Пәні: «Сөз
зергері»
Мұғалім: Аймаханова
Ж.
Сабақтың тақырыбы: «Түбір
және туынды сөздер»
Сабақтың
мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға
түбір және туынды сөздер туралы түсінік беру, түбір сөзге жұрнақ
жалғау арқылы жасалған жаңа туынды сөздер туралы
меңгерту.
2.Дамытушылық: әр түрлі тапсырмаларды орындау
арқылы оқушылардың ойлауын, сөздік қорын
дамыту.
3.Тәрбиелік: Бірігіп жұмыс жасауын
ұйымдастыра отырып, ынтымақтастыққа, елін –жерін сүюге
тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс
–тәсілдері:
сұрақ –жауап, топтық
жұмыс.
Сабақтың
көрнекілігі: слайд,мультимедиялық
тақта,суреттер,семантикалық карта.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі
Психологиялық
дайындық:
Пәк көңілді
жүректен
Ізгі, аппақ
тілекпен
Амандасып
алайық
Қонақтарға
ізетпен
Жабырқауды
білмейміз,
Жалқаулықты
сүймейміз!
Біз талапты жас
ұлан-
Үлгі алайық
жақсыдан!
Оқушылар түрлі түстерден
жасалған гүлдерді таңдау арқылы үш топқа бөлінеді. (Топтың атауын
таңдайды: «Сары гүлдер», «Қызыл гүлдер», «Қызғылт гүлдер» әр топ өз
топ басшысын сайлайды).
әрқайсымыз өткен тақырыптар
бойынша өзіміздің алған білімдерімізді көрсетейік. Ендеше үйге
берілген тапсырмаларды тексеріп, пысықтап
алайық.
ІІ. Ой
ашар.Үй тапсырмасы тексеріледі.
Берілген сөздерге сөйлем құрау: Өнерпаз, оқушы, тазалық,
мектепке, тауда.
Миға
шабуыл: Өткенді
қайталау.
Ертеде бірінен бірі асқан
жалқау, еріншек үш бала болыпты. Олардың бар қолдарынан келетіні
ұйықтау, тамақ ішу екен. Тіпті олар тұратын ғажап мекеннің өзі
ғажайыбынан айырылып, күннен күнге өзі бұлт арасына еніп, елдерін
қара түнек басады. Жалқау балалар қорқа бастайды.. Күндердің бір
күнінде оларға алыстан хат келеді. Бірақ олар тіпті осы хатты оқуға
да ерініп жата береді екен. Егер олар тапсырмаларды орындайтын
болса, хатты құпиясын ашатын болса олар тұратын мекеннің табиғаты
оянып, күннің көзі ашылып, айнала жайнап сала берер еді. Себебі,
бар құпия осы бір жапырақ хатта екен.. Қанекей балалар осы жалқау
балақайларға жалқаулықтан арылуға, тапсырмаларды орындап, хатты
ашуға көмектесеміз бе?
Олай болса балалар алғашқы
тапсыр бірнеше жұмбақ жасырылған екен, бірге оқып көрейікші.
Дайынбыз ба балалар?
-
Бойлаған сайын
тереңге,
Шығасың биік белеске
(Білім)
-
Есіктен
кіреді,
Төрге қарай жүреді
(Суық)
-
Сақалы жоқ, шашы
бар,
Бет –аузы жоқ басы
бар,
Белін бекем
байлаған
Қоқысты қоймай айдаған.
(Сыпырғыш)
Жауабын тапқан балалар сөзді
құрамын қарай (түбір+қосымша) талдайды.
(Әр жауап дұрыс айтылған
сайын күннің бетін жауып тұрған бұлттар алынады.
)
Балалар, тақтаға қарайықшы
бізге де сәлемдеме келіпті, көрейікші ол не екен
?
(Жұрнақ пен жалғау туралы
арнайы видео көрсетіледі, видео көрсетіліп болған соң жұмбақтың
жауабы болған сөздерді сөз құрамына талдап, жаңа сабақты бастап
кетеді).
ІІІ. Жаңа сабақ. Түбір және
туынды сөздер.
«Түбір сөз» –әрі қарай
тұлғалық жағынан бөлшектенбейтін, сөздердің жаңа сөз жасауға негіз
болатын түпкі қазығы, ұйытқысы.. Мысалы: Қап, қала, оқу, біл, бала
т.б. Ал осы түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы пайда болған жаңа
мағыналы сөздерді біз «туынды сөздер» деп атаймыз. М: қапшық,
қалашық, оқулық, білім, балапан..
1.«Балық
аулау»
ойыны.

Ойынның шарты: 3 топқа
тапсырма беріледі. Әр топ өздеріне берілген балықтар
арасынан
1 –топ: түбір
сөз
2 –топ: жұрнақ жалғанған
сөздер
3 –топ: жалғау жалғанған
сөздерді тауып өз шелектеріне салу. Қай топ жылдам аяқтайды сол
жеңіске жетеді. (әр тапсырма орындалып
біткен сайын топтар жалаушаны көтеріп белгі береді, әр топтағы
суқұйғышқа су толтырылды)
2. «Тапқырдың
тілегі»
1
топ: «ҚАЗАҚСТАН» сөзінің бар
әріптерінен жаңа сөздер құрау. Ол сөздердің түбір немесе туынды сөз
екенін анықтайды.
ІІ –топ:
«БАЛДӘУРЕН»
ІІ- топ:
«АТАМЕКЕН»
(әр тапсырма орындалып
біткен сайын топтар жалаушаны көтеріп белгі береді, әр топтағы
суқұйғышқа су толтырылды)
Сергіту
сәті. Видеодан «Аяқпенен топ –топ
-топ» өлеңіне қосылып жаттығу
жасалады.
3.«Кім
тапқыр»
ойыны.
Видеороликтен А.Құнанбаевтың
«Қыс» өлеңі оқылады.
1 –топ: А.Құнанбаевтың «Қыс»
атты өлеңінің алғашқы үш шумағын беріп,
сол шумақтардан түбір жән
туынды сөздерді тапқызу.
2 –топ: көрсетілген
видеороликке және оқылған өлеңге байланысты қыс бейнесін
сипаттайтын төрт сөйлемнен тұратын мәтін
құрастырады.
3 –топ: Қыс бейнесін сипаттап
сурет салады.
(әр тапсырма орындалып
біткен сайын әр топтағы суқұйғышқа су
толтырылды)
4.Картамен
жұмыс.
1 -топ оқушыларына
семантикалық карта, 2 –топқа сәйкестендіру картасы, 3 –топқа талдау
карточкалары таратылып беріледі. (әр тапсырма орындалып
біткен сайын топтар жалаушаны көтеріп белгі береді, әр топтағы
суқұйғышқа су толтырылды)
5. «Кім
жылдам?» Әр топтағы балаларға әр түрлі
қиындылар беріледі. Қиындылардағы суреттердің сәйкес бөлшегін тауып
байланыстырады. Сурет толық құралған соң артынан нақыл сөздер
шығады.
1. Тілден артық қазына жоқ,
тілден артық қасиет жоқ (Н.Назарбаев)
2. Тіл тазалығы үшін күрес -
мәңгілік тоқтамайтын күрес (Б.Момышұлы)
3. Тілі жоғалған құрттың өзі
де жоғалады (А.Байтұрсынов)
(әр тапсырма орындалып
біткен сайын топтар жалаушаны көтеріп белгі береді, әр топтағы
суқұйғышқа су толтырылды)
Қорытынды. Балалар алыс елден келген
хатты оқиды. Әр топтың суқұйғышына жиналған су мөлшеріне байланысты
жеңімпаз топты анықтайды.
Үйге
тапсырма «Менің арманым» тақырыбында
шағын шығарма жазуға беріледі.