Павлодар
ауданы,
«Ефремовка орта жалпы білім
беру мектебі»ММ
Бастауыш сынып
мұғалімі:Хабилхан А.
Сынып: 3А
Сабақтың
тақырыбы:
Түбір және туынды
сөз
Сабақтың
мақсаты:
Қазақ тіліндегі қосымшалардың
түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту,жұрнақ пен
жалғаудың атқаратын қызметін таныту.
Сабақтың
міндеті:сұрақ- жауап арқылы өз ойын,
пікірін еркін жеткізе білуге үйрету, жеке, жұптық, топтық жұмыс
барысында ынтымақтастыққа, өзінің оқуына деген жауапкершілік
сезімдерін тәрбиелеу.
Қолданылатын
модульдер:
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер.
Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау әдістері.
Оқытуда АКТ- ны пайдалану.
Сыни тұрғыдан ойлау.
Оқудағы басқару және көшбасшылық.
Стратегиялық іс- әрекеттер: «Сөз тізбек ойыны», « жеке,жұптық,
топтық жұмыс, «Сөйлемді дұрыс құрастыр», «Постер
қорғау. Күтілетін
нәтиже:Диалогтік оқыту барысында
оқушылар тілді түсінеді, қазақ тілінде сөйлеу дағдылары қалыптасады
және өмірде қолдана алады, түбір мен қосымшаның жалғануы сөйлемде
таба алады.Ынтымақтастық әрекеті арқылы топта өзіне-өзі, өзгені
бағалауға үйренеді.Оқушылар мұғалімнің жетелеуімен сабақтың
тақырыбын анықтай алады. Топта жұмыс жасауға үйренеді, өз оқуларына
деген жауапкершілік пайда болады.
Бағалау
парағы. «Бағдаршам», «Желкені қайық»
әдісі бойынша, Ұйымдастыру кезең: Психологиялық дайындық. Бүгінгі
күн терезеден, Бізге, міне, тұр қарап. Сондай жақсы көңіл күймен,
Басталады бұл сабақ. Қызығушылығын ояту кезеңі : Сыныпты топқа бөлу
(Түбір және қосымшалар арқылы топқа бөлу) 1-топ-
«Түбір,Корень,Root»
2-топ-
«Жұрнақ,Суффикс, IRNA» Үй жұмысын
тексеру:
1.Қимыл,іс- әрекеттің иесін
білдіретін сөзді не дейміз? 2. Сөйлемде бастауыш,
баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін…
3. Бастауыштың ісін, қимылын
білдіретін сөздерді…. 4. тілде біреудің назарын
аудару үшін қолданылатын сөздерді ... 6.Бастауыш пен баяндауыштан
құралған сөйлемді... 1.«Сөз тізбек»
ойыны. Сабақтың тақырыбын
ашу Таүобніражәнентуешынрдысбөз.
Сөзі дана, үні жоқ, Сөйлемейді
тілі жоқ, Қолыма алсам шешен, Ақылы асқан көсем.
«Кітап,Книга,Book»
2.Суреттермен
жұмыс
1-топ-Сурет бойынша «Балық қаңқасы»
әдісі арқылы түбір мен жұрнақты ажыратып жазу.
2-топ Сурет бойынша мәтін құрастырып
Сөйлемнен қосымшаны тауып,сөз құрамына талдау. 2.Оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу. Түбір сөздерге тиісті жұрнақты жалғап жаз. ,2-жаттығуд.
Өлеңді мәнерлеп оқып,түбір сөзді анықта.
Сергіту
сәті: Ла,Ла,Ла, Ұшып келді шағала.
Шы,Шы,Шы, Менің әпкем биші. Лар,Лар,Лар, Біз үлгілі
балалар.
3. Мәтін мен
жұмыс
1-топ Бұл ертегі жұмбақта не туралы
айтылған?
Түбір сөзді теріп жазып,сөйлем
құра.
Бір әкенің екі баласы болыпты.
Бірінші баласы оны толықтырып тұрады екен. Ал екінші баласы болса.
Оны өзгертіп басқаша түрлерге ендіріпті. Әкесіне екі
баласының да еңбектері ұнайды екен. Сондықтан да үнемі қайда болса
да өзі болса өзі барады, өзі болмаса, екі ұлын алма кезек жіберіп
отырады екен.
2-топ Мәтінді оқы. Туынды
сөздерді теріп жазып, сөз құрамына
талда.
Әли Астана қаласында өткен
өнер сайысына қатысты. Жарысқа жан –
жақтан домбырашылар келді. Әли
сайыста жүлделі
орынға ие болды. Бұл
жүлде – оның алғашқы жеңісі.
4. Топпен жұмыс. Постер
қорғау
5.
«Кім жылдам?»
ойыны.
Сызбалар бойынша жылдам сөз
табу.
6.Тест
тапсырмасы:
Оқушылар тест сұрағына жауап
береді.Бір-бірінің жауабын
тексеріп,бағалайды.
Қорытынды: Өтілген тақырып
бойынша сұрақтарға жауап береді.
Үй жұмысына: 5-жаттығу
беру.түсіндіру
Рефлексия: «Желкенді қайық»
әдісі бойынша бағалау.