жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Түбірлес сөздер
Сабақ: Қазақ тілі |
Мектеп: №44 ЖОББМ |
|
Тақырыбы: Түбірлес сөздер |
|
|
Күні: 13.11.19 |
Мұғалім: Берикболова Б.Т. Такенова А.Б. |
|
Сынып: 3 «А» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
3.2.3.1 мəтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру; 3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мəтін түрлерін/стилін (көркем мəтін, ғылыми-танымдық мəтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу; 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату. |
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар жасай алады: • Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасай алады. Түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады. Оқушылардың көбі жасай алады: Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.
|
|
Алдыңғы білімдер: |
Түбір сөз жəне туынды сөз. |
|
Жоспар
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-əрекет |
Дереккөздер |
І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)
|
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушылар «Жылу сыйлау» ойыны арқылы келген қонақтарға жылы лебіз айтады. «Біз сабақты бастаймыз» ойыны арқылы сабақтың үраның құрау.
|
|
ІІ. Операциялық- орындаушылық кезең (30 минут) |
Ой қозғау. -Ерте – ерте, ертеде, біз білмейтін сиқырлы көп өлкеде бір қария өмір сүріпті. Оның үйінде алтын ағаш өсіпті. Қария сол ағашта өскен алманы базарға апарып сатып күнін көреді екен. Бір күні көршісі оны қызғанып, түнде келіп, ағашты кесіп алып кетеді де, оны өз үйне отырғызады. Түбірі кесілген ағаш өспей, өліп қалыпты. Балалар, ағаш не үшін өспей, өліп қалды деп ойлайсыңдар? (жауаптары тыңдалады). -«Ия», балалар, себебі ағаштың түбірі қарияның бағында қалып қояды. Қария ертесі есіктің алдында тұрған ағаштың жоқ екенін байқайды. Ағаштың түбіріне су құйып күте бастайды. -Содан соң не болады деп ойлайсыңдар? Балалардың жауаптарын тыңдау. Бізде тапсырмаларды орындай отырып, атайдың ағашының жайқалып өсуіне көмек берейік. -Балалар тақтаға назар аударайықшы. -Бұл суретте не көріп тұрсыңдар? -Дәрі деген не? -Дәріні кім бізге ішуге нұсқау береді? -Ал біз дәріні қайдан аламыз? -Балалар осы сөздерден қандй ұқсастық байқап отырсыңдар? -Яғни бұл сөздердің түбірі бір болып тұр.Мұндай түбірі бір сөздерді бір сөзбен түбірлес сөздер деп атайды екен. -Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз түбірлес сөздер. Электронды оқулықтан түбір сөз туралы мағлұмат беріледі. Дәптермен жұмыс. -Күннің ретін тақтаға жазу. Түбірлес сөздерді табу. Оқулықтағы 23-жаттығу. Оқулықта берілген сөздерді жас атауларының өсу ретіне қарай жүйелеп жазады. Түбірлес сөздерді тауып, түсіндіреді. ҚБ «Шамдар» «Сөз ойла тез ойла» ойны. Оқушылар өрнектердің мәнін таба отырып, суреттерді атайды, жазады, артық сөзді табады. Бала, балақай, балақан, балалық. «Баламен» — сөзі түбірлес сөз бола алмайды. Себебі, сөздің мағынасы өзгермейді, мен – жалғау. ҚБ ауызша Сергіту сәті. Орыс тілінен тапсырмалары а) Минутка чистописания. Что вы можете сказать об этих буквах? Аа Оо Ее Ии Яя (прописывают первую строку и отмечают знаком + наиболее удачные буквы и буквосочетания) 2. конь кольцо моль тень - Что общего у этих слов? - Запишите слова в тетрадь и подчеркните орфограммы. - Какое слово лишнее? Почему? б). Орфографическая зарядка. Цель: развитие орфографической зоркости Словарная работа Суббота, коллектив, коллекция, касса, класс, ванна, терраса, аккорд, аккуратный Как можно разделить эти слова для переноса «Табан іздері» ойны арылы бекіту |
|
ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут) |
Кері байланыс «Жеміс ағашы» |
|
Қосымша ақпарат |
|
|
Қорытынды бағалау:
Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1. 2. Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сəт. 1. 2. Осы сабақтан келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей сыныптағы жəне жеке оқушылар жайлы не білдім?
|
|
|
Сабаққа өзіндік талдау
Сабақтың тақырыбы: «Түбірлес сөздер»
Сабақтың түрі – кіріктірілген сабақ
Оқу бағдарламасынан алынған сабақ келесі оқу мақсаттарын қамтиды:
3.2.3.1 мəтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру;
3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мəтін түрлерін/стилін (көркем мəтін, ғылыми-танымдық мəтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.
Сабақта келесі оқыту әдістері қолданылды: ауызша , түсіндірме - иллюстрациялық, қайталау әдісі, практикалық әдістер (ауызша және жазбаша жаттығулар), әңгіме. Сонымен қатар, сабақта тиімді жұмыс жасау үшін біз ойын әдістерін қолдандық.
Сабақтың кезеңдері бір-бірімен тығыз байланысты болды, әр түрлі қызмет түрлері кезектесіп өтті. Ақыл-ой әрекеттері практикалық тұрғыдан қолдау тауып, нығайтылды.Оқушылар сабақта белсене қатысып, сабақ уақытын ұтымды пайдаланды, барлық тапсырмаларды тез арада орындауға тырысып, сонымен қатар орыс тілін қарым-қатынас құралы ретінде қолдана білді.
Сабақтың оқу материалы сабақ барысында ойын әдістерін қолдану қағидасына, қол жетімділік принципіне сәйкес келді және үшінші сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай болды.. Сабақ жопарлы түрде, өз деңгейінде өтті. Оқу мақсаты орындалды деп есептейміз.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Білім бөлімі» ММ
«№44 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
БЕКІТЕМІН: «№44 ЖОББМ» КММ директоры С.Ж.Елеусызов____________ «____»_____________2019ж. |
КЕЛІСЕМІН: Директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: С.С.Казыбаева________ «____»_____________2019ж. |
ҚАРАЛҒАН: Бастауыш сынып пән бірлестігінің ӘБ жетекшісі: Л.С Саменова _________ «____»_____________2019ж |
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Түбірлес сөздер»
Өткізгендер: Бастауыш сынып мұғалімі: Берикболова Б.Т.
Орыс тілі мұғалімі: Такенова А.Б.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген