Ашық сабақ Түймедақ гүлі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Түймедақ гүлі

Материал туралы қысқаша түсінік
: Гүл түрлерімен таныстырып, есу тәсілін пайдалана отырып, бөліктерді біріктіру арқылы түймедақ гүлін ермексаздан жасауды үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Технологиялық карта

Топ: Ортаңғы «А» Айгөлек тобы

Тәрбиеші: Байжукенова Қ.Б.

Білім беру саласы

Шығармашылық

Бөлімі

Мүсіндеу

Тақырыбы

Түймедақ гүлі

Мақсаты

Білімділік: Гүл түрлерімен таныстырып, есу тәсілін пайдалана отырып, бөліктерді біріктіру арқылы түймедақ

гүлін ермексаздан жасауды үйрету.

Дамытушылық: балалардың қол моторикасын, қиялын дамыту.

Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері


Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту, мадақтау, жеке баламен жұмыс.

Көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар

Түймедақ гүлінің, гүлдердің суреті, сары, ақ, жасыл ермексаз, тақтайша, губка, сүлгі

Сөздік жұмыс

Түймедақ , гүлдің сабағы.

Билингвальдық компонент

Түймедақ-ромашка.


Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар әуенмен залға кіреді.

Балалар бүгінгі оқу қызметімізді ерекше қылып өткізгелі тұрмыз.

Бізге қонаққа көптеген апайлар келіпті. Қонақ апайлармен амандасып алайық. Балалар енді бүгінгі күнімізге арнап таңғы тілегімізді айтайықшы.

Шаттық шеңбер

Аспанымыз ашық болсын

Деніміз сау болсын

Балабақшамыз жайнай берсін

Әр үйде қуаныш болсын.

Жарайсыңдар балалар, тілектерің қабыл болсын!

Перде жабық тұрады.

Балалар қазір біз сендермен бір ғажайып баққа баратын боламыз.

Бақтың ішін көргілерің келе ме? Ғажайып баққа бару үшін түгелдей көзімізді жұмайық.

Сыйқырлы әуен шығады. Құстардың даусы мен судың сылдыры мен ғажайып бақ ашылады.

Мінеки балалар біз ғажайып баққа да келдік.

Бақтың ішінде Гүл ханшайымы отырады.

Гүл ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер менің ғажайып бағыма қонаққа келдіңдер ме? Мен Гүлдердің ханшайымымын.

Тәрбиеші: Гүл ханшайымы сәлеметсіз бе! Бағыңыз өте тамаша екен.

Гүл ханшайымы: Ия менің сүйкімді бүлдіршіндерім, менің ғажайып бағым әрдайым құлпырып , жарқырап тұрады.

Тәрбиеші: Гүл ханшайымы сен қазір қай жыл мезгілі екенін білесің бе?

Гүл ханшайымы: Жоқ мен білмеймін. Менің бағым үнемі құлпырып, жадырап, мәңгі жаз болып тұрады.

Тәрбиеші: Балалар олай болса Гүл ханшайымына қазір жылдың қай мезгілі екенін айтып берейікші.

-Сонымен қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Көктем мезгілінің айларын атап жіберейікші.

-Ал қазір бізде қай ай?

-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Гүл ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, сендерге көп рахмет. Мен жыл мезгілін білдім. Енді сендерге өзімнің гүлдерімді сыйлық ретінде таратып берейін, және де мен сендердің топтарыңа өзімнің ең жақсы көретін гүлімді сыйға тартқым келіп тұр. Осы гүлді көріп мені естеріңе алып жүресіңдер.

Тәрбиеші: Гүл ханшайымы сыйлығыңызға көп рахмет. Енді біз балабақшамызға қайтайық. Бізді қонақ қылып, сыйлық беріп жатқаныңызға көптен көп рахмет.

Балалар әуенмен кіріп, шеңберге тұрады.


Балалар үш тілде аманасады.

-Сәлеметсізбе!

-Здраствуйте!

-Good morning!


Тәрбиешімен бірге қимыл келтіріп, тілектерін айтады.





-Ия көргіміз келеді.

Түгел көздерін жұмады.












-Ия.















-Көктем мезгілі

-3 ай

-Наурыз, сәуір, мамыр.

-Мамыр айы

-Күн жылынады, қар ериді, ағаштар бүршік жарады, құстар жылы жаққа ұшып келеді, жұқа киім киеміз.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші: Балалар Гүл ханшайымының берген сыйлығы бойынша әрқайсысымз өз орындарымызға жайғасамыз.

Суретпен жұмыс. (теледиардан түймедақ гүлінің суретін көрсету)

Балалар барлығымыз теледидарға назарымызды аударайық. Түймедақ гүлі бақша гүлдеріне жатады. Түймедақ гүлінің мынау күлтелері. Күлтесі ақ түсті. Ал ортасындағы тостағаншасы. Тостағаншасы сары түсті. Ал мынау сабағы мен жапырағы. Түсі жасыл. Балалар біз бүгін осы түймедақ гүлін өзіміз жасайтын боламыз.

Түсіндірме жұмыс.

Ол үшін бізге үш түсті ермексаз, ақ, сары, жасыл, тақтайша, сулы губка, сүлгі, пышақ қажет. Ең алдымен жеңімізді түреміз, қолымызды сулы губкамен дымқылдап, сары ермексазды аламыз. Бірінші гүлдің тостағаншасын жасаймыз. Оны алақанымызға домалақтап, екі саусағымызбен мыжимыз. Екінші ақ түсті ермексазды алып, бірдей 5 бөлікке бөлеміз. Бөлінген бөліктерді алақан арасына салып, домалақтап, екі саусағымызбен мыжып, күлтелерін жасаймыз. Үшінші жасыл ермексазды алып, есу тәсілін қолданып, сабағы мен жапырағын жасаймыз. Енді осы дайын болған бөліктерді бір біріне біріктіреміз. Гүлдің тостағаншасын алып, дайын тұрған күлтелерді біріктіріп жапсырамыз. Тостағаншасына сабағын біріктіреміз. Ең соңында жапырағын сабағына біріктіріп жапсырамыз.

Балалар біз түймедақ гүлін ермексаздан жасауды да үйрендік. Енді түймедақ гүлін орыс тілінде айтып үйренейік.

Билингвальдық компонент:

Түймедақ-ромашка, гүл-цветы.

Қане бір екі рет қайталап жіберейік.

Жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік ережесін есімізге түсіріп алайық.

Қауіпсіздік ережесі.

-Балалар олай болса бойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті (теледидардан қосылады)

Тәрбиеші: балалар бойымыз сергісе түймедақ гүлін жасау үшін бірінші не істейміз. Екінші қай бөлігін орындаймыз. Үшінші не істейміз?

-Жарайсыңдар.

Балалар жұмыс жасағанда әуен қосылады. (Гүл ханшайымының бағындағы әуен)

Жеке жұмыс.

Балаларды мадақтау.

Тәрбеші: Балалар гүлімізді жасап болсақ, мүсіндеудің тақтайшасына көрмеге қояйық.

Тәрбиеші: Балалар гүлдерге байланысты бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын ойнағыларың келе ме?

Ойын:«Гүлдерді топтастыр» (Монтессори технологиясы бойынша)

Шарты: суреттердің ішінен дала, бақша, бөлме гүлдерін ажыратып, қысқышпен қысып, топтастыру керек.

Балалар Гүл ханшайымы таратқан гүлдер бойынша орындарына жайғасады.






Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.















Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.














Балалар тәрбиешімен бірге 1-2 рет қайталайды.

Түймедақ-ромашка, гүл-цветы.

Жеңімізді түреміз, ермексазды аузымызға салмаймыз, пышақты көзімізге тақатпаймыз, достарымызға кедергі келтірмейміз.

Балалар тәрбиешімен бірге теледидарға қарап, қимылдар жасап сергіту сәтін орындайды.

Балалардың жауаптары.



Балалар жасаған гүлдерін тақтайшаға қояды.



-Ия ойнағымыз келеді.



Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Қортынды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! -Балалар біз бүгінгі оқу қызметімізде қайда бардық?

-Оқу қызметімізде қандай гүл жасадық?

-Балалар бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?

-Оқу қызметі маған да ұнады. Қатысқандарың үшін көп-көп рахмет. Сендер бүгін өте үлкен іс жасадыңдар сол үшін сендерге көп-көп рахмет мен сендерді жұлдызшамен мадақтағым келіп тұр. Алдағы уақытта мектеп табалдырығын аттайсыңдар. Сол кезде де осындай қызыл жұлдызшаларың көп болсын.

Тәрбиеші: Осымен балалар біздің ашық оқу қызметіміз аяқталды. Қонақтарымызбен қоштасып алайық.



Ғажайып баққа..


-Түймедақ гүлін жасадық.

-Ия ұнады.










-Сау болыңыз!

-Досвидания!

-Good bye!

Күтілетін нәтиже:

Орындайды

Ермексаздан түймедақ гүлін жасай алады.

Түсінеді

Гүлдердің атауларын атай алады.

Қолданады

Гүлдерге күтім жасайды


Қорытынды нәтиже тәрбиеші:

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Тексерушінің ұсыныстары:

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Тексерген:







































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.12.2019
4165
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі