400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Түбір мен қосымшаның жазылуы. 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдерімен тәжірибе бөлісу үшін салынды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: қазақ тілі

3-бөлім: «Уақыт»

Күні: 28.11.2018

Мектеп: Александров орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Базылбекова А.Б.


Сынып: 3

Қатысқандар: 2

Қатыспағандар саны: -

Сабақ тақырыбы:

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;

3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу;

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құрау/компьютерде теру.

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;

- сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, үлгі негізінде есте сақтап жазады;

- сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады,

-- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады

Бағалау критерийлері

- түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;

- түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазады, түбір мен қосымшаның жазылуын біледі;

- сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Түбір сөз, туынды сөз, түбір, қосымша, жұрнақ, жалғау;

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Түбір сөз дегеніміз не? Туынды сөз дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не? Түбірлес сөздер деген не?

Құндылықтарды дарыту

өз іс-әрекетін жоспарлауға, уақытты тиімді пайдалануға үйрету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

түбір мен қосымша

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар


Сабақтың басы

0-5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Оқушыларды шаттық шеңбер бойымен тұрып бір-біріне жүрекшелер арқылы тілек білдіру


Өткенді бекіту.

«Кубизм» әдісі бойынша сұрақтар:

1. Сөздің бөлінбейтін бөлігі не деп аталады? Мысал келтір:

2. Қосымша нешеге бөлінеді?

3. Туынды сөз дегеніміз? Мысал келтір

4. Түбірлес сөздер дегеніміз не? Мысалмен дәлелде.

5. Берілген жұрнақтардың түбірін тап. –паз, -шы, -хана, -кер,

6. Жұрнақ, жалғау дегеніміз?

Бағалау түрі: сөздік бағалау


ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

2 тапсырма: Сөздерді сәйкестендіру

Ерік-ерігі, орын-орыны, көрік-көрігі, кітап-кітабы, парақ-парағы әріп-әрібі

Бағалау түрі: жұлдызша арқылы




жүрекшелер






кубик








плакат

Сабақтың ортасы


6-11 минут




















12-16 минут










17-20 минут













21-22 минут





23-29 минут




33-35 минут

Негізгі бөлім

Түбір мен қосымшаның жазылуы.

(Сабақ тақырыбын, бағалау критерийін түсіндіру)

1 тапсырма: Сызбада көрсетілген сөздердің қосымшаларын дұрыс орналастыр.

Қосымшалар: -қын, -діз, -лар, -шіл, -ға, -де, -на, -гей, -ла, -дер.

-Берілген сөздердің дыбысталуына назар аудар.

-Екі сөзді бір-бірімен салыстыр. Дыбысталуында қандай ерекшелік бар?

-Қосымшаларды не себепті сол сөздерге жалғадың? Дәлелдеуге тырыс.

-Қандай ой қорытындысын жасайсың?


Бағалау түрі: шапалақтау


Оқулықпен жұмыс:

Тыңдалым 40-жаттығу.

Тапсырма 1. Өлеңді түсініп тыңдайды. Өлеңдегі негізгі ойды анықтайды.

Тапсырма 2. Өлең бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма 3.

Оқыған мәтіннің ішінен қарамен жазылған сөздердің түбірін табу, жазылуындағы өзгерістерін түсіндіру.

Бағалау түрі: смайликтер арқылы бағалау


Жазылым: 41-жаттығу.

Ауыл-аулы, халық-халқы, көрік-көркі, дауыс-даусы т.с.с.

Бағалау дескрипторы:

-каллиграфиялық нормаларды сақтайды;

- түбір сөзге қосымшаны дұрыс жалғайды

Бағалау түрі: бірін-бірі бағалау


43-жаттығу. Жұптық жұмыс

«Ретімен орналастыр» әдісі. Орны ауысып кеткен сөйлемдерді ретімен орналастыру. Мәтін құрап жазу.

Бағалау түрі: басмармақ әдісі

Бағалу дескрипторы:

- мағына жағынан өзара байланысты сөйлемдер тізбегін құраған;

- мәтінге ат қоюға болады;

-каллигафиялық дағдыларды сақтап жазған.


Сергіту сәті!

Көңілді әуенге билеу



Айтылым. Сабақты бекітуге арналған тапсырмалар

Тапсырма 1: Семантикалық картамен жұмыс

Бағалау түрі: өзіндік бағалау



Қорытынды: ойын «Кім жылдам?»

Берілген сөздердің түбір, жұрнақ, жалғауын табу







плакат

















оқулық







дәптермен жұмыс






үлестермелі қағаздар







монитор




плакат





үлестірмелі қағаз

Сабақтың соңы

35-40 минут

Үй тапсырмасы:

Түбір мен қосымшалардан тұратын 10 сөз жазу


Рефлексия.

Ватсап желісіндегі «3-сынып» тобы әдісі арқылы оқушылардың сабақтан алған әсерлерін білу.





смайликтер












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
684
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі