400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Түркі халықтарының музыкалық дәстүрі 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлем халықтары музыкалық аспаптарының жасалуы мен дыбысталуына қарай топтастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім: Әлем халықтарының музыкалық дәстүрі:

№25 Б.Момышұлы атындағы мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сауырбаева.А

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Түркі халықтарының музыкалық дәстүрі (жалғасы)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты ( оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.4 - ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалы-терминдерді пайдалану;

5.1.2.3 - әлем халықтары музыкалық дәстүрлерінің ерекшеліктерін анықтау

5.1.1.2 - әлем халықтары музыкалық аспаптарының жасалуы мен дыбысталуына қарай топтастыру;

5.1.1.1 - музыкалық жанр мен көркемдеуіш құралдарды анықтап, тыңдалған шығарманы талдау;

5.1.3.1 - музыкалық шығарманың көңіл күйі мен көркем бейнесін жеткізу.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

• түркі халықтарына жататын өзбек, қырғыздың музыкалық дәстүрін талқылайды;

• түркі халықтарының ән, би өнеріне, музыкалык аспаптарына байланысты акпарат тыңдайды;

• түркі халықтарының әуендерін тыңдайды;

• ән үйренеді; өзі жасаған жұмыстарды мүмкіндігінше бағалайды.

Оқушылардын көпшілігі:

• түркі халықтарына жататын өзбек, қырғыздың музыкалық дәстүрін талқылайды;

• түркі халықтарының ән, би өнеріне, музыкалық аспаптарына байланысты ақпарат іздейді;

• музыкалық аспаптар және батырлар жырының шығу тарихы жайында аңыздар мен әңгімелерді тыңдайды;

• түркі халықтарының әуендерін тыңдайды жэне мүмкіндігінше анықтайды;

• қырғыздың халық әнін үйренеді, орындайды; өз жұмыстарын бағалайды.

Кейбір оқушылар:

• түркі халықтарына жататын өзбек, қырғыздың музыкалық дәстүрін талқылайды және ақпарат іздейді;

• түркі халықтарының әэн, би өнеріне, музыкалық аспаптарына байланысты ақпарат іздейді жэне ерекшелігін анықтайды;

• түркі халықтарының әуендерін тыңдайды және анықтайды;

• қырғыздың халық әнін үйренеді жэне мәнерлеп орындауға тырысады;

• өз жұмыстарын таныстырады және бағалай біледі.

Бағалау критерийлері

• түркі халықтарының қазақ халқымен әдет-ғұрып, тіл, тұрмыс-салт, ұлттық киім, музыка мен поэтикалық өнердегі (ән, күй, жыр, терме, айтыс) ұқсастығы мен айырмашылығын, ән орындау дәстүрін, музыкалық аспаптарды ажыратады;

• әнді мәнерлеп орындайды;

• өз жұмыстарын таныстыра және бағалай біледі.

Тілдік мақсаттар






Оқушылар:

• түрлі халықтардың музыкасындағы ерекшеліктерді суреттейді;

• өзінің және өзгенің жұмыстарын жақсарту үшін өзгерістер енгізе алады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

• Қандай аспаптардың дыбыс бояуын (тембр) естіп түрсың?

• Бұл аспаптарды классификатор бойынша қай топқа жатқызуға болады?

• Көмеймен орындау ерекшелігін айтып бер.

• Неге ... осы аспапты таңдадың?

Құндылықтарды дарыту

Түркі халықтарының музыкалық дәстүріне құрметпен қарау және тындауға, түсінуте үйрету, мәдени құндылыктарды халық музыкасы арқылы оқушыларға дарыту.

Пәнаралық байланыстар

«Тарих» және «Жаратылыстану»

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақта алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы:

Амандасу. ҚР гимн. Дауыс ашу жаттығуы.

Өткен сабаққа тоқталайықшы.

--Түркі халықтарына қай халықтар жатады?

Қырғыз,Қазақ,Өзбек,Тува,Хакас,Башқұрт,Азербайжан,Татар.

---Бұл халықтарды неге түркі тілдес халықтар дейміз?

Дәстүрлері,музыкалық аспаптары, тілі ұқсас.


М. Оқушылармен бірге алдыңғы сабақта өтілген материалды пысықтап қайталайды.

Оқулық

Нота хрестоматиясы

Аудио-бейне

хрестоматия

Сабақтың ортасы












Сурет пен музыкасын тыңдай отырып жаңа сабақ тақырыбын ашу.

Топқа бөлу.Түрлі түсті қағаз арқылы.

«Қазақ», «Өзбек», «Қырғыз»

«Өзбек халқының музыкалық дәстүрі»

1-топ. «Қазақ»

2-топ «Өзбек»

3-топ «Қырғыз»

Бауырлас деп қай халықты айтамыз?Киімі,тілі,салты ұқсас.

Ендеше осы халықтардың музыкалық дәстүрімен музыкалық аспаптар ерекшелігіне тоқталайық.

Оқулықпен жұмыс. Музыкалық аспаптар суретімен танысу.

М. Өзбек халқы өте көне заманда пайда болған музыкалык өнерін мақтаныш етеді. Қазір оның мазмұны мен көркемдік құралдарға бай көптеген түрі бар. Заман талаптарына сай бейімделсе де, халық ата-бабадан қалған дәстүрін, музыкалық мұрасын қатты құрметтейді және жастар арасында насихаттайды. Әсіресе тұрмыс-салт музыкасы, дәспүрлі аспаптың шыгармашылыгы, дастан мен маком өнері, халық әндері, би өнері кең танымал.



Бауырлас халқымыздың мейрамдары мен ойын-сауықтары әнсіз, бисіз өтпейді. Осындай кездерде олар халық музыкалық аспаптарын, әсіресе гиджак, дутар, чанг, рубаб, дойра, сурнай аспаптарын көп қолданады.

!? Тыңдау.

М. «Өзбектің халық аспаптары» бейнетаспасын көрсетіп, оқушылармен бірге өзбектің халық аспаптары мен қазақ халық аспаптарын салыстырып талқылайды. Берілетін тапсырмалар:

- Өзбектің халық биі «Катта уйин» бейнежазба үзінділерін қарап көр;

- Музыкалық аспаптардың түріне және дыбыс бояуларына (тембр) көңіл бөл;

- Қазақтың халық аспаптарымен салыстыр. Өз пікіріңді айт.

М. Өзбек халқында дәстүр болып қалыптасқан би өнері. Өзбектерде би,ән бірге жүреді және ұлттық аспаптармен сүйемелдейді. Осындай үлгілердің бірі -өзбектің халық биі «Катта уйин». Бұрын бұл биді өзбек халық әртісі, балетмейстер М. Тургунбаева қойған еді.

Тыңдау: «Катта уйин».

«Қырғыз халқының музыкалық дәстүрі»

М. Біздің халқымыз бен көршілес жатқан қырғыз халқының арасында ұқсастықтар көп. Тілдеріміз өте ұқсас болуымен қатар, біздің әдет-ғұрпымыз, дәстүрлеріміз де бірдей. Қырғыз халық аспабы қомуздың дыбысын тыңдап көр. Сырт пішіні мен дыбысы біздің домбырамызға келеді.

Қырғыздар халық ақын-әншілерін ақынжәне ыршыдеп атайды. «Қырғыздар жырлаудан қиналмайды» деп бекер айтпаған, өйткені халық ақын-жыршылары кез келген тақырыпты өлеңдеріне қосып айта беретін болған. Халық шығармашылығының ең көне түрі саналатын жыр қазақ халқында да, қырғызда да бар. Жырдың негізі -батырлық жырлар.

Сөйте тұра, әр елдің өзіне ғана тән ерекшелігі де бар. «Манас» атты жырдың айналасына бүкіл қырғыз халқының жырлары шоғырланған. Осы жырларды орындайтын өнер иелерін қырғыздар манасшы деп атайды. Қазақ сияқты қырғызда да айтыс өнері кең дамыған. Айтысқа қатысушыларды айтышшыдейді.

Үш топ рапсырмаларын қорғау.

Сергіту сәті «Қара жорға» билеу.

■

(МК,¥) Ән үйрену.Әні:И.Нүсіпбаев.Сөзі:Х.Талғаров.

«Дос болайық бәріміз»


1.Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер .

Достық жырын біліңдер

Ту ғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер.

Қайырмасы.

Дос болаық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз ,сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

2.Қайраттанып қарышта .

Озып шыққан жарыста.

Батыл бас ,жасұлан!

Самға, биік ,алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа

Бойда күш тасыған.

3. Отан біздің панамыз

Аман болсын анамыз

Нұрлы күн сөнбесін

Бақыт болып жанамыз

Жарық біздің санамыз,

Қара бұлт төнбесін.

■

Оқушыларға мына талаптарды қою қажет:

1. Әнді мәнерлеп, әдемі айтуды талап ету.

2. Әннің ырғағын қол шапалағымен сүйемелдеу.


Оқулық, Нота

хрестоматиясы,

Аудио-бейне хрестоматия Интернет қоры:

1 .Узбекские

народные

иструменты

h

2. Узбекский танец


«Қатта уйин» хорео­графия М. Тургун-баевой

.



















3. Популяризация

кыргызских

музыкальных

инструментов

https://www.youtube.

com/watch?v=GJbuA

jYVmPA







Қырғыздың халық әні «Көл жағасында».


Сабақтың соңы

(Ө) Қосымша тапсырма:

Қазақ,Қырғыз ,Өзбек Музыкалық аспаптарын топтастыру.

Кесте ішінде.








Рефлексия:

Мен не білдім?

Бүгін мен не үйрендім?

Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?

Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?

Саралау-

Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-

Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Мұғалім кейбір қабілеті төмендеу оқушыларға көмек ретінде музыкалық үлгілер және аудио-бейне таспалары мен қарапайым тапсырмаларды ұсынады. Қабілеті жоғары оқушыларға проблемалық, шығармашылық ойлау мен музыкалық әрекеттерін дамытатын тапсырмалардыұсына алады.

Бақылау;

Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша;

Ән орындау кезінде оқушылар бірін-бірі өзара бағалайды.



Денсаулық сақтау технологиялары


Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаты/ оқу мақсаты дұрыс қойылған ба?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?


Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?


Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?


Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
2548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі