400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Түсті металлургия.Ауыр түсті металдар металлургиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Түсті металлургия.Ауыр түсті металдар металлургиясы 9 сынып Қазақстан географиясы бойынша сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Орал қаласы №42 «Ақ ниет» гимназиясы

Мұғалімнің аты-жөні: Рыскалиева Э

Сынып: « 9е»

Сабақтың тақырыбы

Түсті металлургия.Ауыр түсті металдар металлургиясы.

Сабақтың мақсаты

Қазақстанның түсті металлургиясының географиясы мен ерекшеліктерін, түсті металдардың қолданылуы мен өндірілуі жайлы түсінік қалыптастыру. 

Күтілетін нәтиже

1. Оқушыларды карта көмегімен талдау, салыстыру, себебін анықтау арқылы сабақ мақсатын ашуға жетелейді.

2. Өз ойын ашық айта алады.

3. Оқушының пәнге деген қызығушылықтары артады.

4. Барлық оқушылар қамтылады.


Сабақ түрі

аралас

Қолданылған әдіс-тәсілдер:

Талқылауға арналаған тармақтар:

«Жалғасын тап»әдісі. үй тапсырмасын сұрау

«Миға шабуыл» әдісі.

«Ойлан-жұптас, бөліс» әдісі жаңа сабақты меңгеру топтық жұмыс

« Карталар сөйлейді» әдісі картамен жұмыс

«Ойыңды тұжырымда»әдісі бекіту

«Сұхбаттасатын жұп»әдісі кері байланыс

Құрал-жабдықтар

Интербелсенді тақта, Қазақстанның экономикалық картасы, атлас, кескін карта, үлестірме парақтар,
стикерлер.

Пəнаралық байланыс

Химия пәні, әдебиет,тарих.




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы

2минут



Ойқозғау

7минут

Ұйымдастыру бөлімі . Оқушыларды түгендеу. Топ басшысын сайлап, бағалау парақшаларын тарату.

Үй тапсырмасын сұрау

«Жалғасын тап»әдісі. Сөйлемнің басы жазылған парақшалар оқушыларға таратылады, олар ойды жалғастырып, сөйлемді толықтырып айтады



Сабақтың ортасы 24мин














































«Миға шабуыл» әдісі. Түсті металдардың үлгілерін көрсетіп сабақтың мақсатын айту.

Слайд арқылы қысқаша оқушыларға мәлімет беру.

Қазақстандағы түсті металлургияның дамуы туралы бейнекөрініс көрсетіледі

«Ой қозғау»

1.Түсті металдар тарихына үңілсек.

2.Қ.Сәтбаевтың металлургияға қосқан үлесі

3.Елбасымыз  Н. Ә. Назарбаев  металлургия  саласында.

Осы үш тақырып бойынша үш оқушы мәліметтер береді


Тапсырма1

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы 4топқа

мәтінмен жұмыс беру


Тапсырма2 « Карталар сөйлейді» әдісі


1топ.Картадан мыстың кен орындарын және орталықтарын көрсету


2топ.Картадан полиметалл кен орындарын және орталықтарын көрсету


3топ Картадан никель мен қалайының кен орындарын және орталықтарын көрсету.


4топ Сәйкестік тест

Түсті металлургия орталықтарын шығаратын өнімі бойынша сәйкестендіру.

Шымкент мырыш, титан

Жезқазған алтын

Павлодар мыс

Риддер алюминий,

Өскемен қорғасын


Тапсырма3

Терминдермен жұмыс

коррозия
дюралюминий
мельхиор
флотация

полиметалл
концентрат






Интерактивті тақта,видеоматериалдар,ресурстар



















Қазақстанның экономикалық картасы атлас кескін карта







Интернет ресустар

Сабақтың соңы


8мин









Бекітуге арналған тапсырма:

«Ойыңды тұжырымда»әдісі Интербелсенді

тақтаға  бүгінгі сабақтың мәтінін толық ашатын,үлкен мағына білдіретін 10 сөз тіркесі жазылған.Сендер соған кезектесіп ғылыми тілмен қысқа,нақты жауап қайтарасындар.

1.Кенді байыту-кеннің құрамындағы компонентті біртіндеп алу

2.Полиметалл кені-құрамында басты металл қорғасын мен мырыш және басқа бірнеше металл кездесетін кен.

3.Шикізат факторы-металлургия уакыттарын орналастырудағы негізгі принцеп

4.Электр қуаты-түсті металлургия энергияны көп қажет ететін өндіріс.

5.Металургиялық база-ортақ шикізат,отын қорын пайдаланатын зауыттар тобы

6.Флотация-кенді басқа металдардан бөліп алу әдісі

7.Мыс қорытпалары-мыс пен басқа металдардың қоспасы.

8.Құрамдастыру-бір кәсіпорында технологиялық процесі ұқсас бірнеше өндірістердің жинақталуы.

9.Шоғырландыру-өндірістің ұштасуы

10.Түсті металлургия-металды өндіру,байыту,балқыту,дайын өнім алу,металл қалдықтарын өңдеуді іске асыратын өндіріс.




Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар. Қазір әрқайсыларың үстелге жақындап өзіне бестік бағаға бағалайтындар полиметалдың, өзін төртке бағалайтын оқушылар алтынның және үшке бағалаған оқушылар никельдің шартты белгілерін таңдап қалташаларға орналастырады. Әр оқушы өзін-өзі бағалағанымен, топта жұмыс атқарғандары бойынша бағалау парағына топ басшысы бағалайды.


Кері байланыс «Сұхбаттасатын жұп» Сыныптастарыңызбен талқылаңыз:

Өзіңіз үйренген үш нәрсе туралы

  • Не нәрсе оңай болды?

  • Не нәрсе қиын болды?

  • Не білгіңіз келеді?

Сабақтың соңында оқушылар стикер арқылы өз ойларын жазады

Үйге тапсырма§22тақырыпты оқу.Кескін картаға түсті металлургия орталықтарын түсіру





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
955
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі