбаларды сауатты орындау арқылы сызу сабағымен байланысы,құрастыруға берілген тапсырмалар арқылы технология сабағымен байланысы

Алдыңғы білім


Параллелограммның,ромбтың ауданы формулалары. Үшбұрыштың ауданы формулалары.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы












Ұйымдастыру кезеңі:

Ширату жаттығулары:«Ой түрткі» әдісі арқылы оқушылардың өз бетімен тақырыпты

ашуға мүмкіндік туғызамын.

1.Үшбұрыштың ауданын табу формуласы?

2.Параллелограмм ауданы табу формуласы?

3.Ромб ауданын табу формуласы?

4.Тік төртбұрыштың ауданын табу формуласы?

https://bilimland.kz/ru

Сабақтың ортасы




















(Т) 1-тапсырма: «Идеал» әдісі арқылы жағдаят туғыза отырып трапеция ауданын қорытып шығаруға мүмкіндік беремін. Оқушылардың ілгерілеуін белгілеп отыру үшін олардың жауаптарын пайдаланамын.

(кеспе фигуралар)

«IDEAL» әдісі арқылы оқушыларға ақпарат беріледі.

I-мәтін мазмұнындағы керекті ақпаратты анықтау.

D-алған ақпаратқа түсінік.

E-дәлелдеу.

A-дәлдеу барысындағы әрекеттер.

L-қорытынды жасау, атқарылған жұмысқа рефлексия жасау.

S1=? S2=? S3=?

Shape3


Shape2 Shape1

+ + =





Sтрап=?

Дескриптор:

- фигуралардың түрін анықтайды;

- фигуралардың ауданын табады;

- трапецияның ауданын қорытып шығарады.

ҚБ:түрлі-түсті смайликтер

2 тапсырма: (Ж)«Көршіңмен бөліс.» алдыңғы жұмысты бекіте отырып терең игеру мақсатында сызба есептерін беру арқылы трапеция ауданын анықтайды. Тұжырымдау барысында берілген тапсырма бойынша шарт құрып, есептер шығару дағдыларын қалыптастырады.



Дескриптор:

  • трапеция өлшемдерін бірлік торкөзде анықтайды.

  • трапецияның формулаларын ажыратады;

  • сызба бойынша трапеция ауданын анықтайды.

ҚБ:Бірін-бірі бағалау

«Серпілген сауал» Өткен тақырыпты түсіну деңгейін арттыру мақсатында орындалады.



(Т) 3-тапсырма: «Сұрыптау жаттығуы» әдісі. Топпен жұмыс.

Оқушылар өз жұмыстарын өздері сипаттап, жақсарта алуы үшін талқылауға мүмкіндік береді;

оқушыларға не білгені туралы ойлануына уақыт береді.

ҚБ: Стикерлер арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды



(Екі топ) 4 тапсырма: Практикалық тапсырма (қыздар, ұлдар

тобы)

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі арқылы оқушылар топтық білімді жинақтау, ынтымақтаса жұмыс жасай отырып өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге ықпал ету мақсатында топта тапсырманы орындайды.

Дескриптор:

  • юбка (шатыр)ұзындығын өлшейді.

  • кіші табан,үлкен табан және биіктігін анықтайды.

  • трапеция ауданын есептейді.

ҚБ: Стикерлер арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды

слайд «Фигуралар»















































ActivStudio бағдарламасында

флипчарт «Фигуралар»



























































https://bilimland.kz/ru











Сабақтың соңы

Қорытынды: «Менің трапециям» шағын эссе арқылы.Трапеция ауданы туралы түсініктерін қорытындылау үшін бағаланады

Рефлексия: «Бес саусақ» тәсілі арқылы кері байланыс.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
650
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі