400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Түркістан-тарихи қала" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Аталған ашық сабақ рыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, алтынышы сыныпқа арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні

31.01.2020

Сынып

6 «А»

Мұғалім

Ахметбекова Б.С.

Сабақтың тақырыбы

Түркістан – тарихи қала (1-сабақ).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.1.1 – тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтауды; диалогте өз ойын жеткізе білуді; орта көлемді шығармаларды түсініп, негізгі ойды анықтауды; тақырып бойынша сызбалармен жұмыс істеуді; берілген деректерді пайдаланып, түйіндеме жазуды; ауыспалы келер шақтың қызметін біліп, ауызша және жазбаша жұмыстарда қолдануды үйрену.

Бағалау критерийлері

Сұрақтарға жауап беру – орта

Мәтінді оқып түсіну – жақсы

Тыңдалым бойынша мәтін құрып жазу – өте жақсы

Тілдік мақсаттар

Ауыспалы келер шақтың жасалу жолын, ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты ажыратуға үйрену.

Жаңа сөздер

кесене, зәулім күмбезді, тәу ету, тағзым ету, табыну, тайқазан, шығыс моншасы, гүлден, отырықшы, тарал, өрік, мейіз, тие, торап.


Сабақтың барысы

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Шаттық шеңберін құрып, бір- біріне жақсы тілектер айту.

Құрметті, ұстаздар, біздің оқушылар өз қалаулары бойынша отыр. Екі топтың көшбашылары бар.

Бірінші топтың көшбасшысы- Камила.

Екінші топтың көшбасшысы -Гульназ.

Сабағымызды мынадай керемет өлең жолдарымен бастағым келеді


Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой .
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.

Құрметті , оқушылар! Мен оқыған өлең жолдарында қандай қала атауын естідіңдер?

Дұрыс, Түркістан деген қала атауын естідік.

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын кім айтады?

Дұрыс Түркістан қаласына арналады.


Дәптерімізді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбын жазып қояйық.



Сабақтың ортасы

Сыныппен жұмыс. Оқылым және жазылым.

Тыңдалым және оқылым материалдарында кездесетін жаңа сөздермен танысамыз.

Жаңа сөздермен танысады. Оқушылардың алдарында беріледі.

Мәтін таратылады. Мәтін арқылы жұмыс жасайды.

1Мәтінді оқу.

2 Мәтіннен 5 тірек сөз тауып, жазыңыз.

3Мітін бойынша 1 сұрақ құрастырып жазыңыз.


Бұл жерде байқау керек. Егер15 минут уақыт кетсе, онда постер құрастыру қажет емес.


Тыңдалым.

Бейнематериал көрсетіледі. Оқушылар бір рет тыңдайды. Екінші рет тест сұрақтарына жауап береді.


Сергіту сәті

Поэзия минуты.


Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.

Тұранның тарихы бар отты желдей,
Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.
Тұранның жері менен суы да жат,
Теңіздей терең, ауыр ой бергендей.

Тұранның егі-шексіз шөлі қандай,
Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!
Тұранның дария аталған өзендері
Тасыса, шөлді басқан селі қандай


Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой .
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.








«Иә, жоқ» ойыны

  1. Түркістан қаласын ертеде Йасы деп атаған.
    2. Яссауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан.
    3. Түркістан шаһары Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан.
    4. Ол 15 ғасырда Оңтүстік Қазақстанның астанасы болған.
    5. Түркістанды «Бірінші Мекке» деп атаған.
    6. Қожа Ахмет Йасауи кесенесін Ахмет Йасауи салдырған.
    7. Яссауидің құнды шығармасы Диуани Хикмет деп аталады.

Бес жолды өлең құрастыру.

Түркістан, қала деген сөзбен


Сөйлемдерді дұрыс құрастыр.

Қала, Түркістан , қасиетті.

Түркістан ,деп аталған, ертеде, Йасы.

Философ, ақын, Қожа Ахмет Йасауи, екінші әулие.

Қожа Ахмет Иасауиге, кесене, XIY ғасырда, ақсақ Темір, орнатты.


Сабақтың соңы

Айтылым

Стигерге есімдерін жазып жапыстырады.


Үй тапсырмасы

Түркістан жайлы қосымша ақпарат дайындау.


Рефлексия

Сабақ барысында оқу мақсаттарына қол жеткізілді ме?

Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде?

Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді?

Сыныптағы психологиялық ахул қандай болды?

Жоспардан ауытқу болды ма?

Себебі неде?












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
2162
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі