400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Тұңғыш ғалым. 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердегі қазақ тілі мамандарына көмегі тиіп қалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰМЖ бөлімі: Атақты тұлғалар

Сынып: 3 А

Күні:17.02.2020ж

Мектебі: «ІТ лицей» КММ

Мұғалімі: Темірова Б.А.

Пәні: Қазақ тілі Т2

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш ғалым


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.​3.​3.​1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау.

3.​5.​1.​2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.


Сабақ мақсаттары

  • Оқыған мәтіннің жанры мен түрін ажырату.

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

  • Септік жалғауларын дұрыс қолдану.


Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің жанрын және түрін ажыратады.

  • Мәтін бойынша тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап береді

  • Сөйлеу және жазу барысында септік жалғаулы сөздерді дұрыс қолданады.


Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: тұңғыш, ғалым, зерттеу, білімді.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Бала Шоқан, Дарынды зерттеуші, зерттеу жасау, тұңғыш ғалым.


Құндылықтарды дарыту



Пән аралық байланыс

Әдебиет, орыс тілі


Алдыңғы білім

Дина Нұрпейісова. Үйге берілген тапсырманы сұрау, қайталау үшін «кубизм» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы 5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Сыныппен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Біз бақытты баламыз,

Биікке қанат қағамыз.

Болашаққа талпынып ,

Оттай лаулап жанамыз.

Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз еңбектену.

Еңбектену арқылы ,

5 –ке қолды жеткізу.

Қызығушылықты ояту.

«Алма әдісі» бойынша өздері таңдаған алмалардың түсі бойынша үш топқа бөлінеді.

1-топ: Білімділер

2-топ: Ақылдылар

3-топ: Дарындылар

Үй жұмысы: Үйге берілген тапсырманы сұрау, қайталау үшін «кубизм» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.









Алмалар





Слайд, текше


Сабақтың ортасы

30 минут

Жаңа сөздерді жазу:

Тұңғыш, ғалым, зерттеу, зерттеші, білімді, ғылым.

Жаңа сөздерді меңгерту. Сөйлеу қабырғасында «ғалым», «тұңғыш» сөздерінің синонимдерін (ғалым – оқымысты, білгір адам; тұңғыш – бірінші, алғашқы) беру арқылы жаңа сөздерді меңгертіңіз. «Тұңғыш» сөзінің жазылуы мен айтылуындағы ерекшелікке назар аудартыңыз. Балаларға бірнеше рет айтқызыңыз. Интербелсенді тақтада жазылуы мен айтылу транскрипциясын көрсетіп қойыңыз:

Дұрыс айт!

Жазылады: тұңғыш Айтылады: [тұңғұш]

Тыңдалым. Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет береді. Мәтіннің жанрын анықтайды.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы Қостанай облысында туған. Ол қазақтың тұңғыш ғалымы. Әкесінің аты – Шыңғыс. Шоқан – Абылай ханның ұрпағы. Шоқанның шын есімі – Мұхамед Ханафия. Әжесі Айғаным сүйікті немересін «Шоқан» деп атап кеткен. Ол бес жасынан хат таниды. Шоқан өте жақсы оқыды. Сондықтан оны мұғалімдері 14 – 15 жасында болашақ ғалым, зерттеуші деп атаған. 1853 жылы Шоқан Омбыдағы Кадет корпусын бітірген. Оның ең алғаш қағазға түсірген жыры – «Манас» деп аталады.

Тапсырма. Топтық жұмыс

1 – топ: Сұраққа жауап жазады.

- Шоқан Уәлиханов қай жылы туған?

- Ол – кімнің ұрпағы?

- Шоқанның шын есімі..

- Шоқан неше жасынан хат таныған?

- 1853 жылы Шоқан қай оқу орнын бітірген

Дескриптор:

-Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

-барлық жауап дұрыс(2 смайлик)

-2 сұрақ қате(1 смайлик)


2 – топ: Диаграмманы толтырады.


Shape1

Shape4 Shape3 Shape2

Шоқан



Shape5


Дескриптор:

-Диаграмма арқылы Шоқанды сипаттайды.

-Нақты 5 сөзбен сипаттайды(2 смайлик)


3 – топ: Сөзжұмбақ шешеді.


Ш








О






Қ








А










Н




  • Әкесінің аты

  • Шоқан оқыған Кадет корпусы қай қалады орналасқан?

  • Туған жері

  • Әжесінің аты

  • Шоқанның алғашқы қағазға түсірген жыры

Дескриптор:

Берілген сұрақтармен кестені дұрыс толтырады

-Барлық жауап дұрыс(2 смайлик)

-2 қате(1 смайлик)


Сергіту сәті

Оқушылар орнынан тұрып, видеодан көрсетілген қимылдарды қайталайды.


Оқылым. 3-тапсырма.

Дәптермен жұмыс

Оқулықта берілген 3-тапсырмадағы мәтінді оқып, тапсырмаларды дәптерге орындау.

Шоқан ұстаздарынан көп білім алды. Олардан зерттеу жасауды үйренді. Ұстаздары да Шоқанды дарынды, білімді бала ретінде бағалады. Шоқанның досы көп болды. Ол Ресейде білім алды.

1-топ:4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазады.

Дескриптор:

-тірек сөздерді орынды қолданады.(2 смайлик)

2-топ:Мәтін бойынша Кімнің? Ненің? Кімді? Нені? Кімнен? Неден? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жазады.

Дескриптор:

-мәтін ішінен септеулі сөздерді табады.(2 смайлик)

3-топ:6-тапсырма. Орны ауысқан әріптерді орнына қойып, дұрыстап жазады.

Дескриптор:

-адасқан әріптерден сөз құрайды.(2 смайлик)


«Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақтан алған білімдерін қайталау.

Слайд, дәптер










Слайд, сурет









А4 қағаздары

смайликтер




































Видеоролик https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Оқулық Дәптер






















Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия

Оқушыларды бағалау.Оқушылардан сабақтан алған әсері туралы сұрау.

«Бағдаршам» әдісі. Сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болса, жасыл түсті, сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болса, сары түсті, сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, қызыл түсті көрсетеді.





Оқулық



Үй жұмысы: №7, 42 бет. Диалогті жалғастыру.



Қосымша ақпарат



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеремін?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Жұптық жұмыста нақты жауаптар жазады. Жұптасына көмек береді.

Оқушыларды дескрипторлар арқылы бағалаймын. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Денсаулық сақтау технологиялары.Сер гіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.



Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
43 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
3153
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі