15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Тұқым және жеміс"
Мұғалім: Дәулетиярова Айдана Болатқызы
Сынып: 2 «А” Сынып
С
абақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс.
Сабақтың мақсаты: Құрғақ жеміс пен шырынды жемістер туралы түсінік беру, оларды ажырата алуға үйрету.
Тұқымның өсімдіктің өсіп-өркендеуіне керекті мүше кендігін ұғындыру.
Нәтижесі: Оқушылар құрғақ жеміс пен шырынды жемісті ажырата алады, түсінеді, өз беттерінше топтық жұмыс істей алады.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, АКТ-ны пайдалану, постермен жұмыс. «Ой қозғау», « Алтын балық», «Бір сурет он сөйлем», «Кубизм стратегиясы»
Сілтеме: Интернет ақпараттары, электронды оқулық, Дүниетану оқулығы 2013 «Атамұра».
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, плакат, маркер, топтамалар, қоңырау,бағалау парақшалары.
|
Кезең |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Уақыты |
|
Блум таксономиясы Білу, тану |
Ынтымақтастық атмосферасын құру
Оқушылармен амандасу. Шаттық шеңбер құру.
Оқушылар төрт жол шумақ айтады.
Топқа бөлу түстер арқылы 1 топ 2 топ 3 топ Оқушылардан жапырақ, тамырң сабақтың қызметін сұрайды
Үй тапсырмасын тексеру
«Қызығушылығын ояту» Үй тапсырмасын «Жапырақты жинау» ойыны арқылы жауап беру . Оқушылар бір-бірлеп келіп, жапырақты алып, жапырақтың
артына тұрған сұрақтарға жауап береді. Балалар да қосымша сұрақтарын қойып отырады.
1 сұрақ. Жапырақ өсімдіктің қай мүшесінде орналасқан? 2сұрақ. Жапырақтың атқаратын қызметі қандай? 3 сұрақ. Жапырақ қоректі қайдан алады? 4 сұрақ. Жапырақ неліктен сарғаяды? 5 сұрақ. Қураған өсімдік қалдықтарының қандай пайдасы бар?
III Жан- жақты білімдерін тексеру: «Ғажайып алаң» ойыны арқылы 1 Жапырақ неліктен сарғаяды 2 Ауаның маңызы 3 Судың қасеті 4 Көкжиек дегеніміз не? |
Оқушылар мұғаліммен амандасады.
Әсем гүлдей сүйкімді біз баламыз, Алдыменен сәлем беріп аламыз. Озық оймен, ынта- жігер, талаппен, Білім нәрін бойға жинап аламыз.
1- топ сабақ 2-топ жапырақ 3- топ тамыр
Оқушылыр сұраққа жауап береді
Үй тапсырмасын оқушылар өз тапсырмалары бойынша орындап келеді.
Оқушылар үй тапсырмасын жапырақшадағы сұрақ бойынша жауап береді.
|
|
|
|
|
|
7 минут |
|
Түсіну |
Жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақты ашу V Жаңа сабақ. 1 Бойы бір қарыс,
Сақалы екі қарыс « Жүгері» 2 Мысық мұртты, Өрмек басты «Бидай» 3 Көктемде көк гүлге оранады Күзде қолға доп болып оралады. «Алма» - Ендеше балалар бүгін біздің өтетін жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс» Ендеше балалар тақтаға назар аударайық. Электрондық оқулықпен көрсету Оқушылар қысқаша мағлұмат алады. Мұғалім өзі қосымша слайд арқылы көрсетіп, түсіндіреді а) Тамыр – бәрінің негізі, жер астында жатқандықтан көрінбейді. ә) Сабақ - өсімдікке пішін береді, ол жапырақтар мен гүлдерді ұстап тұрады. б) Жапырақ – сабаққа жабысып тұрады, оттегі береді. в) Гүлі - өсімдіктің әшекейі, өте қажет гүл түйіні. г) Жемісі - өсімдіктердегі адамдардың ең артық бағалайтын бөлігі, бізге тарататын сыйы.
Жеміс және тұқым туралы әңгімелеу. Жеміс- өсімдіктің бізге тартатын сыйы. Оларды жақсылап күтіп, баптап өсірсе мол өнім береді. Ал осы жемістер өсімдікте қалай пайда болады. Кез-келген гүлді өсімдікті байқап қарайық. Гүл сабақта жетіледі. Өсімдік жетіліп өсе келе гүлдің түбі түйінделеді. Бұл «гүл түйіні » деп аталады. Гүл түйіні үлкейіп өскен сайын гүлдің күлтелері солып, түсіп қалады. Сол түйінен жеміс өсіп жетіледі. Жемістің ішінде тұқым болады. Балаларға бейнеролик арқылы тұқым мен жемістің өсіп жетілуін көрсету. Әр жемістің ішінде дәндері мен сүйектері болады Мысалы : Алманы екіге бөліп тұқымын көрсетеді . Егу жолын көрсетеді. Сүйек оның тұқымы болып табылады. Одан жаңа өсімдік өнеді. Бірақ ол үшін тұқымдар жерге түсуі керек.Тұқым мен жемістің пісіп жетілуі әр өсімдікте әр түрлі. Ерте гүлдейтін өсімдіктердің тұқымы тез жетіліп піседі. Олар екі-үш аптада тұқым береді. Тұқым екіге бөлінеді.
|
Оқушылармен жұмбақтың шешуін табады.
Жүгері Бидай Алма
Оқушылар мағлұмат алады
Электрондық оқулық арқылы баяндайды
Оқушылар тұқымды көзбен көреді Тәжірибе жасайды
Оқушыларға бейнеролик арқылы тұқым мен жемістің өсіп жетілуін көреді
Оқулықпен, дәптермен жұмыс |
12 минут
|
|
Қолдану |
« Мен саған,сен маған» әдісі арқылы түсінгендерін сұрау |
Сұрақ қою арқылы пысықтайды |
8 минут |
|
Сергіту |
Оқушының көзін жауып қойып, жемісті жегізіп, құрғақ па жоқ шырынды екенін ажырату |
Жемісті жегізіп оқушылар ажыратады |
2 минут |
|
Талдау |
Тұқым Шырынды Құрғақ Алма Жаңғақ Жүзім Арпа Қауын Бидай Қарбыз Күріш |
Оқушылар жемісті ажырату үшін вен диограммасы арқылы ажырату |
6 минут |
|
Жинақтау |
Топтық жұмыс 1топ Өз бетінше оқу «Аялдама арқылы оқу» 2 топ Мазмұнын айту 3 топ Құрғақ пен шырынды жемістерді атап шығу
|
Топтық жұмыс |
5 минут |
|
Бағалау |
«Басбармақ» , «Екі жұлдыз бір тілек» смайликтар арқылы. Кері байланыс оқушыларға кеменің суретін таратып беремін.Егер сабақ түсінікті болса жасыл түспен бояймыз
|
Жекеше, топтық бағалау әр жұмыстарына |
1 минут |
|
Рефлексия |
Кері байланыс оқушыларға кеменің суретін таратып
беремін.Егер сабақ түсінікті болса жасыл түспен бояймыз Егер жаңа сабақ кішкене қиындау болса сары түспен бояу Егер сабақ қиын және мұғалімнің көмегі қажет болса қызыл түспен бояу. |
Оқушылар жаңа сабақты
түсінгеніне қарай бояйды |
2 минут |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген