Материалдар / Ашық сабақ "Тотығу-тотықсыздану процесі" 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Тотығу-тотықсыздану процесі" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
10.2.3.1 электрондық-иондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеулерін құрастыру; 10.2.3.2 жартылай иондық реакция әдісімен тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2022
1350
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

10.3 A Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:


Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Тотығу-тотықсыздану процесі

(33-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.2.3.1 электрондық-иондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеулерін құрастыру;

10.2.3.2 жартылай иондық реакция әдісімен тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру

Сабақтың мақсаты:

Тотығу-тотықсыздану реакциялар туралы білімді жинақтау

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Оқушылармен амандасу және түгендеу.

(W) Мұғалім оқушыларға тақырыпты, оқу мақсатын және бағалау критериилерін таныстырады. Ары қарай тапсырма береді.




(I) Тапсырма 1. Алдыңғы сабақтағы біліміңізді пайдаланып, төменде көрсетілген терминдердің ішінен белгісіздерін табыңыз.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.


Жаңа сабаққа кіріспе


Оқушыларға тілдік терминдер бойынша тапсырма жауабы мен кері байланыс береді.

Оқушылар жанындағы көрсшісімен алмасып, бірін бірі бағалайды.






Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

15 мин.

(P) Тапсырма 2. Жұпта келесі терминдерге анықтама беріңіздер.

Оқушылардың аталған тақырыпта терминдерді қаншалықты меңгергенін тексеру үшін осы тапсырма беріледі және мұғалім барынша дұрыс анықтама болуын қадағалайды. Жауаптарымен салыстырылады. Жұптар өзара баға береді.


  1. Тотығу - ..........................................

  2. Тотықсыздану - ..........................................

  3. Тотықтырғыш - ..........................................

  4. Тотықсыздандырғыш - ..........................................





  1. Тотығу -  атомның, молекуланың, ионның электрон беру процесі.

  2. Тотықсыздану - атомның, молекуланың, ионның электрон қосып алу процесі.

  3. Тотықтырғыш - электрон қосып алушы бөлшек (бейтарап атом, молекула, ион).

  4. Тотықсыздандырғыш - электрон беруші бөлшек (бейтарап атом, молекула, ион). 

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.


Топтық жұмыс

6 мин


Ары қарай келесі тапсырма беріледі.

Тапсырма 3. Жұпта келесі тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен теңестіріңіз.








Жауаптарымен салыстырылады. Жұптар өзара бір-біріне баға береді.






Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.


Жеке жұмыс

5 мин

Оқушылардың білімін практикалық байланыстыру үшін мұғалім оларға демонстациялық эксперименттер көрсетеді. Оқушылар сол бойынша сұрақтарға жауап береді:

Тапсырма 4. Сұрақтарға жауап беріңіз. Жеке жұмыс

  • Ерітіндінің түсі қандай түске өзгерді?

  • Реакцияның молекулалық теңдеуін жазыңыз?

  • Тотығудың жартылай иондық теңдеуін жазыңыз.

  • Тотықсызданудың жартылай иондық теңдеуін жазыңыз

  • Иондық теңдеуін жазыңыз.

  • Реакцияны теңестіріңіз.




Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың

«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Үй тапсырмасы

Сөйлемді толықтырыңыз. Жеке жұмыс

«Ерітіндіге күлгін түс беретін перманганат (VII) иондары .................................... ортада .................................... иондарының (тотықсыздандырғыш) әсерінен ......................... иондарына айналады, сол себепті ерітінді ............................................. .

Яғни калий манганаты (VII)

..............................................................


«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!