400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ сөздік диктант, «Ішінде, сыртында» стратегиясы, өзгерген дыбыстары бар түбір сөздерді бір бөлек, жұрнағы бар сөздерді бір бөлек теріп жазу тапсырмалары дескриптор арқылы ұсынылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып:3 «В»

Қатысушылар саны: 25

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Сабақтың мақсаты

Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Ресурстар

Басы

Конақтармен амандасу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ойсергек:

-Көңіл күйлерің қалай?

– Керемет! (Қолдарын көтереді)

– Сабаққа дайындықтарың қалай?

– Тамаша! (Қолдарын шапалақтайды)

– Ынталарың ше?

– Ғажап! (Қолдарын көтереді)

– Ендеше бастайық!

– О-о-о! (Бас бармақтарын көрсетеді)

-Балалар, сабағымызды бастамас бұрын жұмбақ шешіп жіберейік.

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады.

/Жұлдыз/

-Жұлдыз қай кезде болады? (түнде)

-Түн сөзінің қарама-қарсы сөзі қандай болады? (күн)

-Осы түн, күн деген сөздер нені білдіреді? (уақыт)

-Ендеше, біздің оқып жатқан бөліміміз қалай аталады? (Уақыт)

-Балалар, бұрыңғы кезде ата-бабаларымыз түнде далада адасып кеткен кезде үйлерін қалай тапқан? (Жұлдыздарға қарап. Жетіқарақшы, темірқазық)

-Ендеше, балалар, бағалау парағымызда біз бүгінгі сабақта өз білімімізді көрсете отырып, жұлдыздар арқылы өз жұлдызымызды сызбаға түсіреміз.

Дәптермен жұмыс.

-Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазайық.

-Көркем жазуға «Жұлдыз» сөзін жазып шығамыз. Ең ерекшесін жасыл қарындашпен бағалайық. Жұлдыз сөзіне қосымша жалғап айтайық.

-Өткен сабақта қандай мақсат алып едік? (Түбір мен қосымшаның жазылуы)

-Ендеше, өткен сабақты еске түсіру үшін, сөздік диктант жазамыз.

Сөздік диктант.

-Сөздік диктантты қалай жазушы едік?(Әдемі, қатесіз)

-Жазған сөздерімізді сөз құрамына талдаймыз.

Қобызшы, қалалар, сурет, халқы.

Дескриптор:

  • Сөздерді қатесіз жазады.

  • Сөздерді сөз құрамына талдайды.

Тақтада дұрысын жұппен тексереді. Бағалау парағына қояды.

-Қандай тапсырма орындадық?

-Кімге қиын болды? Ендеше не істеу керекпіз?

-Осы сөздерде қай түбір сөз өзгеріске ұшырап тұр? (Халқы)

- Түбір сөз қалай өзгеріп тұр?

-Ендеше, бүгінгі сабақ мақсаты қандай болмақ? (Түбір мен қосымшаның жазылуын жалғастырамыз)

Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттығуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару.







Оқушылар жұмбақты шешеді, сұраққа жауап береді,












Жұмысты берілген түріне қарай орындайды.



Психологиялық ахуал.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары.

Ортасы

Сұрақтар:

-Түбір дегеніміз не? Қосымша нешеге бөлінеді? Жұрнақ, жалғау дегеніміз не? Түбірлес сөз дегеніміз не?Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, қандай қосымша жалғанады? Жуан болса?

2-тапсырма. Жұппен. «Ішінде, сыртында» стратегиясы. Жұптық белгіні көрсетеді.

Берілген сөйлемдерден түбір сөздерді шеңбердің ішіне, қосымшалы сөздерді сыртына жазасыңдар.

Бөркі, халық, орны, бөрік, халқы, құлып, орын, құлпы

Дескриптор:

  • Шеңбердің ішіне түбір сөздерді тауып жазады.

  • Шеңбердің сыртына қосымшалы сөздерді тауып жазады.

Тақтада дұрысын тексереді. Бағалау парағына қояды.

-Қандай тапсырма орындадық?

-Сабақ мақсатымыз қандай еді?

-Ережені айтып жіберейікші.

Сергіту сәті.

Жел уледі,

Дауыл келіп биледі.

Қатты, қатты жел соқты,

Жапырақтар қол соқты.

Топпен жұмыс.

-Топтық жұмыстың ережесін айтады.

3-тапсырма. Өзгерген дыбыстары бар түбір сөздерді бір бөлек, жұрнағы бар сөздерді бір бөлек теріп жаз.

Әлидің атасы дәрігерге барып, жүрегін тексертті. Құрылысшы терезенің әйнегін салды.

Өзгерген түбір сөз

Жұрнағы бар сөз

1.Жүрек

1.Дәрігер

2.Әйнек

2.Құрылысшы

Дескриптор:

  • 1-ші сөйлемнен өзгерген дыбысы бар түбір сөзді тауып, жазады.

  • 1-ші сөйлемнен жұрнағы бар сөзді жазады.

  • 2-ші сөйлемнен өзгерген дыбысы бар түбір сөзді тауып, жазады.

  • 2-ші сөйлемнен жұрнағы бар сөзді жазады.


Тақтада дұрысын тексереді. Бағалау парағына қояды.

Оқу мақсатына оралу

-Бұл тапсырманың оқу мақсатына байланысы бар ма ?

-Бұл тапсырманы орындауда кімге қиындық тудырды?

-Себебі неде деп ойлайсыңдар?

- Ендеше бүгінгі сабағымызға қорытынды жасайық. Сыныптың қорытындысын шығарады.


Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.












Дәптермен жұмыс жасайды.




Қимылға сәйкес сергіту сәтін жасайды


Топпен жұмыс жасап, тапсырмаларды орындайды. Топтық жұмыстың ережесін айтады.









Оқылым, жазылым тапсырмалары.

Соңы

-Сонымен, бүгінгі сабағымыздың оқу мақсаты не еді?

-Осы оқу мақсатына жетуге қандай тапсырмалар орындадық?

- Тапсырманы орындау барысында қандай қиындық туды?

-Келесі сабаққа қандай міндет аламыз?

-Бүгінгі сабақтың сендердің өмірлеріңе пайдасы бар ма?

-Болса қандай?

Үйге тапсырма: 43-жаттығу.Олай болса, сабағымызды аяқтайық.


Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.

Топтық тапсырмалар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 желтоқсан
230
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі