400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Тəуелсіз Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен танысу.

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы тәуелсіз, мемлекет екені туралы түсінік беру, балалардың Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін жетілдіру. Мемлекеттік рәміздердің мән- мағанасын түсіндіру арқылы есте сақтау қаблеттерін дамыту. Балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілік: Қазақстан картасы, Ту, Елтаңба, Бәйтерек, Алматы, Астана,

Әдіс- тәсіл: көрсету, түсіндіру,сұрақ -жауап, әңгімелету.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбер: Сәлем саған Жер-ана

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман-есен болайық,

Бейбітшілікті қалайық

Өткен сабақты қайталау. Байланыс құралдары туралы балалардың ойларын білу. Қандай байланыс құралдарын білеміз?

-Телефон, компьютер, Факс , хат, құттықтау хаттары, сәлемдеме байланыс түрлеріне жатады. Байланыс қызметінің бұл аталған түрлерінің бәрі адамдардың тұрмысына өте қажет.

Факс- фотокөшірмелерді телефон желілері арқылы беру құрал. Сәлемдеме – пошта арқылы жіберілген сәлем- сауқат. Пошта –Хат, телеграмма, ақша, газет- журнал, сәлемдеме сияқты заттарды екінші жерге жеткізу. Балалар бұрынғы кезде адамдар қалай байланысқан? Хатты жазып көгершіннің аяғынна байлап жібереді екен хат-хабарды солай білген. Жаңа сабақ. Ал бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Тәуелсіз Қазақстан

Тәуелсіздік монументі қай қалада орналасқан? Алматы қаласында 1996 жылы Тәуелсіздік монументі ашылды. Оның биіктігі 28 м. Ескерткіштің бас жетекшісі Шотаман Уалиханов .1996ж 16 Желтоқсан-еліміздің ең үлкен басты мерекесі. 1991 жыл қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды.Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұбеков ,Ербол Спатайұлы, Ләззат Асанова қазақтың батыр қачарман ұл-қыздарының арқасында келді. Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ. Қазақстан Республикасының Рәміздеріне – Ту, Елтаңба, Әнұран жатады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түсі қандай?

-Қазақстан Республикасының Мемлекттік Туы –Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Және ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек алтын түсті.Тудың ені ұзындығының жартысына тең.

Қазаұстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында не бейнеленген?

Қ РМемлекеттік Елтаңбасының негізі –шаңырақ бұл отбасының бейнесі.

Тұлпар – дала дүлділі, ер-азаматтың сайгүлігі, жүйрік аты, Жеңіске деген жасымас жігердің қажымас қайраттың, тәуелсіздікке,бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні қай кезде орындалады? Әр мемлекеттің гимні болады, ол салтанатты жағдайларда орындалады.

Әнұран гимн туралы

Әнұран- бұл дыбыстық рәміз. 2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.Әуенін Шәмші Қалдаяқов , сөзін Жұмекен Нәжімеденов және еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев жазған. Қазақстан Республикасының ел басшысы кім? Қазақстан Республикасының ел басшысы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Сергіту сәті Төмен қарап жер көрдім

Жоғары қарап көкті көрдім

Оңға бұрылдым,

Солға бұрылдым

Егеменді елді көрдім.

Балалар Тәуелсіздік туралы қандай тақпақтар,мақалдар білеміз. Кім айтады?

Отанымның тірегі

Астанамның жүрегі

Мақтан етем өзіңді

«Бәйтерегім» киелі

Астанаға, Алматыға барғанымыз бар ма?

Ендеше Астана туралы әңгімелейік

1998 жылы 6 мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді.

1998ж 10шілде Қазақстанның жаңа елордасы- Астананың халқаралық тұсауы кесілді. Қаланың дәл жүрегінде орналасқан «Бәйтерек» мұнарасы арнайы мерекелер өткізетін орны. Бәйтеректің кешененің биіктігі -97 м. Үстіндегі шар диаметірі -22м, салмағы 300 тонна. Алып шар «Хамелеон» әйнектерінен жасалған. Күн сәулесінің түсуіне байланысты шар түсі ауысып тұрады. Жоба сәулетшісі- Норман Фостер жасаған екен.

Бәйтерек- Астананың басты символы.

Астананың қандай ғимараттарын білесіңдер?

Тәуелсіздік Сарайы- мемлекеттік ресми іс- шараларды, форумдарды, мәжілістерді кездесулерді,съездерді өткізу орны болып табылады.

Бейбітшілік пен келісім сарайы- әлемдік және дәстүрлі діндер т.б

Хан- Шатыр- Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы, т.б ғимараттары бар.Енді балалар мына сөздерді буынға бөліп , текшемен көрсетейік

Ас- та- на, Ал-ма-ты, Рә- міз- дер, Ел- таң- ба, Бәй- те-рек

Сабақты қорыту :

1 Тәуелсіз Қазақстан Республикасы елбасының аты-жөнін ата?

2 Біздің еліміздің туының түсі қандай ?

3 Қазақстан Республикасының Мемлекетік Елтаңбасында не бейнеленген?

Балаларды мақтап- мадақтау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
467
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі