400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Түбірлес сөздер 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары


Сабақ:

Мектеп: №1 гимназия

Күні:6.12.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Иманалы Меруерт Нұрымқызы

Сынып: 3 «Ғ»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Түбірлес сөздер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

3.4.2.1 Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.

3.4.2.2 Оқушыларды түбірлес сөздерді таба білуге үйрету және ұғындыру;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

• Түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

• Диалогке қатысады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай

алады.


Кейбір оқушылар орындай алады:

• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай

алады.

Бағалау критерийлері


  • Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды

  • Түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады

Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология:

Түбірлес сөздер

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Түбірлес сөздер қалай жасалады?



Құндылықтарды дарыту

Қарым-қатынас жасау, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, жауапкершілік, ынтымақтастық қабілеттерін дамыту,уақытты ұтымды, пайдалы іске қолдана білуге баулу


Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Видеоролик

Бастапқы білім

Түбір мен қосымша,түбір сөз және туынды сөз


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал туғызу

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар,сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым,дара тілім.


С абағымызды бастамас бұрын алтын ережемен танысып алайық


С абақ үстінде:

Шуламаймыз



Қол көтеріп жауап береміз



Бір-бірімізді тыңдаймыз





Топқа бөлу:

1 топ: Түбір

2 топ: Жұрнақ

3 топ: Жалғау

Әр топ ребусты шешу арқылы топқа бөлінеді және де өз топтарының аттарын қорғайды

Дескриптор:

•Ребустың шешуін табады

Кері байланыс

Бағалау:

Болжау стратегиясы

І-топ:

-Мына суреттен кімді көріп отырмыз? (қыз)

-Ол қыз қандай қыз? (оқушы)

-Оның алдындағы не? (оқулық)

-Ол мектепке неліктен барды? (оқу оқуға)

Қай сөз түбірлес сөзге жатпайды?

«Оқу» деген сөз жатпайды. Себебі ол түбір сөз. «Оқу» деген түбір сөзден – оқушы, оқулық сөздері жасалып тұр.

Дескриптор :

  • Суреттегі оқушыны анықтайды

  • Түбір сөзді тауып,айтады

Кері байланыс

Бағалау: «Шапалақ» әдісі


Жан-жақты білімдерін тексеру 

ІІ-топ:

«Үйрек анаға өз балапандарын табуға көмектес» ойынын ойнату. Ойын шарты: түбір сөзге тиісті жұрнақты табу.

Дескриптор:

  • Үйрекке балапандарын табуға көмектеседі

  • Түбір сөзге тиісті жұрнақты табады

Кері байланыс. Бағалау

Жаңа материалды игеруге дайындау кезеңі.

ІІІ- топ:Жұмбақты шеш

Жылт-жылт етеді,

Жылғалардан өтеді (Су)

Интерактивті тақтада мына сөздер көрсетіледі

Су,суат,сушы,суық,сулы,сусын,сулық.

Сөздерді оқыту,әр сөздің мағынасын ашу,сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату.

М:Қандай ерекшелік байқадындар?

О:Барлық сөздің түбірі бірдей.

М:Ондай болса, қандай қорытынды жасауға болады?

О. Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасауға болады.

Дескриптор:

  • Сөздерді оқиды

  • Сөздердің мағынасын ашады

Сөздердің түбірі мен қосымшсын ажыратып көрсетеді

Кері байланыс:

«От шашу» әдісі


Ұжымдық жұмыс.Тақтада берілген сөзжұмбақты шеш

М:Олай болса, тақтаға қарап ережені хормен оқиық..

 Ереже. Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасала береді. Ондай сөздерді түбірлес сөздер деп атайды.

М. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Түбірлес сөздер деп аталады.

Дескриптор:

  • Сөзжұмбақты шешеді

  • Ережені хормен айтады

Кері байланыс: «Шапалақ» әдісі













Алтын ереже

















Ребустар







































Оқушы суреті



























Балапан суреті





































Сөзжұмбақ












Сабақтың ортасы



Жаңа білімді игеру кезеңі.

М. Енді, балалар, дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық

Оқулықпен, дәптермен жұмыс

1-жаттығу

Суреттерге қара.Сөздерді оқы.

2-жаттығу

Кез келген сөзбен сөйлем құра.

3-жаттығу Жоғарыдағы қай сызбаға сәйкес келеді?

Шығармашылық жұмыс Жаңылтпашты жатқа жазу.

Шалғышы
Шалғы алды.
Шаңғышы
Шаңғы алды.
-Ал енді балалар жаңылтпашты жатқа жазып болсақ осы шаңғы сөзіне бес жол өлең құрастырып көрейікші. 

1. Не? Шаңғы
2.    Қандай? Әдемі, ұзын
3.    Не істейді? Тебеді, сырғанайды, мінеді
4.    Сөйлем: Оқушылар шаңғы жарысын ұйымдастырады
5.    Мағыналы сөз. Сырғанап (немесе т.б.сөз)

Дескриптор:

  • Жаңылтпашты жатқа жазады

  • Бес жолды өлең құрастырады

Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі


Сергіту сәті(видеоролик)


Жұппен жұмыс.Кестеде берілген сөздерге түбірлес сөз құрап жаз

Көк

Ас

Бал

Бас

Күй

Көкшіл көкке, көктем

асхана , аспаз,

астық аскөк

 Бала,

балшық балтық балапан


Бас, басқар, басшы,

бастық

Күй, күйші, күйе, күйдіргі, күйіну, күйлі, күйгелек

Дескриптор:

  • Берілген сөздерге түбірлес сөз құрайды


Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі

Сәйкестендіру тесті

Түбір сөз

Оқу,оқушы,оқулық

Туынды сөз

қалалар

Түбірлес сөздер

жауып

Жуан айтылатын сөз

мерекеңізбен

Жіңішке айтылатын сөз

доп

Жазылуы өзгерген түбір сөз

жазушы

Тақтамен жұмыс:

І топ:Бала, балақай, балақан, балалық,балапан. «Баламен» — сөзі түбірлес сөз бола алмайды. Себебі, сөздің мағынасы өзгермейді, мен – жалғау.                  

ІІ топ:Сый, сыйлау, сыйлық, сыйлы. Барлығы да түбірлес сөздер.          

ІІІ топ:Біл–білім, білімді,білгіш.

-Осы сөздерді тақтаға жазып, түбірі мен жұрнағын сызбамен көрсетіп, гүлдерін жапсырады.

Дескриптор:

  • Түбірлес сөдерді табады

  • Тақтаға жазып,сызбамен көрсетеді

Кері байланыс: Топтар бір-бірін бағалайды

«Бас бармақ » әдісі


Сауалнамалық тапсырма
1. Түбір сөзді тап
а) аға ә) ағайын б) ағалар в) ағайындас
2. Қосымша деген не?
а) түбір, жұрнақ ә) түбір, қосымша б) түбір, жалғау
в) жұрнақ, жалғау
3. Түбірлес сөзді тап?
а) балықшы, әнші ә) күйші, ақын б) сыйлық, сыйлы
в) қала, сабақ
4. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз
а) түбірлес сөз ә) туынды сөз б) негізгі сөз в) дара сөз
5. Түбірлес сөздер қалай жасалады?
а) бірнеше түбірден ә) екі түбірден б) бір түбірден в) әртүрлі түбірден

Дескриптор:

  • Тест тапсырмаларының дұрыс жауабын белгілейді

Бағалау: Жұптар бір-бірін тексеріп бағалайды



Оқулық,дәптер































Кесте






























карточка

Сабақтың соңы




Рефлексия:Табыс ағашын бояу арқылы сабақтағы іс-əрекетіне

кері байланыс жасау.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату жұмыс

дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы негізінде

орындатылады.

– барлық тапсырмалар дұрыс орындалды

–қиындықтар кездесті


– қателіктер көп.





Ағаштың суреті,жапырақтар

Қосымша мәліметтер

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

















Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына (ОМ) қол жеткізді ме? Жеткізбесе неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттықкезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.


2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1


2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі