Мақсаты:
Жас ұрпаққа тұңғыш президентіміздің сан
қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елін сүйген, елі
сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнектіліктер:
Елбасы
суреті.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға
қонақтар келіп отыр.
Кәне
балалар, қонақтармен
амандасайық.
Балалар:Саламатсыздар
ма!
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді бәріміз
шеңберге тұрайық.
Шаттық
шеңбері.
Тәрбиеші:
Балалар біз қай мемлекетте өмір
сүреміз?
Балалар: Қазақстанда.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар. Енді осы
мемлекеттіміздің әнұранын
орындайық.
Тәрбиеші:
Балалар бүгін біз сабағымызда
Еліміздің тұңғыш
президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте
кім бейнеленген?
Балалар:
Нұрсұлтан
Назарбаев!
Тәрбиеші:
Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал,
балалар ол кім екенін білесіңдер
ме?
Балалар:
Ол біздің тұңғыш
президентіміз!
Тәрбиеші:
Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан
Республикасының тұңғыш
президенті.
Ал қазіргі
президентіміз кім? Білесіңдер
ме?
Балалар: Қасым-Жомарт
Тоқаев.
Тәрбиеші:
Дұрыс балалар, сендердің мамаларың,
папаларың жұмыс істегендей, ол кісілердің жұмысы президент болу.
Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім
біледі?
Балалар:
Нұр-Сұлтанда.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Нұр-Сұлтанда. Ақордада. Балалар
Астанада тағыда не бар?
Балалар:
Бәйтерек
бар!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің
символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер
ме?
Балалар:
Иә, білеміз. Олар: ту, әнұран және
елтаңба.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Балалар «Туды
құрастыр» ойынын ойнайық.
Мен сендерге
геометриялық пішіндерді беремін, сендер бұл пішіндерден
туды
құрастыруларың керек. Кім бірінші болып
құрастырады екен?
Жарайсыңдар,
балалар! Балалар, біздің туымызға қараңдаршы, не
белгіленген?
Балалар:
Күн, бүркіт,
ою.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Ал бұл суреттер не
білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі
қандай?
Балалар:
Көк!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Ол аспанымыз ашық
болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін
қараңдаршы – күннің
сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз
ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз
екен.
Қыранның бейнесі – еліміз
әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген. Және
туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы
екенін білдіреді.
Енді балалар Елтаңбамызға
қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?
Балалар:
Шаңырақ!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Балалар шаңырақ
біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,
отбасының бейнесін
білдіреді. Тағы да не бар?
Балалар:
Ат бар!
Тәрбиеші:
Дұрыс, қанатты ат бар. Атты
біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз
бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды
білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің
елдікі екенін білдіреді.
Шаршадыңдар ма
балалар?
Балалар:
Иә, шаршадық!
Тәрбиеші:
Кәне келіңдер сергіту
сәтіне.
Біз бақытты
баламыз,
Шырқап әнге
саламыз.
Туыспыз біз
бәріміз,
Бір Отанды
сүйеміз
Қорытынды:
Балалар біз бүгін сабақта
кім туралы айттық?
Балалар:
Нұрсұлтан Назарбаев
туралы.
Тәрбиеші:
Ол кім?
Балалар:
Ол біздің елдің тұңғыш
президенті.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Біздің еліміз қалай
аталады?
Балалар:
Қазақстан!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Маған біздің елдің
рәміздерін атап беріңдерші. Олар нені
білдіреді?
Жарайсыңдар, балалар! Осымен
сабағымыз аяқталды. Орнымыздан
тұрып, келген
қонақтарды шығарып салайық.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді,
білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?
Балалар:
Көк!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді
білдіреді. Күннің бейнесін
қараңдаршы – күннің сәулелері
біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар
екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз
екен.
Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан
биікте самғасын, биіктен көрінсін деген. Және туымыздың
жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін
білдіреді.
Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар.
Елтаңбаның ортасында не тұр?
Балалар:
Шаңырақ!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің
елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,
отбасының бейнесін білдіреді.
Тағы да не бар?
Балалар:
Ат бар!
Тәрбиеші:
Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің
ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол
– біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал
астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін
білдіреді.
Шаршадыңдар ма балалар?
Балалар:
Иә, шаршадық!
Тәрбиеші:
Кәне келіңдер сергіту
сәтіне.
Біз бақытты баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз
Қорытынды:
Балалар біз бүгін сабақта кім туралы
айттық?
Балалар:
Нұрсұлтан Назарбаев
туралы.
Тәрбиеші:
Ол кім?
Балалар:
Ол біздің елдің тұңғыш
президенті.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Біздің еліміз қалай
аталады?
Балалар:
Қазақстан!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін
атап беріңдерші. Олар нені
білдіреді?
Жарайсыңдар, балалар! Осымен сабағымыз
аяқталды. Орнымыздан
тұрып, келген қонақтарды шығарып
салайық.