Сабақтың
тақырыбы: «Түбір сөз және туынды
сөз»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану
арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын
түсіндіру.
2.Дамытушылық: Сөздерді сөз құрамына талдай отырып,
түбірлес сөздерді таба білуге, оларды сауатты әрі көркем жазуға
үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін,тілін
дамыту.
3.Тәрбиелік:сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:
сұрақ-жауап
Сабақтың
көрнекілігі:ребус, жұмбақтар, сызбалар,
т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарың сабаққа
аудару.
Балалар,бәріміз ортаға шығып, «жылылық
шеңберін»құрайық.Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы
қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен ,күлімдеген көзбен
жеткізейік:
-
Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты
баласың; адал доссың; қайырымдысың; әдептісің; өнерлісің;
еңбекқорсың; ақкөңілсің және т.б.
Енді оқушылар гүлдердің түстерін таңдау арқылы
топқа бөлінеміз./қызыл,көк/
Топ басшысын сайлаймыз.Топ
басшысына бағалау парақшасын беремін.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру. Оқушыларға кеспе карточка
тарату.
-
5- жаттығу.
7-бет
-
Сөз неден
жасалады?
-
Дыбыс және әріп дегеніміз
не?
ІІІ.Жаңа
сабақ
IV.Сөзжұмбақ
шешу.
«Түбір сөз және туынды
сөз»
Ал оқушылар біз жаңа
сабағымызды бастамай тұрып сұрақтарға жауап
берейік;
1.Балалар қазір қандай
мезгіл? ҚЫС
2.Қыста қандай өзгерістер
болады? ҚАР ЖАУАДЫ,БОРАН
БОЛАДЫ.
3.Қыста қандай мерекелер
болады? ЖАҢА ЖЫЛ
Ал
сендер шырша безендіргенді ұнатасындар ма?Ендеше бүгін біз шырша
безендіреміз. Ол үшін сендер әр шыршаның ойыншығында берілген
тапсырманы орындауларын қажет. Әр орындалған тапсырма шыршаға
ойыншық болып ілінеді. Кәне оқушылар шыршаны әдемі безендіруге
тырысайық.
Безендірмес бұрын шыршаның бізге берілген ережесі
бар екен, орындаймыз ба? Оны жаттап алу керек. Келісеміз
бе?
Ереже
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз
туынды сөз дейміз:Суретпен жұмыс. Мысал: ерлік, татулық, жұмысшы.
Ал енді түсінгенімізді
флепчатқа түсіреміз.
Ал ережені түсінсек ендеше мына
жәшіктегі ойыншықтағы тапсырмаларды
орындайық.
1-жаттығу.Берілген сөздердің түбірі мен
қосымшасын тауып,белгіле.
Ойыншық,кәсіпкер,қуырдақ,балалық,тілек,кенші.
Екінші жәшіктегі
тапсырмалар:
2-жаттығу. Түбір
сөздерге –шы, -ші, -ды, -ді, -лы,
-лі, жұрнақтарының тиістісін
қосып туынды сөз жаса.
Жыршы, тәрбиеші, сыншы,көрді, көңілді, сулы, құрлысшы
Үшінші жәшіктегі
тапсырмалар:
4-жаттығу. Жұмбақтарды оқып, шешуін
тап.
Кімнің ұшқыр
ойы?
Сайысатын, кім екенін
айт,
Екі тайм бойы?
Кімнің ұшқыр ойы ?
Сайысатын кімдер,айт,
Мұзда үш кезең бойы.
Жұмбақ шешуі болған сөздерді сөз құрамына
талда.
Сергіту
сәті.
Ребус
шешу:
ҚАЛАМГЕР – осы сөздің
түбірі мен жұрнағын тауып, дыбыстық талдау жасау
керек.
ІҮ.Сабақты
қорытындылау.
Бүгінгі сабақтан не түсіндік?
Сұрақтар қою
1.Түбір дегеніміз не?
2.Туынды сөз дегеніміз не?
3.Туынды сөзге мысал келтір.
ҮІІ.Үйге
тапсырма. 3-жаттығу.
8-бет
ҮІ.
Бағалау. Оқушылардың ілген ойыншығына
байланысты бағалау.
“INSERT” әдісі бойынша кері
байланыс
+ — толық
түсіндім
— жартылай
түсіндім
V – мен үшін қызықты
болды
? – мүлдем
түсінбедім
INSERT әдісі бойынша кестені
толтырады
Мақпал негізгі
мектебі
Қазақ тілінен ашық
сабақ
Тақырыбы:
«Түбір және туынды
сөз»
Өткізген: Досымова
Г.А.
2016-2017 оқу
жылы