400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ашық сабақ: Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың жаңартылған бағытта құрылған қысқа мерзімді жоспары мұғалімдерге көмек болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қ

№1 таратпа материал

ЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 9.2А

Мектеп

№19

Күні: 5.11.2019ж


Мұғалімнің аты-жөні

Майланова Ж.Е

Сынып

9сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тотығу –тотықсыздану реакциялары

Оқу мақсаты

9.2.2.5 –тотығу –тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну.

9.2.2.6 –тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану электронды қосып алу деп түсіну.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Тотығу –тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялар ретінде түсінеді.

  • Тотығу процесі электронды беру, ал тотықсыздану электронды қосып алу екенін түсіне алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Химиялық реакциялардың түрлерінен тотығу –тотықсыздану реакцияларын ажыратып, сипаттама бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Тотығу –тотықсыздану реакциялары жөнінде бұрынғы және қазіргі деректерді салыстырады, есептер шығаруда қолдана алады.


Бағалау критерийі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Тотығу –тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялар екенін түсінеді

  • Тотығу процесі электронды беру, ал тотықсыздану электронды қосып алу екенін түсінеді.


Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Тотықтырғыш-окислитель-oxidising agent

Тотықсыздандырғыш-восстановитель-Reductant

Тотығу-окисление-Oxidation

Тотықсыздану-восстановлени -Reduction

Диалогқа / жазылымға қажетті сөз тіркестері:

Тотығу дәрежесі, металды тотықтырады, бейметалды тотықсыздандырады


Құндылықтар

Мәңгілік елдің зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылықтарын дарыту(топтық жұмыста бір-біріне құрмет, ынтымақтастық және достық қарым-қатынас бойларына сіңіріледі. Өзара бағалау бойынша өзгенің көзқарасына құрметпен қарау құндылығы қалыптасады.)


Пәнаралық байланыс

Физика, ағылшын

Алдыңғы білім

7.1.2.11 –валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қосылыстарын қолдана отырып, бинарлы химиялық қосылыстардың формулаларын құру.


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарлаған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар




Сабақтың басы

Сабақтың басы

(10мин)









(5мин)






















(3мин)

Ұйымдастыру(2 мин)


Тренинг: «Жылы лебіз!»

Шарты: шеңбер болып тұрып,оқушылар сабақ басында бір-бірлеріне деген өздерінің жылы лебіздерін жеткізеді


Топқа бөлу: «Өз жұбыңды тап»әдісі


«Химиялық диктант» әдісі.

Үй тапсырмасы

Иә-жасыл,жоқ –қызыл

1.Тотығу дәрежесі – қосылыстағы элементте электрондарын толық беру немесе қосып алу нәтижесінде пайда болған заряд

2.Күрделі заттағы элементтің тотығу дәрежесі 0-ге тең

3.Кейбір элементтердің қосылыстардағы тотығу дәрежесі тұрақты болады

4. Металдардың  барлығы оң тотығу дәрежесі оның валенттілігіне сәйкес,мысалы Na+1 ; K+1 ; Ca+2 ; Mg+2 ; Ba+2 ; Al+3

5 Электрондар беру процесі-тотықсыздану

6.электрондар қосып алу процесі тотығу деп аталады

7.Барлық ион алмасу реакциялары тотығу –тотықсыздану реакцияларына жатады

8.Барлық орынбасу реакциялары тотығу-тотықсыздану реакциясына жатпайды

9.Жәй зат қатысатын барлық қосылу және айрылу реакциялары тотығу –тотықсыздану реакцияларына жатады

10.Тек қана орынбасу реакциялары тотығу-тотықсыздану реакциясы болып табылады


«Миға шабуыл» әдісі. Ой қозғау

Видеоролик: «Көміректің оттекте жануы тотығу –тотықсыздану реакциясына жата ма?»






реакцияның бірінші және екінші бөлігі жазылған қағаз қиықшалары



Жасыл,қызыл стикерлер




















Видеоматериал

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/totyhu-totyqsyzdanu-reakcziyalary

Сабақтың ортасы

Негізгі бөлім

(25 мин)



(10мин)

















































(6мин)

























































(5мин)























(4мин)











Жаңа сабақ тотығу –тотықсыздану реакциялары, мақсаттары анықталады.


1-тапсырма «Ойлан,жұптас, бөліс» әдісі

(топтық жұмыс)

Видеоролик :«Магнийдің оттекте жануы»

Оқушыларды диалогқа тарту мақсатында әр топ өздерінің ойларын айтады.

Проблемалық сұрақтар:

1.Бейнероликтен не түсіндіңіздер?

2.Не себепті магний атомы оттек атомына 2 электронын береді?

3.Электронды беру,электронды қосып алу процестері жөнінде ойыңмен бөліс,кестені толтырып,қорғау

4.Тот-тотықсыздану процесінің биологиялық маңызы туралы не білесіздер?Мысалдар келтіріңіздер


Тотығу процесі

Тотықсыздану процесі

Тот-тотықсыздану процесінің биологиялық маңызы









Бағалау критерийі

Дескриптор

-тотығу ,тотықсыздану процестерінің анықтамасын айта алады

-металл валенттік электронын беріп, оң зарядты ионға айналатынын схема түрінде көрсете алады

-бейметалл сыртқы электрондық қабатты аяқтауға қажетті электронды қосып алып, теріс зарядты ионға айналатынын схема түрінде жаза алады.

-тотығу –тотықсыздану процестерінің биологиялық маңызын біледі

-видеороликті қарайды,кестені толтырады;

- топта талқылайды

- Топтармен алған мәліметтерімен бөліседі

-биологиялық маңызына мысалдар келтіреді;


ҚБ: «Екі жұлдыз ,бір тілек» стратегиясы

Топ пен топ бір-бірінің ең жақсы жетістігі мен жіберген бір кемшілігіне ұсыныс айтады.


2-тапсырма: «Сиқырлы қобдиша» әдісі

Жұптық жұмыс

Қай заттар тотығып , қай заттар тотықсызданатынын көрсетіп,тотығу дәрежелерін қойыңдар:


2H2+O2=2H2O №1

Тотығу процесі

Тотықсыздану процесі




2Na +Br2=2NaBr №3

Тотығу процесі

Тотықсыздану процесі




Zn + HCl=ZnCl2+H2 №5

Тотығу процесі

Тотықсыздану процесі




Қай реагент тотықтырғыш, қай реагент тотықсыздандырғыш екенін анықта:


P+KClO3=KCl+P2O5 №2

тотықтырғыш

тотықсыздандырғыш

Электронды қосып алады

Тотықсыздандырғышты тотықтырады

Тотықсыздануға ұшырайды

Тотығу дәрежесі кемиді


Электронды береді

Тотықтырғышты тотықсыздандырады

Тотығуға ұшырайды

Тотығу дәрежесі артады

Ca +P=Ca3P2 №4

тотықтырғыш

тотықсыздандырғыш




4NH3 +5O2=4NO+6H2O №6

тотықтырғыш

тотықсыздандырғыш




Бағалау критерийі

Дескриптор

-Реакциялардағы тотықтырғышты, тотықсыздандырғышты ажырата алады

-тотығу дәрежелерін қоя алады

- берілген реакция теңдеуін талдайды

-кестені толтырады


ҚБ: «Геометриялық фигуралар» әдісі

Жұптар бір-бірінің тапсырмаларын интерактивті тақтадағы дұрыс жауаптармен тексеріп, бір-бірлеріне фигуралар беру арқылы бағалайды.

3-тапсырма: «Артығын алып таста» әдісі

Жеке жұмыс

Артығын алып тастап,қалған тотығу –тотықсыздану реакцияларының тотығу дәрежелерін қойыңыздар:

MgO+CO2=MgCO3

Zn+HCl= ZnCl2+H2

P+KClO3=KCl+P2O5

CaCO3+SiO2= CaSiP4+CO2

CuCl2+Fe=FeCl2+Cu

NfCl+AgNO3=NaNO3+AgCl

CuSO4+2KOH=Cu(OH)2+K2SO4


Бағалау критерийі

Дескриптор

- тотығу –тотықсыздану реакцияларын ажыратады;

-тотығу –тотықсыздану реакцияларының тотығу дәрежелерін қоя алады;

- химиялық реакциялар түрлерінің ішінен тотығу –тотықсыздану реакцияларын ажыратып алады;

-тотығу дәрежелерін қояды

ҚБ: «Түртіп алу» әдісі.


4-тапсырма: "Элективті тест» әдісі

Топтық жұмыс

1.Қай жағдайда тотығу процесі жүреді:

А) С0+4е=С+4

В)Hg2++2e=Hg0

C) S0 + 2е = S-2 

2. Солдан оңға қарай ТД өсетін болса,элемент атомдары қандай қасиет көрсетеді:

А) тотықтырғыш қасиеті

В) тотықсыздандырғыш қасиеті

С) ион алмасу қасиеті

3.Оңнан солға қарай ТД кемитін болса, элемент атомдары қандай қасиет көрсетеді:

А) ион алмасу қасиеті

В) тотықсыздандырғыш қасиеті

С) тотықтырғыш қасиеті

4. Элементтердің тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялар 

А)тотығу-тотықсыздану

В)ион алмасу

С)алмасу

5. Электронды қосып алу 

А)тотығу

В)тотықсыздану

С)тотықсыздандырғыш


Бағалау критерийі

Дескриптор

- тотығу –тотықсыздану реакцияларының анықтамасын біледі

- тотығу-тотықсыздану реакцияларының қасиеттерін айта алады

- уақытты үнемді пайдаланады

-жаңа тақырыпты қорытындылайды

ҚБ: «Өзін –өзі бағалау» әдіс







АҚТ, бейнематериал

https://bilimland.kz/kk/totyhu-totyqsyzdanu-reakcziyalary






постерлер









































Карточкалар,

қобдиша















































геометриялық фигуралар





Оспанова М. Қ.

Белоусова Т. Г.

Аухадиева Қ. С.

Жалпы білім беретін мектептің

9-сыныбына арналған «Химия» оқулығы

ҚБ тапсырмалары

76-77-бет (3-5-тапсырмалар)













А-сары,

В-көк,

С-қызыл,

стикерлер,

интерактивті тақта


























Бағалау парағы

Сабақтың соңы

Сабақтың соңы:

(5 мин)








Кері байланыс: «Блум кубы» әдісі (2мин)

ҚБ: Мадақтау: Жақсы, жарайсыңдар , тамаша.

Рефлексия «Үш ҚҚҚ»әдісі(2мин)

Мен үшін қызық болған дүние...

Мен үшін қиын болған дүние....

Мен үшін құнды болған дүние.....

Үй тапсырмасы: §20 8-есеп (1мин)


Блум кубы



Стикерлер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Ойлан,жұптас, бөліс» әдісі кезінде оқушылардың жауап беру нәтижелері бойынша саралау жүреді.Көп қолдауды қажет ететін оқушыларға диалогтық қолдау көрсетемін.

«Сиқырлы қобдиша» әдісі кезінде оқушыларға тапсырмаларды оқушылардың қажеттіліктеріне қарай беріп,тапсырма және қарқын арқылы саралау жүргіземін.


Сабақ бойынша оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін бағалауда жетілдіру,қолпаштау, сұрақтар жолдау арқылы жетелеуде ,жұптар бір-бірін, өзара өзін –өзі бағалау жүргізілді

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды.

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді.Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландым. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

№1 таратпа материал


№1 таратпа материал




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
1128
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі