15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. "Түр түзілу. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары мен жолдары" 9 сынып
Күні: 25.02.2015 ж Пәні: Биология 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Түр түзілу. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары мен жолдары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түр түзілу жолдары мен органикалық дүние дамуының негізгі бағыттары туралы білім беру, биологиялық прогрестің жолдарымен (ароморфоз, идиоадаптация және жалпы дегенерация) таныстыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс, сыни тұрғысынан ойлау элементтері
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, кестелер, үлестірмелер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
А) оқушылармен сәлемдесу,сыныпты түгендеу.топқа бөлу
Ә) топ ережесімен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.“Ой қозғау” (сұрақтарға жауап беру)
1. Бейімділік деп нені атайды ?
2. Бейімділік қалай қалыптасады ?
3. Қорғаныш рең дегеніміз не ?
4. Қорғаныш рең түрлерін ата ?
2. “Миға шабуыл”
3. “Суреттер сөйлейді” суретпен жұмыс
ІІІ.Жаңа сабақты таныстыру
Түр – деп құрлысы ұқсас, шығу тегі бір, өзара еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін және ұзақ уақыт бір аймақта мекендеп, сол орта жағдайларына бейімделген даралар жиынтығын айтады. Түр түзілу көбінесе оқшаулануға негізделеді.
Түр түзілудің екі жолы бар
-
Географиялық түр түзілу
-
Экологиялық түр түзілу
Географиялық түр түзілу - бұл түр түзілудің негізгі себебі географиялық оқшаулану. Оқшаулану екі жағдайға байланысты болуы мүмкін. Біріншіден, бастапқы түр аймағы қандай да бір табиғи кедергілерге байланысты оқшауланған бірнеше бөліктерге бөлініп кетеді. Мысалы: тау түзілу немесе түбекті материктен бөлетін бұғаздардың түзілуі т.б.
Екіншіден, оқшаулану бастапқы түр аймағының кеңеюіне байланысты жүреді. Бұл кезде түр популяциялары бір-бірінен алшақтап, жаңа орта жағдайларының әсерінен өзгеріп, жаңа түр бастамаларына айналады.
-
Экологиялық түр түзілу - түр аймағының жеке бөліктеріндегі экологиялық жағдайлармен тікелей байланысты.Жаңа мекен ортасындағы экологиялық жағдайлардың әсерінен көбею мерзімі де өзгереді. Биологиялық оқшаулануға негізделген. Экологиялық түр түзілуге мысал ретінде әр түрлі орта жағдайларына бейімделген сарғалдақтың бес түрі белгілі.
-
Олай болса, географиялық және экологиялық оқшаулану популяциялардың алшақтауына, дербестенуіне, келешекте жаңа түрлердің түзілуіне әсер ететін эволюциялық механизмдер болып табылады.
-
ІV. Сабақты бекіту тапсырмалары
-
Биологиялық диктант
Микроэволюция нәтижесінде түр түзіледі. Түр түзілудің екі жолы бар географиялық және экологиялық түр түзілу. Географиялық түр түзілу себебі географиялық оқшаулану біріншіден, бастапқы түр аймағы қандай да бір табиғи кедергілерге байланысты оқшауланған бірнеше бөліктерге бөлінеді. Екіншіден, оқшаулану бастапқы түр аймағының кеңеюіне байланысты жүреді. Экологиялық түр түзілу түр аймағының жеке бөліктеріндегі экологиялық жағдайлармен тікелей байланысты. Олай болса, географиялық және экологиялық оқшаулану популяциялардың алшақтауына, дербестенуіне, келешекте жаңа түрлердің түзілуіне әсер ететін эволюциялық механизмдер болып табылады.
Сергіту сәті "Ормандағы жануарлар"
Семантикалық карта (Жеке оқушымен жұмыс )
|
р/с |
Тірі организмдердің алуан түрлері |
Биологиялық прогрестің негізгі жолдары |
||
|
Ароморфоз |
Идиоадаптация |
Дегенерация |
||
|
1 |
Жүрегі 4 қуысты сүтқоректілер |
+ |
|
|
|
2 |
Раффлезия |
|
|
+ |
|
3 |
Өкпемен тыныс алатын қосмекенділер |
+ |
|
|
|
4 |
Жолақты кенгуру |
|
+ |
|
|
5 |
Семсертұмсық |
|
+ |
|
|
6 |
Өсімдіктердің тұқыммен көбеюі |
+ |
|
|
|
7 |
Арамсояу |
|
|
+ |
|
8 |
Сиыр цепені |
|
|
+ |
|
9 |
Бүркіттұмсық |
|
+ |
|
2. “Сәйкестігін анықта”
|
Биологиялық прогресс |
Биологиялық регресс |
||||||
|
1 |
3 |
4 |
8 |
2 |
5 |
6 |
7 |
1 Түрдің немесе басқа бір жүйелік топтың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы.
2 Даралар санының азаюы.
3 Қоршаған ортаға бейімділіктің жоғарлауы.
4 Даралар санының артуы.
5 Таралу аймағының тарылуы.
6 Қоршаған ортаға бейімділіктің төмендеуі.
7 Түрлердің жойылуы.
8 Таралу аймағының кеңеюі.
3. Адасқан әріптер
фозморора, иияддаапотац , иияддаапотац
4. Тест тапсырмалары
-
Түрден жоғары деңгейдегі жүйелік топтардың түзілу процесі
А) макроэволюция Ә)микроэволюция Б) оқшаулану
2. Түрдің немесе басқа бір жүйелік топтық тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы
А) биологиялық прогресс Ә)биологиялық регресс Б) микроэволюция
3. Әр түрлі тіршілік жағдайларында пайда болып, организмнің құрылым деңгейін
күрделендіретін өзгерістер
А) идиоадаптация Ә) ароморфоз Б) дегенерация
4. Организмдердің нақты тіршілік ортасына сәйкес алуан түрлі бейімділіктерге
ие болуы
А) идиоадаптация Ә) ароморфоз Б) дегенерация
5. Организмдердің отырықшы немесе паразиттік тіршілікке көшуіне байланысты
жекелеген мүшелері мен жүйелерінің жойылуы
А) идиоадаптация Ә) ароморфоз Б) дегенерация
6. Түр түзілудің қанша түрі бар?
А) 5 Ә) 4 Б)2
7. Биологиялық оқшаулануға байланысты жүретін түр түзілу
А) географиялық түр түзілу Ә)Экологиялық түр түзілу Б)эволюция
Жауаптары: 1 – А , 2 – А, 3 – Ә, 4 – А, 5 – Б, 6 – Б, 7 – Ә
5. "Ия, жоқ" ойыны
1. Жаңа түрлер мен түрішілік санаттар түзу үдірістері микроэволюция деп аталады.
2. Түр түзудің үш типі бар.
3. Географиялық түр түзілу кезінде географиялық тұрғыда оқшауланады.
4. Экологиялық түр түзілу көбею мерзімінің өзгеруіне байланысты
5. Араморфоз - морфофизиологиялық үдеріске жатпайды.
6. Нақтылы орта жағдайына аз-аздап , жеке бейімделуі араморфоз деп аталады
V. Сабақты қорытындылау . Серпілген сауал
Оқушылар бір біріне қалташаны лақтыру арқылы бір - біріне сауал қойып қорытындалайды.
VІ. Үйге тапсырма Түртүзілу. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары мен жолдары.
Тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтарға жауап беру, кестені толтыру.
Тақырып бойынша презентация дайындап келу
VІІ. Бағалау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген