Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Түйе" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақтан оқушылар төрт түлік туралы ақпарат алады. Соның ішіндегі түйе жануары жайында толық ақпарат алады.Оның шөлге төзімді жануар екенін біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Әдебиеттік оқу

Мектеп: «Төрткүл» жалпы орта мектебі

Күні: 01.03.2018 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Қалшаева Лаура

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Сабақтың тақырыбы

Ботақаным

Сабақтың оқыту мақсаттары

2.2.2.1. Мұғалімнің көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың бәрі: төрт түлік жырларын таба алады.

Оқушылардың көпшілігі: түйе, оның төлі туралы әңгімелейді.

Кейбір оқушылар: кестемен жұмыс жасайды.

Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.


Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, дүниетану.

АКТ қолдану дағдылары

Проектор, слайд

Алдыңғы білім

Бұзауқаным

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту:

Сыныпты қалыпқа келтіру. Топқа бөліну.

Әр топ өз топ басшыларын сайлайды.

Үй жұмысын сұрау.

Ой сергек

«Төлді қалай шақырады?» ойынын ойнау:

Қой баласы – қоңырым,

Ұя бұзбас момыным,

Шопан ата түлігі

Қошақаным, қайдасың?

Пұшайт,

Пұшайт!

Жүнін жұлса бақырған,

Ешкі атасын шақырған,

Өрісте өскен жануар,

Шөкетайым, қайдасың?

Шөре,

Шөре!

Жолға шықсам көлігім,

Жапанда жүрсем серігім,

Қамбар ата өсірген

Құла атым, қайдасың?

Құрау,

Құрау!

Тілімен мұрнын жалаған,

Тілімен бойын тараған.

Зеңгі баба өсірген,

Әукешім менің, қайдасың?

Аухау,

Аухау!

Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай,

Елпеңдеген ойнақтап,

Енесіне қарамай,

Ойсыл қара баласы,

Ботақаным, қайдасың?

Көс, Көс!



Мультимедиялық оқу құралы

Сабақтың ортасы

30–35 минут


Мағынаны ажырату

Ой қозғау

Жұмбақ шешіледі:

Иiр-иiр денесi,

Сахараның кемесi

Ащы шөптер – тамағы,

Шөлге шыдап бағады (түйе).

2. Мақал-мәтелдер түсiндіріледі:

Нар жолында жүк қалмас.

Бақырауық демесең,

Бағалы көлiк түйе ғой.

Тақырыпты болжау.

Бейне жазба

Тұжырым.

Көшпелі қазақ шаруасының сүйікті малы – түйе. Түйенің жүні мен терісі – киім, сүті – сусын, еті – ас. Әсіресе, түйе көш көлігі ретінде бағалы. Қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді, әсіресе шөлге, аштыққа шыдамды. Түйе алпыс күн аштыққа, отыз күн шөлге шыдайды. Осынша шыдамдылығына, қуаттылығына қарамастан, «шөк» десең шөге қалатын, «айт-шу» десең атып тұратын «тіл алғыш», жуас, қайырымды мал. Түйе сүтінен шұбат дайындалады (қымыран деп те аталады). Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа, қанды толықтырады. Шұбаттың радиацияға қарсы әсері болатыны да анықталған. Түйе еті – түйе өнімінің бір түрі, бағалы тағамдық шикізат. Түйенің шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына және радиация сәулелеріне қарсы ем ретінде пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма бұйымдар жасалады.


Төрт түлікке байланысты тыйым сөздер.

  1. Малды басынан ұрма.

  2. Мады теппе, ақты төкпе.

  3. Малға теріс мінбе.

Мақсат, күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсатымен таныстырып, күтілетін

нәтижені оқушылармен бірлесе анықтау.

Интербелсенді тақта немесе плакат



























Оқылым.

«Түйе» өлеңі оқылады.

Топтық жұмыс. Топ ішінде талқылау.

Суретке зер сал. Жырға сүйенiп, төмендегі сұрақтарға жауап бер:

Түйенiң төлiн қалай атайды? Сүтiн ше?

Түйенiң жүрiсi туралы не деуге болады?

Шудасы туралы ше?

Түйе қандай шөптi жақсы көредi?

Түйенiң пайдасы қандай?


Жетістік крийтерийі:

қарапайым және нақтылау сұрақтарын қояды және оның жауабын шығармадан таба алады.

Бағалау. ЖК бойынша.

Сергіту сәті:

Төрт түлік қалай дыбыстайды? ойыны

Мақал – мәтелмен жұмыс

  1. Мал баққанға бітеді.

  2. Қонақ келсе, қой егіз табады.

  3. Қоныс ақысын түйе қайтарады.

  4. Қойдың сүті – қорғасын,

Қойды ұрған оңбасын.

Ой толғау.

Оқулықтағы №5 тапсырма.Түйенің пайдасы туралы жаз.

Топтық тапсырма. Әр топ өз топтарының атауларын ретімен жазады.

  1. Қой атаулары: қозы, марқа, тоқты, т.б.

  2. Сиыр атаулары:бұзау, тайынша, бұқа, т.б.

  3. Жылқы атаулары: құлын, тай, құнан,дөнен, бесті, бие, айғыр .

  4. Түйе атаулары: жалғыз өркешті (нар), қос өркешті түйе, нарбота, нартайлақ, бота, тайлақ.



Сабақтың соңы

5 минут



Кері байланыс.

Әр түліктің жақсы қасиеттерін жазады

  1. Ортақ қасиеттері: адамға пайдалы.

  2. Айырмашылығы: а) әр малдың терісі, ә) қой, ешкі – аша тұяқты, б) түйе аптасына бір рет су ішеді.

Оқушылар сабақты қорытындылайды. Бүгінгі сабақтан не білгенін, не үйренгенін айтады.

Рефлексия.


Постер қорғау

Үйге тапсырма

«Түйе» өлеңін жаттау 58 бет


Қосымша мағлұматтар

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

А, А + ақын сөздерін пайдаланып көркем сөйлеу.

Жетістік критерийлері арқылы, көңілді гүлдер арқылы,

қол соғу арқылы.

АКТ-ны қолдану дағдылары: осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты):

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты):

1.

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
2233
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12