400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Түркілер туралы тарихи деректер 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сыныпқа сабақ беретін Қазақстан тарихы пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰМЖ тарауы: 6.1.ҮІ-ІХ ғасырлардағы Қазақстан

Алматы облысы

Талғар ауданы

Жаңалық ауылы

І.Жансүгіров атындағы №37 орта мектеп


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Исанова Нургул Капаевна


Сынып: 6

Қатысқандар -

Қатыспағандар -


Сабақтың тақырыбы

Түркілер туралы тарихи деректер


Зерттеу сұрағы

Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді?


Оқу мақсаттары

6.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру


Сабақ мақсаты

Барлығы: Деректерге сүйене отырып,түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіреді.

Көпшілігі: діндердің әралуандылығының себептерін талдайды.

Кейбірі: Түркілер туралы деректердің құндылығын бағалайды.


Ойлау деңгейі

қолдану


Бағалау критерийі

Түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін сипаттайды


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін талдайды, әртүрлі діндердің таралу ерекшеліктерін салыстырады, бағалайды


Негізгі ұғымдар: Конфессия,тәңіршілдік,манихейлік,зороастризм,

несториан,христиан


Диалог/жазылым үшін пайдалы сөздіктер:

Қазақ халқында тәңіршілдіктің сақталып қалған қандай дәстүрлерін білесіңдер?…

Түркі дәуірі кезінде неліктен Қазақстанда көп конфессия тарады?....


Талқылауға арналған сұрақтар:

Діндердің бір бірінен ерекшелігі неде?


Жазылымға арналған тапсырмалар: «Креативті матрица» әдісі,


Тарихи концепт

Дәлел


Құндылықтарға баулу

ұлттық сана-сезім,



Пәнаралық байланыс

География,дүниежүзі тарихы


Алдыңғы білім

Түркілер туралы тарихи деректерді біледі және оны қолдану жолдарын түсінеді


Сабақтың барысы


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер


Ресурстар


Басы



5 мин









Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру)

Топтастыру: 1,2,3,4

Болжау тапсырмасы.



Бұл суреттер нені білдіреді? Суретке назар аудара отырып,тақырыпты табу

-Бұл суреттен не көрдіңіздер?
-Суреттер бойынша қандай ой келді?
-Қандай сұрақтар туындады?
Оқушылардың пікірлерін тыңдалып, жаңа тақырыпқа шығу.
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері хабарланады.

ҚShape1 Б:Өзара бағалау

Оқулық.

суреттер







Ортасы

10 мин





























10мин











10 мин

ТЖ« Ойлан,бірік,бөліс»: -Деректермен жұмыс жасай отырып,діндердің таралуы мен түріктердегі тәңіршілдік туралы анықтайды.

1 топ.Тәңіршілдік.

Түркілер тәңірлік дінге сенді. Орхон-Енисей сияқты көне түркі жазба деректерінен ежелгі түркі тайпаларының бір құдайға сенгенін білеміз. Құдайларын «ТӘҢІР» немесе «КӨК ТӘҢІР» деп атаған. Бұған Орхон тас жазбаларындағы тәңір, түркі тәңірісі есімдері дәлел бола алады. «Жоғарыда көк аспан, төменде қара жер, арасында адам баласы жаратылғанда», - деп бастатын Орхон тас жазба ескерткіштеріне қарағанда, ежелгі түркілер тәңірлеріне көкте, әуелгісі мен соңы шексіз, теңі мен ұқсасы жоқ, өмір беруші, жаратушы, жәрдемдесуші, қамқоршы, жол көрсетуші, т.б. сипаттар бергені көрінеді. Сондай-ақ, түркі қағандарын таққа отырғызған, оны жорықтарында қолдаған, ал қаһарланса тақтан тайдырған Көк тәңірі деп білген.
Тәңірлік діннің негізі М. Қашқаридің еңбектерінде, «Күлтегін» жазуында және басқа да жазба деректерде жазылған. Тәңірі, Көк тәңірі түркілердің түсінігінде: жарылқаушы, өз сыры өзінде, адам түсінігінен тыс, ақылға сыймайтын құдірет иесі, тылсым нәрсе. Ол барша жаратылыстың тағдырын айқындаушы.Түркілерде Тәңірмен бірге отбасы және балалардың қамқоршысы Ұмай ана саналды.Тәңіршілдікте ата-баба рухына табынуға зор мән берілген.Қорқыт Ата халқты Тәңірмен жалғастырушы болған.

2 топ.Будда.Ертедегі наным сенімдермен қатар қала мен далаға дүниежүзілік діндерде тараған.Ұлы Жібек жолы діннің таралуында маңыды рөл атқарды.Ежелгі түріктер ҮІ ғасырдан бастап будда дінінің ықпалына ұшырай бастаған.Батыс Түрік қағанының будда дініне ізгілікті көзқараста болғаны жайлы Сюань Цзиянь жазып қалдырған.Зерттеулерге қарағанда будда діні Қазақстанның оңтүстігі мен жетісуда біршама кең жайылған.Осы аймақтардан будда ғибадатханалары мен монастырьлары,будда мүсіндері,рәсімдік қыш құтылар табылған.

3 топ.Христиан.Ұлы Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай христиан діні де тараған.Христиандық-неостриандық ілім ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларына ықпал етті.Бұған дәлел ретінде Ақбешім қаласының жұртынан христиан шіркеуінің қалдықтары табылған.

4.топ.Манихейлік және Зороастризм.

жолы бойымен Иранда ІІІ ғасырда қалыптасқан Жібек манихейлік дініде тараған.Манихейлікті таратуда соғдылар жетекші рөл атқарды.Манихей ілімін Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның отырықшы тұрғындары ұстанды.Бұл ілімнің Баласағұн мен Жікіл-Балық қалаларында ғимараттары тұрғызылған.

Ортағасырлық Қазақстан қалалары тұрғындарының арасында зороастра дінінің өкілдері де болған.Зороастра ілімі-суды,отты,жерді, ауаны құрметтеу негізінде Иранда б.з.б.ҮІІ-ІҮ ғасырларда қалыптасқан.Ол қазақ даласындағы жергілікті наным-сенімдер: отқа,текке,бабаларға,жануарлардан-қойға,жылқыға,түйеге табынумен тығыз араласып кеткен.Зороастризмнің-от жағатын мұнара сияқты құрылысының қалдықтары Қостөбе мен Қызылөзен қалаларының орнынан табылып зерттелген.

Дескриптор:

-Түріктердің наным-сенімін анықтайды;

-Әр-түрлі діндердің таралуын анықтайды.

ҚShape2 Б:Өзара бағалау

Жеке жұмыс.Берілген терминдердің анықтамасын сәйкестендіру

№

Терминдер

Сәйкестендіру

Анықтама

1

Конфессия


А. Христиан шіркеуінен бөлініп шыққан жеке ілім

2

Тәіршілдік


В. Суды,отты,жерді құрметтейтін ілім.

3

Манихейлік


С.Түркілердің наным- сенімі

4

Зороастризм


Д.Діни сенім

5

Неостриан


Е.Бейнелеу өнері мен музыканы дамытуда үлкен рөл атқарған

Дескриптор:

-Терминдердің анықтамасын анықтайды;

-Терминдерді жатқа айтады.

ҚБ.Екі жұлдыз бір тілек

ЖЖ.Ашық тест тапсырмасы

1.Көне түркілерде шамамен б.з.б.ІІІ ғасырдан бастап..........табыну болды.

2.Тәңіршілдікте................рухына табынуға мән берілді.

3.Түркілер ауруды емдеп,балаларды түрлі сырқаттардан қорғайды деп................сенді.

4.Орталық Азияның біраз елдерінде будда ілімін негізгі таратушылар................болды.

5.Бейнелеу өнері мен музыканы дамытуға..........дін ғұрыптарында мән берілді.

ҚБ: Смайликтер



Постер,

маркер


Деректер









































ҚБ парағы

































Аяқталуы

5мин




Қазақстан аумағында діндердің таралуына әсер еткен үш жағдайды атаңдар.

1...............

2..............

3..............

Кері байланыс - «Үміт ағашы»

Бүгінгі сабақ маған ________________ ұнады.

Бұл сабақта мен үшін _________ қиын болды.

Мұғалімге айтар ұсынысым__________________







Саралау

Бағалау

Денсаулық жəне қауіпсіздік

Техникасын сақтау



1.Оқушылардың өздігінен оқып-үйренуіне жағдай туғыза отырып,түркілер туралы тарихи деректермен жұмыс барысында қолдау көрсетемін2.Қабілетті оқушыларға дерекке сүйене отырып шағын эссе жаздырамын.

-Өзара бағалау

-Екі жұлдыз бір тілек

Бұл сабақта қауіпті құралдар қолданылмайды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
1306
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі