400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Түбір мен қосымша 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Түбір мен қосымша мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді, негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасай алады. -мәтіндегі негізгі ойды және қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгеретінін анықтай алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ  

Алматы облысы Қарасай ауданы

Бастауыш сынып мұғалімі: Умирзакова Нурсулу Жаналиевна  

Сабақтың тақырыбы : Түбір мен қосымша

Бөлім

Уақыт

Педагогтің аты-жөні

Н.Умирзакова

Күні:

25.11.2021ж

Сынып: 3 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Пән

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Түбір мен қосымша

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Сабақтың мақсаты

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді, негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасай алады.

-мәтіндегі негізгі ойды және қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгеретінін анықтай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

/уақыты/

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы





10 мин

Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Ізгі тілек» әдісімен өтеді.

Ой шақыру

-Оқушылар, біз қандай бөлімді өтіп жатырмыз?

-Уақыт.

Жұмбақ шешу:

Таңдайы тақ,тақ,

Талмайтын неткен жақ!

Бір өзінде екі тіл,

Сөйлемейді бірақ./сағат/

-Сағат не үшін керек?

-Сағат дегеніміз уақытты білу үшін керек.

-Уақыт не үшін керек?

Бөлімшенің тақырыбы: Уақытыңды бағала

- Олай болса, бүгінгі сабағымызда уақытымызды бағалап, үнемді пайдаланайық.

Өткен білімді еске түсіру

-Түбір сөз деген не?

- Туынды сөз деген не?

-Қосымша дегеніміз не?

-Қосымшаның қандай түрлері бар?



Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады.





Жұмбақты шешеді












Сұрақтарға жауап беріп, тақырыпты ашады.


Оқушылар жұлдызшалар жинақтап өзін-өзі бағалап отырады.





Бағалау критерийі:

Түбірдің анықтамасын айту


Дескриптор

1.Түбір сөзге жалғанатын қосымша туралы айтады;

2.Жұмбақты оқып шешуін табады.

2балл





Жұлдызша

лар














Уақытқа байланысты суреттер









Сабақтың ортасы

15 мин





























15 мин




1-тапсырма (тыңдалым)

«Бір минут» атты мәтінді тыңдайық.

Мәтінмен жұмыс:

- Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қойып, жауап беріңдер.


- Мәтіндегі негізгі ойды анықта.

- Талғат бір минуттың да рөлі бар екенін түсінді ме? Оны түсінуге не себеп болды?

- Мәтін мазмұнына өз ойыңды қысқаша жаз.

- Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің жазылуына назар аудар. Бұл сөздердің түбірін тауып, жазуда қалай өзгергенін

айтып көр.


Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

-Мәтін мазмұнына қатысты өз пікіріңді айт.










Ә) Анықтамамен жұмыс:

Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді/түбір сөзге ы,і дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса сөз мағынасы өзгереді/: кітап – кітабы, парақ – парағы,


2-тапсырма (жазылым)

Суреттегі сөздерді жұптастырып жаз.

- Жұптасқан сөздерді салыстырып, түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны ата.

Ерік-еркі, орын-орны, көрік-көркі.

Саралаудың «Қарқын» тәсілі жүзеге асады.

Қарқынды оқушыға:

- Тапсырмаға сай келетін мысалдар ойластырып жаз.







Мәтінді тыңдап, тапсырманы орындайды.






















Анықтама-ларды жаттайды.











Тапсырманы орындайды.

Бағалау критерийі:

Мәтінді тыңдау.



Дескриптор:

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады, жауап береді; /1б/ Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;/1б/

- Кейіпкер жайлы пікір білдіреді;/1б/

-Мәтін мазмұнына өз ойын жазады;/1б/

-Қарамен берілген сөздердің

түбірін тауып, жазуда қалай өзгергенін

анықтайды,

қорытынды жасайды; /1б/

(5балл)







Бағалау критерийі: суреттегі сөздерді жұптастырып жазу


Дескриптор:

- Суреттегі сөздерді жұптастырып жазады ;

- Жұптасқан сөздерді салыстырады,

-түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны атайды (3балл)



Аудиожазба




Оқулық, дәптер

























АКТ



Оқулық, дәптер










Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

«Ақиқат пен жалған»

-қосымша сөз табына жатады/жалған/

-жалғау сөздің мағынасын өзгертеді/жалған/


-түбір- сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі/ақиқат/

Үйге тапсырма

35-жаттығу.Мақалдың қатесін түзеп жаз.

«Шар»рефлексиясы

Көк -керемет

Сары-жақсы

Қызыл-талпын

Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.

Сабақтан алған білімін, үйренгенін айтады.


Тапсырманы жазып алады.

ҚБ қойылады.

  • 1-3 балл – «2»

  • 4-6 балл - «3»

  • 7-8 балл – «4»

  • 9-10 балл – «5»









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
499
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі