15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Тұрлаусыз мүшелер
Сабақтың
тақырыбы: «Тұрлаусыз мүшелер»
Сабақтың
мақсаттары: Тұрлаусыз мүшелерді ажырату,
сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік
беру, бастауыш пен баяндауыштың байланысын
меңгеру. Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем
мүшелері туралы білімдерін кеңейте
түсу таза, сауатты жазу дағдысын
жетілдіру. Пән аралық және өмірмен
байланысты іске асыру, оқушылардың
білім алуға деген қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз ойын
тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Оқушыларды өз ана тілін сүюге, халқымыздың
ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі -
өнеге алуға, сол арқылы кішіпейілділік,
қайырымдылық, кеңпейілдік қасиеттерінің
қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың
әдіс - тәсілі: Топтық жұмыс, сұрақ - жауап,
ой қозғау.
Сабақтың
көрнекілігі: суреттер (төрт түлік),
слайд.
Сабақтың
барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық
дайындық.
Оқушыларды
тыныштатып, зейіндерін сабаққа аудару.
2.
Үй тапсырмасын тексеру: 65 - жаттығу.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
3.
Өткен сабақты қайталау
1.
Сөйлем дегеніміз не?
2.
Сөйлемнің қандай мүшелерін білесіңдер?
3.
Сөйлемнің қандай түрлері болады?
4.
Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
5.
Хабарлы сөйлем дегеніміз не№
6.
Лепті сөйлем дегеніміз не?
4.
Қызығушылықты ояту: «Ой қозғау» Суретпен
жұмыс.
Төрт
түлік туралы сөйлемдер құрастыру.
5.
Жаңа сабақ:
«Тұрлаусыз
мүшелер»
ЕРЕЖЕ:
Сөйлемдегі
бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем
мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды.
Оларға қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан?
қайда? т. б. сұрақтар қойылады.
Мысалы:
Айгүл
гүлді суарды.
Қонақтар
төрге отырды.
Біз
ұшаққа міндік.
Арман
жұмысқа кірісті.
66
- жаттығу “Ой қозғау”
Ауызша
орындалады.
Екі
бағанадағы сөйлемдерді салыстырып
оқу.
1
- топ: Жадыра келді. / Жадыра қалаға
келді.
2
- топ: Қоңырау соғылды. / Қоңырау қайта
- қайта соғылды.
3
- топ: Мал өседі. / Мал төлден өседі.
Су
ақты. / Су арықпен ақты.
67
- жаттығу “Ой шақыру”
Қарамен
жазылған сөздерге сұрақ қою.
Қарамен
жазылған сөздер бастауышқа қатысты
ма,
баяндауышқа
қатысты ма?
6.
Сергіту сәті «Айгөлек» әніне билеу.
7.«Өз
бетімен жұмыс»
68
– жаттығу.
Жаңылтпашты
оқып, жатқа жаз.
8.«Шығармашылық
жұмыс»
1
- топ: Өтірік сөз жанға қас
2
- топ: Ашу – ақылдың дұшпаны
3
- топ: талапты ерге нұр жауар
Әр
топ өздерінің мақал - мәтелдерін оқып,
мазмұнын ашады.
9.
Қорытынды.
Семантикалық
карта толтыру.
Сөздер
----------------- Тұрлаулы мүшелер
--------------------- Тұрлаусыз
мүшелер
қызық
таза
жүгірді
жақсы
күз
гүлді
10.
Бағалау
11.
Үйге тапсырма
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер.
Сабақтың мақсаты: тұрлаусыз мүшелер туралы білімдерін толықтыру; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; үлкенге және құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі: жеке суреттер, тірек-сызба, ойын құралдары
Сабақтың барысы:
1. Мотивациялық – бағдарлау кезеңі.
Тақтаға бетіне «ағаштың», «ағашқа», «ағаштан», «аз», «жасыл» сөздері жазылған гүлдер ілінеді. Оқушылар әрбір сөзге өзіне қатысты сұрақтары бар араларды қондыруы керек.
Қондырған сөздерінің дұрыстығын дәлелдету.
2. Операциялық – орындаушылық кезең.
Өз бетінше жұмыс: «Ойлан, тап» .
Мына өлең жолдарындағы «тіл» сөзі сөйлемнің қай мүшесі болып тұр?
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
(Қ.Мырза Әли)
Жан-жақты білімдерін тексеру.
[pic]
Мысалдар келтіріп кету.
Тірек сызба бойынша алған білімдерін тиянақтау.
Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс
ә) дәптермен жұмыс
Күн ретін жазу. Көркем жазу жолы.
72-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаздырып, оларды сөйлем мүшелеріне талдату.
(Тақтаға орындату)
73-жаттығу. Мақалды көшіріп жазғызу. Мәнін ашу, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің астын сызу.
74-жаттығу.
Жұмбақтарды оқытып, олардың шешуін тапқызу. Сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауышты табу. Тұрлаусыз мүшелерді тапқызып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айтқызу.
Сергіту сәті
75-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрату. 2-3 сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.
76-жаттығу. Өлеңді оқып, жатқа жаз.
«Бір сөз сөйлемнің әр түрлі мүшесі» ойыны.
Ойынның шарты: ойынға қатысушыларға суреттер беріледі. Суреттегі зат атауын бірде бастауыш, бірде тұрлаусыз мүше болатындай етіп сөйлем құрау.
3. Рефлексиялық- бағалау кезеңі.
Сәйкестендіру тесті.
Екі бағанда орналасқан сөйлем мүшелері түрлерінің атаулары мен сөздер тобын топтпстырады, сәйкестендіреді.
Тұрлаулы мүше қатты ренжідім
тәжірибелі мұғалім
мен қуандым
тұрлаулы мүшесі бар
Тұрлаусыз мүше жерді өлшеді
«Кім жылдам?» сұрақтарға жауап беру
1. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
2. Бастауыш дегеніміз не?
3. Бастауыш пен баяндауыштың арасына неге сызықша қойылады?
4. Асқар оқыды сөйлемінен баяндауышты тап.
5. Маржан жазды сөйлемінен бастауышты тап.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 78-жаттығу. Ережелерді жаттау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген