400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Тұрақты тіркес" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне көмек. Ашық сабағымда фразеологизмдердің қолданылуы мен олардың мағыналарын ашу көзделген. Тұрақты тіркесті жан -жақты талдау, оқушыларға оларды кеңінен түсіндіру. Тұрақт тіркес оқушылардың сөздік қорын молайтуға үлкен септігін тигізеді.Оқушыларға антоним, амоним, синоним болатын тұрақты тіркестерді үйретужәне сабақта соларды әр түрлі әдіс - тәсілдермен көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тұрақты тіркестер» (2-сағаты)

Мақсаты: а)тұрақты сөз тіркестерінен алған білімдерін пысықтау;

ә)өзіндік жұмыстану дағдысын жетілдіру, түрлі шығармашылық тапсырмалар беріп, оқушылардың логикалық ойлауын, дағды-машығын, таным белсенділігін арттыру;

б)сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.

Түрі: танымдық әрі жарыс сабақ

Әдісі: талдау, миға шабуыл, сыни тұрғысынан ойлау, ойын, 

Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушылармен амандасу;

ә) сыныпты түгендеу

ІІ. Сұрақ- жауап. (Қайталау үшін 3 топқа сұрақ қойылады.)

1-топқа: Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не? (ереже айту, мысал келтіру)

2-топқа: Тұрақты тіркес пен еркін тіркестің арасында қандай

айырмашылық бар?

3-топқа: Олардың қандай ортақ белгілері бар?

ІII. Үй тапсырмасы сұралады. (3 мин).

111-жаттығу

iV. Жаңа сабақ.

І кезең: «Тауып хаз»

ІІ кезең: “Сәйкестендіру” тесті 

ІІІ кезең: “Жеке жұмыс”

IV кезең: «Жалғасын тап»

V кезең: «Оқулықпен жұмыс».

VI кезең: «Тауып жаз».

VII кезең «Суретіне қарап сөзін таны»

VIII кезең «Бейнелеп айтып көр»

IX кезең «Жылдам жауап » ойыны

Х кезең Қорытынды

1-кезең: «Тауып, жаз » Берілген сөйлемнен тұрақты тіркесті тауып,

мағынасын жазу. 
1-топ: Бұл жолы екі кәсіпкерді өзбек саудагері мұзға отырғызып кетті. Ұшақ аспанға көтерілгенде, екі өзен алақанға салғандай болып көрінеді. Ит байласа тұрғысыз баспананы тұрақ еткеніме бүгін төртінші күн. 
2- топ: Мен қарттың терісіне сыймай отырғанын көрдім. Қаладағы

баласы ауылға көптен бері ат ізін салмады. Мұғалімінің алдында қатты қысылып, жерге кіріп кете жаздадым. 
3- топ: Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. Екі ел тонның ішкі бауындай күй кешті. Қасқырды көргенде Жандостың жүрегі тас төбесіне шықты. 
2-кезең: “Сәйкестендіру” тесті (Үш топқа бірдей тапсырма).

1- топқа:
Жұмған аузын ашпау қорқу 
Тайға таңба басқандай әсем 
Жұлдызы қарсы сөйлемеу 
Қыздың жиған жүгіндей анық 
Зәресі ұшу дұшпан 

2-топқа:

Ақылға салды түк қалдырмау

Жылан жалағандай алдау

Опық жеу ыза болу

Тісін қайрау ойланды

Көз байлау өкіну

3-топқа

Ат ізін салмау-жалқаулық

Қол ұшын беру-айтқанын орындау

Мойны жар бермеу-хабарласпау

Бетінен қақпау-айтпау

Тіс жармау-көмектесу

3-кезең:: «Жеке жұмыс». Тұрақты тіркестер біздің тіліміздегі айшықты сөздердің тобы. Көркем бейнелі сөйлеуде үлкен қызмет атқарады. Әдебиет сабағында өткен түрлі тақырыпта кездесетін тұрақты тіркесті табуға тырысып көрейік.

Тұрақты тіркесті тауып, мағынасын ашып, қай шығармадан екендігін табуы шарт. 
1. Келінім ақылды екен, тілін бекерге алмаған екем! 
2. -Е,шырағым, жасым сексенге келгенде, біреудің қанын жүктеп не қылайын!? 
3.Өз әкесінің айтқаны ойына түсіп, кірпігін ілмей жатады.
4. Құралайды көзінен тигізген мерген болыпты. 
5. Кемпірдің алдағанын біліп, санын бір-ақ соғып тұра жөнелді 
6. Қуса жетіп, қашса құтылатын аузымен құс тістеген ерен жүйрік. 
7. Атқа тіл бітеді.
8. Көзді ашып - жұмғанша ағып бара жатып салып кетеді. 
9. Біраздан соң нөкерлері одан мүлде көз жазып қалады.

4- кезең: : «Жалғасын тап». Тұрақты тіркестердің жалғасын табады.
1-топ: 1. ... ..............нің түгі бар
2. ................ын шүйіру
3. .......тау жұтқан

2-топ: 1. .........на құм құйылу 
2. ... .......соғып қалу 
3. тамырына ............. шабу 
3-топ: 1. ........і тоймау
2. құлақ .......ін жеу
3. ............тен шығып кетті
5-кезең: «Оқулықпен жұмыс»

113-жаттығу ,115-жаттығу,117-жаттығу

6-кезең:  «Тауып жаз»

1-топ: Бір-бірімен синоним болатын тұрақты тіркестер жаз

2-топ: Бір-бірімен антоним болатын тұрақты тіркес жаз

3-топ: Тұрақты тіркестердің білдіретін мағыналарын жаз

Жүрегі алып ұшты

Төбесі көкке жетті

Бармағын тістеді

Жермен –жексен етті

Ит өлген жер

7-кезең: “Суретіне қарап сөзін таны” /суретке сай тұрақты тіркестер

тауып жазу/

8-кезең: Бейнелеп айтып көр...” 
1-топ: Мұғалім Айдын Омаровтың білмейтіні жоқ, бәрін де істей алады. Ол суретші де, жүргізуші де, ағаш шебері де, механик те. Музыка аспаптарында ойнап, би билейді. Бейнелеп айтқанда, ондай адамды қалай атайды? 

2-топ: Болаттың әскерде бірге болған жақын досы бар екен. Ол үнемі сол досын айтып, әңгімелеп отырады. Сөйтіп үнемі айтып отыруды не дейді? 

3- топ:  Жақан клубқа барса, онда адам көп, тығыз, отырарға орын жоқ екен. Жақан кіре алмай үйіне қайтып кетеді. “Неге кіріп отырмадың?” деген інісіне ол не деді? 

9-кезең «Жылдам жауап» ойыны

Қар жана ма?

Келінніңсөзі қандай, баланың сөзі қандай?

Ананың сүті мен баланың тілі бірдей-дейді, сонда қалай?

Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?

Тауық түс көре ме?

Адамның төбесі көкке жете ме?

Екі аяқ бір етікке сия ма?

Адамның қай жеріне нан піседі?

ІV. Үйге тапсырма: а) Тұрақты тіркестерді қайталау;

ә) «Менің мектебім» тақырыбында тұрақты тіркестері бар, шағын мәтін құрастыру.

V. Бағалау.

VI. Қорытынды. Бата беру.

Сыныбымыздың айы оңынан тусын 
Бізді көргенде елдің алпыс екі тамыры иісін! 
Арамыздан қыл өтпесін 
Білімді бес саусақтай біліп, 
Ешкімнің ала жібін аттамайық. 

Шашамызға шаң жұқпай, 
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болсын!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1192
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі